Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы



Дата09.03.2023
өлшемі16,21 Kb.
#171550
Байланысты:
Әлеуметтану эссе (копия)
Экскурсия 2022-2023-1, sz lechebnoe-delo ch.2 , 2 ПЗ Зәр шығару реттелу-2022, Төлеген Мейірман презентация, ЛИКВОР-2023, Курс лекций по общественному здоровью и здравоохранению. Ч. 1, 3 апта, Абилханова Г.С. 1-006 гр Биохимия, Қазан төңкерісі Аминка, Lecture 2 Kinetic, Не навреди, Аканов-А.А.-Состояние-проблемы-и-перспективы-развития-образования-в-КазНМУ, 10 - Дәріс Білім, Құрбанова Аружан 2014

ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

ЭССЕ
Тақырыбы:Қазақстандық және өзге қоғамдардағы баспанасыз адамдардың әлеуметтік жағдайы.



Орындалған:Данебай П.Ә
Тексерген: Алиева М.Т
Қарағанды 2021

Баспана мәселесі қай елдеде ең өзекті мәселенің бірі екендігі анық.Қазақстанда әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі азаматтарды қолжетімді және сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады. Алайда қазіргідегідей демографиялық үрдіс кезінде баспанасыз адамдар шоғырын азайту мүмкін емес екені тағы анық. Яғни, адам саны мен тұрғын үйге деген мұқтаждық үнемі өсу үстінде болатын үрдіс екен. Бұл жалпы әлемдегі пропорция. Әзірге азаматтарын толыққанды жекеменшік пәтермен қамтыған ел жоқ. Қазақстан да әлем елдері сияқты тұрғындарының жайлы өмір сүріп, жарық та жылы, әрі жеке үйде тұруы үшін жағдай жасап отырған мемлекет.Бірақ баспана зарының ХХI ғасырда қара халықтың етінен өтіп, сүйегіне жеткені сондайлық, қазір жастар ертең дүниеге келер ұрпағының қай жерде қоныс теуіп, қайда тұрақтарын ойлап, қамығады. Қазақ үшін баспана өз үйі,өлең төсегі ғана емес,қазіргі заманда-әлеуметтік дәрежесін көрсетер индикаторы десекте болады. Шынында да, баспана мәселесі ірі қалаларда, әсіресе, Астана мен Алматы қалаларында шарыктап тұр. Одан соң Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау т.б. облыс орталықтарында шаршы метрдің бағасы басым. Үшінші кезекте – Алматы мен Астана маңындағы Талғар, Қалқаман, Арқалық т.б. шағын қалалардағы жекеменшік пәтерлердің де бағасы тура мағынасында аспандап тұр. Статистика жөніндегі агенттік деректеріне жүгінсек, қазір еліміздегі тұрғындар саны 19 миллионға да жетіп калдык. Бірак баспана мәселесі шешілер емес.Шын мәнінде, дамыған мемлекеттердің көпшілігінде эконом-санаттағы пәтер сатып алу үшін отбасылар 3,5-4,5 жыл ақша жинаса жеткілікті. Былтырғы есеп бойынша, АҚШ тұрғындарының өз қаражатына тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі бұдан да жоғары екен. Америкалықтар орта есеппен 54 шаршы метрлік пәтерді екі жылға жетер-жетпес уақытта сатып ала алады. Ал Германияда мұндай баспана сатып алу үшін жеткілікті қаражат жинау мерзімі – 4,5 жыл, Ұлыбритания мен Жапонияда – 6 жыл, Франция мен Италияда шамамен 7 жыл. Ал Қазақстан, Ресей мен Белоруссияда – 8-8,5 жыл деп есептелген

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет