Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Мәдениеттану» пәні бойынша оқу әдістемелік нұсқау


Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000



бет16/31
Дата05.06.2017
өлшемі2,05 Mb.
#17982
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000.


№9- сабақ.
1. Сабақтың тақырыбы: Ежелгі түркі мәдениеті.Жазу және әдебиет.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты: Қазақстан мәдениеті көне елдер өркениеті қатарына жатады.Б.з.д. І мж. орт. Қазақстанның кең байтақ даласына, әлеуметтік- экономикалық қатынастардың дамуына және шаруашылықтың прогрессивті түріне көшуіне байланысты алғашқы қауымдық тайпалардың орнына темір дәуірінің сақ тайпалары келді.
*оқыту: Білімді қалыптастыру;
*тәрбиелік: Еңбек тәрбиесі,,мамандыққа бағдарлау;
*дамыту: Жалпы қабілеттілікті дамыту;
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
6. Әдебиеттер:
.https://www.cia.gov/library/publications/the-world-factbook/geos/tx.html#People CIA World Factbook Turkmenistan
2. CIA World Factbook Afghanistan
3. Results / General results of the census / National composition of population. All-Ukrainian Census, 2001 (December 5 2001). Тексерілді, 5 тамыз 2007.
4. UNHCR: Census of Afghans in Pakistan
5.Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. НысанбаевАлматыҚазақ энциклопедиясыБас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1. Қазақ мәдениетінің түпкі негізі.
2. Ежелгі көшпенділер мәдениетіндегі мифология және космогония.
3. Қазақстан мәдениеті тарихындағы жазу мен әдебиеттің дамуы.
4. «Аңдық стиль» өнері.
5. Қазақтардың тұрмысы, салт-дәстүрі, рухани өмірі.
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Тақырыбы: Ежелгі түркі мәдениеті.Жазу және әдебиет.
Мақсаты:жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
1. Ежелгі түркі өркениеті және оның ерекшелігі.
2. Орхон Енисеи ескерткіші көне түркі жазбасы.
3. Түркі дүниетанымы мен қазақ дүниетанымындағы сабақтастық.
4.Күлтегін,Тоныкөк,Білге қаған жыры.Куле чор,Мойын чор ескерткіштері.Ертіс;талас жазбалары.
Түркілер - б.з V-XIII ғасырлары аралығында өмір сүрген. Олардың алғашқы мекені Алтай аймағы болған. Көне түркілердің Еуразия тарихынан алар орнын академик А.П.Окладников былай деп түйіндейді: “Сібірдегі көне түркілер Шығыстан гөрі Батыспен тығыз байланыста болды. Оның мәдениеті бұрын ойлағаннан да әлдеқайда бай әрі жарқын еді. Ертедегі Шығыс пен Батыстың мәдениеттері Байкалдың жағасы, Ангара мен Ленада сол кездегі өзіндік төл мәдениеттің орталығы бірде қосылып, бірде ажырасып тұрды. Оны білмей тұрып Еуразияның тарихын толық түсіну мүмкін емес. Археологиялық қазбалардан көргеніміздей Байкал өңіріндегі түркі қорғандарындағы қазба байлықтардың жолы Дон мен Дунайға дейін жетіп жатты”. Яғни көне түркілердің жері мен оның шегарасы біздің дәуірге дейін анықталып болған. Түркілер өздерін Алтайдан шықтық дейді. Ол туралы көптеген аңыздар да бар. Түркілер туралы орта ғасырдағы көрнекті ғалым Махмұд Қашқаридың “Түркі тілдерінің лұғатында” былай деген: “Ұлы Тәңір (Тенгри) айтады: Менің бір тайпа қосыным бар. Оларды түркі деп атап, күншығысқа қоныстандырдым. Кейбір тайпаларға ренжісем, түркілерімді қарсы аттандырамын!” Сондықтан түркілерге Тәңірдің өзі арнайы ат қойған. Жер жүзінің ең биік, ауасы таза бөлігіне қоныстандырып, “Өз қосыным” деп атаған. Оған қоса, “түркілер көрікті, өңі сүйкімді, жүзі мейірімді, әдепті, үлкендерін құрметтей білетін кішіпейіл, уәдеге берік, мәрт және сол сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болған ашық-жарқын жандар” деген. Түркілердің тарихына зер салар болсақ, оның бізге белгілі соңғы үш мыңжылдығының әр кезінде Қытайды, Үндістанды, Таяу Шығыста Египетке дейін және Еуропаны басып алған елдерде жүргізген саясаты жаңа айтып кеткен Махмуд Қашқари анықтамасының дәлелі. Себебі, түркілер жаулап алған жерлерінде қоғамдық қатынастарды өзгертіп, жаңа прогрессивтік формация қалыптастыруға септігін тигізді. Сонымен қатар шет жерліктерді мойындай бермейтін еуропалықтардың Цезарь мен Македонскийді емес, ғұн патшасы Аттиланы “Құдайдың қамшысы” деп атауы, оларға ренжіген Тәңір жіберген түркілердің қосыны деп қарау керек. Белгілі жазушы Е.Зарубин де өзінің Атиллаға арнаған романында осындай қорытындыға келеді. Түркілердің тағы бір ерекшелігі – олар ағылшындар мен голландтықтар және испан конкистадорлары сияқты өздері жаулап алған жердегі халықтарды жаппай қырып-жойып, геноцид жасаған жоқ. Себебі, түркілер алдымен үлкенді сыйлап, аруаққа тағзым еткен және зұлымдық дегенді білмейтін табиғат діні Тәңірге30 табынса, соңынан адамды ұлты мен нәсіліне бөлмей, барлығын ағайын деп қарайтын мұсылман дінін ұстанды.Түркі тілдері ресми болып табылатын Елдер мен автономиялық аймақтар.Ертедегі тұрандардың (түркілер, хиондар) Тәңір немесе табиғат діні б.д.д. VIII - V мыңжылдықтар арасында аңшылық дәуірде пайда болды. Ол қазіргі белгілі діндердің ішіндегі ең көнелерінің бірі болып саналады. Тәңір діні пайда болған кезде адам зұлымдық пен қайырымдылықты ажыратып бөлген жоқ, тіпті зұлымдықты білмеуі де мүмкін. Ол кезде адамның барлық дүниетанымы олардың арасындағы қарым-қатынастарға емес, табиғатқа бағынышты болғандықтан ол табиғат діні. Бұл дінді ұстанған түркілер аспанға, күнге, жұлдыздарға – яғни Тәңірге, сонымен бірге жер мен суға немесе Ұмайға табынды. Бұл дінде адамдарды қасиеттеріне қарай бөліп тұратын қайырымдылық және зұлымдық деген атымен жоқ. Яғни, бұл діннің негізгі мақсаты соңынан пайда болған зороастризм дініндегі немесе одан кейінгі жалпы философияның негізгі мақсатына айналған «зұлымдықпен күресу» кездеспейді. Көшпенділік дәуірде яғни б.д.д. I мыңжылдықтың бірінші жартысында пайда болған зороастризм діні, оның пайғамбары Заратуштраның (санскриттан ауд. – “Түйесі кәрі”) атынан шыққан. Сол заманда тұрандықтар Тәңір дініне сенсе, үндіирандықтар және олардың ішіндегі көшпенді арийлер (ауд. – малдың иесі, малшы) зороастризм дініне сенді. Оларды күнге табынушылар деп атайды. Зороастризмге дейін осы тайпалардың барлығы Тәңірге сенуі мүмкін. Себебі Ұлы далаға б.д.д. IV-III ғғ. үндіеуропалықтар келгенге дейін оны мекендеген байырғы тұрғындар – тұран тайпалары, оның ішінде ғұндар күнге табынғаны тарихтан мәлім. “Ғұндар өздерін Күннің ұлдарымыз деп санаған” дейді Сымь-Цянь. Басқа тарихшылар да осыны айтады. Ғұндар өздерінің хандарын шаньюй, сосын тяньжу деп атаған. Олар қытайдың басшыларына жазған хаттарына: “Ғұндардың тағына Аспан, Күн және Айдың ұлықсатымен отырған Ұлы тяньжу” деп қол қойған.АреалыКөне түркілердің атамекені Алтай мен Орта Азия. Осы аймаққа үндіеуропалықтар келгенге дейінгі петроглифтерден Күн бейнеленген әртүрлі суреттердің табылуына және үндіеуропалықтардың осы аймаққа келгенге дейінгі тұрған жерінен күнге табынудың іздерінің кездеспеуіне қарап Күнге алғашында ғұндар табынған деуге болады. Демек, Күннің мәңгі қозғалысын білдіретін “свастика” мен “крестің” пайда болу бастауы сол көне дәуірде жатыр. Сондықтан, проф. С.Г.Кляшторныйдың осы тайпалар бір дінге сенді деген пікірін қабылдауға болмайды. Махмуд Қашқари бойынша Түркі ӘлеміКөне замандағы хьон, немесе хиониттер, соңынан тарихта “Ұлы иозылар”, кидариттер немесе ақ ғұндар (ғұнэфталиттер) – олардың ұрпақтары қазіргі қазақ пен қарақалпақ құрамындағы кердері және мойтұн рулары. Жалпы, сол кездегі адамдардың ұғымында екі дүние (немесе екі әлем) болған. Ол - Тұран мен Иран. Қалғандарының барлығы маңызы төмен шеткері аймақтар немесе кейбір тарихшылар анықтағандай “жабайылар” болған. Осы уақытқа дейінгі тарихи деректерде Иранды үндіеуропалық отырықшы, ал Тұранды үндіеуропалық көшпенді тайпалар немесе арийлер деп шатастырып келді. Дұрысы Ирандықтар - ол үндіеуропалық тайпалар және олардың көшпенді бөлігі - арийлер, ал Тұрандықтар Авестада және басқа да деректерде кездесетін хьон (хион) және турлар, яғни көне түркілер.Соғыс өнері Ер Тоңға Сол замандағы ирандықтармен соғысқан түркілердің ұлы қолбасшысы Алып Ер Тоңға туралы б.д.д. VII ғасырда шыққан сол аттас дастанда: Алып Ер Тоңға келеді, Жүз мың әскер ереді, Жүз мың жебе кереді, Жер қайысқан қол еді. Тәңір сүйіп жаратқан, Әлемді өзіне қаратқан, Қаһарын жауға таратқан, Көк Тәңірінің ұлы еді, – деп Алып Ер Тоңғаның түркі екенін атап көрсетеді. Әбілқасым Фирдоусидің “Шахнаме“ дастанының негізгі кейіпкері Афрасиаб түркінің батыры Алып Ер Тоңға екені белгілі. Фирдоуси өз шығармасында Алып Ер Тоңғаның түркі дастанындағы барлық келбетін көп өзгертпей, сол күйінде сомдап берген. “Шахнаме” дастанының мазмұны мен сюжетіне және стиліне тереңірек үңілсек, онда ұлы шайыр Ә.Фирдоуси түркінің батырлық эпостарын “терісін кері айналдырып” өңдегені көрініп тұрады. Ол әдебиетте кеңінен қолданылатын әдіс және ол дастанның батырлық желісін күшейтіп, көркемдік мәнін тереңдете түседі. Көлемі Гомердің “Одиссеиінен” бірнеше есе үлкен ұлы дастан – “Шахнаменің” шоқтығының биіктігі - онда көне түркінің ерлік дастандарын жақсы өңдеп келістіре жырлай білуінде болса керек. Түркілердің соғыс өнерін сиқырлыққа теңеген Фирдоуси, “Сиқыршылар парсыларға садақ оғын жаудыратын жел мен қара дауылды шақырды” дейді. Жүсіп Баласағұн атақты Алып Ер Тоңғаның есімін кезінде тәжіктер \парсылар\ өзгертіп, оны Афрасиаб деп атап кеткенін оқырманға ескертеді: Тәжіктер оны Афрасиаб атаған, Елдерге ол көп ізгілік жасаған.Қажет білсең білім, ақыл, даналық, Қолға алуға дүниені қаратып.Тәжіктер де хатқа мұны түсірген, Кітапта жоқ болса кімдер түсінген! “Алып Ер Тоңға“ дастанының негізгі идеясы - Тұран елін сыртқы жаудан қорғау, түркі жұртын ішкі ынтымақ-бірлікке үндеу, туған жердің абырой-даңқын арттыра түсу. Өзінің идеялық мазмұны мен көркемдік дәрежесі жағынан біздің дәуірімізге дейінгі көне түркі дастандарының ішінде “Алып Ер Тоңғадан“ кейінгі аса маңызды туынды “Шу батыр“ дастаны. Махмұд Қашқари “Диуани лұғат ат-түрікте“ Шу батыр біздің заманымыздан бұрынғы V-IV ғасырларда өмір сүрген сақ билеушілерінің бірі екенін айтады. Дастанда ерте замандағы Шу өзені өңіріндегі мемлекеттің тарихы мен жер аттары туралы көптеген мағлұматтармен қатар Ескендір Зұлқарнайынның (Александр Македонский) түркі еліне жасаған әскери жорығы кезінде оның қырық әскері Шу батырдың таңдаулы қырық нөкерінен жеңілгеннен кейін бейбіт келісім жасағаны туралы баяндалады. “Авестада” арийлер өздерінің батырлары мен әскерлерін қанша мақтағанымен олар тұрандықтарды жеңді дегенді кездестірмейміз. Керісінше ирандықтар аттары жүйрік тұрандықтардан жеңілгені туралы бірнеше рет жазады. Осы қасиетті кітаптан тұрандықтар мен хиондықтардың ержүрек, жаугер тайпалар болғанын көреміз. Алып Ер Тоңға бастаған көне түркілердің ирандықтармен соғыстары негізінен Арал теңізі мен Сырдарияның бойында, яғни Орта Азия аймағында болғаны белгілі. Біз одан көне түркі тайпаларының бір бөлігінің б.д.д. VIII-VII ғасырларда және сол уақытқа дейін осы аймақта тұрғанын көреміз. Тұрандықтар мен ирандықтардың қайта-қайта соғысуына Ұлы даладағы адам мен мал санының өсіп, жайылымның тарылуы негізгі себеп болды. Тұрандықтардан жеңілген ирандықтар (арий тайпалары) Иранға, Үндістанға және Еуропаға көшуге мәжбүрленді. Барлық түркі халықтары мен угро-финдерді, жапон мен корей, манчжурлар мен т.б. палеоазиат халықтарын тұрандықтардың бүгінгі ұрпақтары деуге болады.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет