Қазақстан тарихы пәнінен ҰБТ-ға арналған VІІІ блок Мақсаты: Оқушылардың VІІІ блок бойынша алған білімдерін тексеру.
1. ЖЭС жылдары мал басы қаншаға жетті?
А. 16,3 млн. В. 29,9 млн С. 41 млн Д. 50 млн Е. 55 млн
2. Қай жылы Жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды?
А. 1919 ж. В. 1918 ж. С. 1920 ж. Д. 1921 ж. Е. 1922 ж.
3. Жаңа экономикалық саясаттың белгілері қандай болды?
А. Ауыл шарушылығына несие беру В. Сауда еркіндігі С. Жерді жалға беру Д. Берілген жауаптардың бәрі дұрыс Е. Азық-түлік салығы
4. 1921-1922 ж. аштықтың қазақ халқына тигізген басты зардабы қандай?
А. Қазақтар малынан айрылды В. Салық көбейтілді С. Демографиялық жағдай ауырлады Д. Шаруашылық тоқтады Е. Жұқпалы ауру тарады
5. 1921-1922 жж. Жүргізілген жер реформасының маңызы неде?
А. Берілген жауаптардың бәрі дұрыс В. Еңбекшілерді социалистік құрылысқа тартуда үлкен рөл атқарды С. Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді Д. Қазақ ауылындағы патриархаттық-феодалдық негізді әлсіретті Е. Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.
6. Ақмола және Семей облыстары қашан Қаз.АКСР құрамына кірді?
А. 1920 ж. В. 1922 ж. С. 1921 ж. Д. 1919 ж. Е. 1923 ж.
7. 1926 ж. халық санағы бойынша қазақтар республика халқының неше пайызын құрады?
А. 91% В. 61.3% С. 54.2% Д. 43.7% Е. 78%
8. ЖЭС қай жылға дейін созылды?
А. 1925 ж. В. 1929 ж. С. 1936 ж. Д. 1941 ж. Е. 1950 ж.
9. Республикада ЖЭС жылдары қанша трест болды?
А. 3 В. 5 С. 7 Д. 8 Е. 15
10. «Қазақ АКСР-де бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысы» қашан қабылданды?
А. 1924 ж. сәуір В. 1925 ж. қыркүйек С.1923ж. тамыз Д.1926 ж. мамыр Е. 1928 ж. маусым
11. ЖЭС-тің мәні неде болды?
А. Салғыртты салықпен ауыстыру В. Салықты салғыртпен ауыстыру С. Ақшалай салықтың енгізілуі Д. Сауда еркіндігі Е. Бірыңғай заттай салықтың белгіленуі
12. ЖЭС тің нәтижелері қандай болды?
А. Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді В. Күйзелген ауылшаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді. С. Өнеркәсіп қалпына келтірілді Д. Кооператорлар құрылысы шаруашылықтың барлық саласын көтерді Е. Барлығы дұрыс