«Қазақстан тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 7-сынып


I тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



бет7/16
Дата07.02.2022
өлшемі0,77 Mb.
#94120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
!Қазақстан тарихы.7 сынып 2020-21 ж. ТЖБ

I тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Бөлім

Тексерілетін оқу мақсаты

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма саны*

Тапсырма №*

Тапсырма түрі*

Орындауға берілетін уақыт*

Балл*

Бөлім бойынша жалпы балл

Қазақ-жоңғар соғыстары

7.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау

Жоғары деңгей дағдылары

1

1

ТЖ

8

4

15

7.3.1.1 Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының халықты жоңғар басқыншылығына қарсы жұмылдырудағы рөліне баға беру

Жоғары деңгей дағдылары

1

2

ТЖ

10

5

7.4.1.1 Жоңғар шапқыншылығының қазақ халқының шаруашылығына тигізген зардаптарын анықтау

Қолдану

1

3

ТЖ

8

6

XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы

7.3.2.2 Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау

Қолдану

2

4-5

ҚЖ

14

10

10

Барлығы







5

-

-

40

25

25

Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер



«Қазақстан тарихы» пәнінен I тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары



  1. XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайына әсер еткен факторларды талдаңыз.




Саяси фактор

Экономикалық фактор







Әлеуметтік фактор

Мәдени фактор







[4]


2. Қарақұм мен Ордабасы құрылтайларының ерекшеліктерін талдап, маңыздылығына баға беріңіз.



Қарақұм құрылтайының ерекшелігі

Ұқсастығы

Ордабасы құрылтайының ерекшелігі










Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының маңызына баға беріңіз:

[5]
3. Деректі және өз біліміңді қолданып, сұрақтарға жауап беріңіз

«Қайда барса да, қанқұйлы жоңғарлар қыр соңынан қалмаған қазақтар үріккен киік үйіріндей дүркіреп, жол-жөнекей дүние-мүлкін, бала-шағасын, кемпір-шалын, арық тұрық малын, үй-мүлкін шашып, түстікке барып, қойып кетті. Орта жүз – Самарқанның түбіне, Кіші жүз Хиуа мен Бұқар барып паналайды… Орта Азияның құм белдерінен шүйгін жайылым таба алмай, жаңа көршілерімен жауыққан қазақтар құдіретті Ресейдің шекарасына жүз салып, олардан қолдау мен қолғабыс іздейді»


Ш. Уәлиханов



  1. Жоңғар шапқыншылығының демографиялық жағдайға әсері


  1. Жоңғар шапқыншылығының егін шаруашылығына зардабы




  1. Жоңғар шапқыншылығының мал шаруашылығына зардабы


  1. Жоңғар шапқыншылығының сауда-саттыққа әсері




  1. Жоңғар шапқыншылығы қаншалықты ауыр болды?

[6]

4. Әбілқайыр ханның Кіші жүзді Ресей империясына қосудағы мақсаттарын анықтаңыз.

[4]
5. Деректі және өз біліміңді пайдаланып, Абылай ханның сыртқы саясатын түсіндіріңіз.


А.Левшин былай деп жазады: «Жауын сұсымен де, күшімен де сескендіре отырып, ол өз қалауымен біресе Ресейдің, біресе Қытайдың бодандығын қабылдауға мәжбүр болғанымен, шын мәнінде ешкімге де бой ұсынбаған тәуелсіз басшы болды»

[6]

Балл қою кестесі



Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымшаақпарат

1

Саяси фактор:
Тәуке хан қайтыс болғаннан кейінгі үш жүз арасында алауыздық болды.

1

Білім алушының берілген мазмұнға сәйкес дұрыс жауаптары қабылданады

Экономикалық фактор:
Жоңғарлардың шапқыншылығы және жұттың болуы дәстүрлі мал шаруашылығына кері әсер етті

1

Әлеуметтік фактор:
Шапқыншылықтың әсерінен халықтың жағдайының нашарлады. Халық саны азайды.

1

Мәдени фактор:
Халықтың қиын жағдайынан хабар беретін “Елім-ай” әні осы кезеңде дүниеге келді.

1

2

Қарақұм құрылтайы
1710 жылы өтті, Үш жүздің басы қосылды. Тәуке ханның кезінде болды.

1

Білім алушының берілген мазмұнға сәйкес дұрыс жауаптары қабылданады

Ордабасы құрылтайы
1726 өтті. Оны Кіші жүздің ханы Әбілқайыр хан жинады.

1

Ұқсастығы
Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресті ұйымдастыру мәселесі осы құрылтайларда қарастырылды.

1

Екі құрылтайдың маңызы
Осы құрылтайларда қазақтар қол біріктіріп, жоңғарларды жеңіп қазақ жерін ХVIII ғасырдағы ең қауіпті жаудан қорғады.

2

3

Демографиялық зардабы: Халықтың бір бөлігі құлдыққа сатылып кеткен. Қазақтардың үштен екі бөлігі қырғынға ұшырады.

1

Білім алушының берілген мазмұнға сәйкес дұрыс жауаптары қабылданады

Егін шаруашылығы . жоңғарлар егін алқаптарын қиратты, көктемде егіс егілмей, халық ашаршылыққа ұшырады

1

Мал шаруашылығы: шұрайлы мал жайылымдарынан айырылды, жоңғарлар малды айдап әкетті

1

Саудаға - сауда-саттық байланысы тоқтап, қалалар қирады

1

Жоңғар шапқыншылығының зардаптары өте ауқымды болды, себебі, халық өзінің күн көрісін қамтамасыз еткен шаруашылықтарынан айырылып, “Ақтабан шұбырынды” атанған қаралы күндерін басынан кешірді.

2

4

Ресей империясынан әскери қолдау табу, жоңғарлар басып алған жерлер мен қалаларды қайтып алу

1

Білім алушының берілген мазмұнға сәйкес дұрыс жауаптары қабылданады

Ресеймен сауда байланыстарын дамыту арқылы экономикалық ахуалды жақсарту

1

Ресеймен тату тұруды, башқұрттар мен Еділ қалмақтарының қазақ жеріне шапқыншылығын тоқтату, керуен жолдарының қауіпсіздігін қалпына келтіру

1

Әбілқайыр ханның өз мүддесіде болды, себебі, үш жүздің басын біріктіріп билік еткісі келді

1

5

Ресейдің бодандығын қабылдады, бірақ дербес саясат жүргізді. Сауда-саттық қатынастары дамыды, қолөнерді, егіншілікті дамытты.

2

Білім алушының берілген мазмұнға сәйкес дұрыс жауаптары қабылданады

Қытайдың бодандығын қабылдады, бірақ дербес саясат жүргізді. Керуен сауда-саттық байланыстарды дамытты.

2

Жоңғарларға тұтқын бола жүріп, достар тапты. Әлсірегенмен, бұл мемлекеттің қазақ жеріне қалқан болатындығын түсініп, жойылып кетуін қаламады

2

Жалпы балл 25




II ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет