Ќазаќстан тарихы


Ұжымды қалыптастыруға қажетті мұғалімнің кәсіби сапалары



бет12/18
Дата12.07.2020
өлшемі0,51 Mb.
#75138
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Байланысты:
Дип.-Балалар-ұжымын-қалыптастыруға-қажетті-мұғалімнің-кәсіби-маңызды-сапаларын-қасиеттері-анық
Эпид студ

2.3. Ұжымды қалыптастыруға қажетті мұғалімнің кәсіби сапалары.


Елбасы Н.Назарбаев Білім және ғылым қызметкерлерінің 2 сьөзінде "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр"- деген болатын Мұғалім -жалпы білім беретін оқу орындарында оқушыларды оқытып, тәрбиелеу қызметін атқаратын адам.

Мектептегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырып, жүзеге асырушы тұлға – мұғалім.

Мұғалім – жалпы білім беретін оқу орындарында оқушыларды оқытып, тәрбиелеу қызметін атқаратын адам.

Мұғалім-педагогикалық қызметпен кәсіби тұрғыда шұғылданушы, арнаулы дайындығы бар адам. Кәсіби тұрғыдан дайындығы жоқ барлық адамдар да педагогикалық іс-әрекетпен айналысады, бірақ тек мұғалім ғана педагогикалық заңдар негізінде жұмыс істей алады.

Мұғалімдік қызмет өсіп келе жатқан ұрпақтың тағдырына жауапты.

Мұғалім-бұл байырғы мамандықтардың бірі. Қоғамдық тәжірибені жас ұрпаққа беру және оларды өмірге, еңбек етуге даярлау қажеттілігі, оқу мен тәрбиені өз алдына дербес қоғамдық қызметке айналдырады. Мектеп ісінің дамуына байланысты мұғалімдік кәсіптік кең тарап, түрлі типті училищелер мен мектептерді штабты қызметке айналған. Осылайша мұғалімдік өз алдына мамандық болып танылды. Мұғалімнің міндеті мен қызметі оның қоғамдық өмірдегі ролі мен орны қоғамның әрбір даму кезеңінде өзгеріп отырады.

Тәрбие- обьективті , заңды, тарихи процесс, ал, ұстаздық қызмет- соның субьективтік бейнесі, тәрбиені іске асыратын адамның еңбегі. Алайда; ұстаз қызметі ұрпақ тәрбиесіне сәйкес келе бермейді. Яғни, ол күрес қарама-қайшылықтан тұрады. Ұстаздық қызмет пен ұрпақ тәрбиесі қарама-қайшылықтарды шешуден тұрады. Ұстаздық қызмет пен ұрпақ тәрбиесінің бірлігі мен ерекшілігі мына төмендегі құбылыстардан тұрады:


  • ұрпақ тәрбиесі жоғарыда айтқандай, алғашқы қауымдастықта пайда болса ұстаздық қызмет құл иеленуші дәуірде өмірге келді. Қоғам мүшелерін оқытып, үйретіп тәрбиелейтін қызмет керек болды.

  • Ұрпақ тәрбиесі ұстаздық қызметке қарағанда, ауқымды ұғым. Сондықтан ұрпақ тәрбиесі ұстаздық қызметтің ықпалында бола бермейді, осы жерде қарама-қарсылық пайда болады.

  • Ұстаз қызметінің негізі жас ұрпақты толық қамтып тәрбиелеп, қоғамның белсенді азаматы етіп дайындау. Бұл жерде дүниетанымдылығын, адамгершілігін, тәрбиесін, тәртібін т.б қалыптастыру;

  • Тәрбиенің негізгі мақсаты-қоғамның өндіргіш күшін дайындау. Ұстаз қызметінің негізгі мақсаты- сол өндіргіш күштің жан-жақты дамуына әсер ету, мүмкіндік беру, дайындау.

  • Ұрпақ тәрбиесінің құралы-жалпы қоғамдық қарым-қатынаста, қоршаған ортадан ұрпақтың өзінің іс-әрекет қимылынан т.б туындайды. Ал ұстаздық қызмет- кездейсоқ жалпы тәрбие ықпалын сауатты, саналы педагогикалық жолға салу;

  • Ұрпақ тәрбиесінде бәрі ат салысады. Ал ұстаздық қызметке арнайы педагогикалқы білімі бар азаматтар қатысады.

  • Барлық жағдайда ұрпақ тәрбиесінде ұстаз қызметінің алатын орны ерекше.

Ұрпақ тәрбиесіндегі ұстаздық қызметтің өзіндік құрамдас бөліктері болады:

  • ұстаздық қызметтің тұлғаны қалыптастыру жолындағы іытің мазмұнын, мақсаты мен міндетін, бағытын, ерекшелігін айқындау.

  • Ұстаз ұрпаққа түрлі ғылыми білім салаларынан мағлұмат беріп, өндіріспен таныстырып, рухани байлықты игертіп, қоғамдық қарым-қатынасқа үйрету және қоғамның жақсы азаматы етіп шығару;

  • Ұстаздың педагогикалық білімділігі, тәрбиеші ретінде өмірден алған, тәжірибесі, шеберлігі іштей сөзінуі;

  • Ұстаздың қасиеттері: саяси сауаттылығы, жұғымдылығы, көре білу, қызметті ұйымдастыра білуі, байқағыштығы, еңбекқорлығы, шығармашылық қасиеті және эстетикалық, этикалық мәдениеті т.б ұстаздарға тән ерекшеліктері.

Ұстаздың негізгі мақсаты-жас ұрпақты өмірге тәрбиелеу, оқыту, үйрету. Бұл педагогикалық мақсаттан туындайды. Педагогикалық мақсат дегеніміз-жас ұрпақты философиялық, экономикалық, саяси, адамгершілік, құқықтық, эстетикалық, биологиялық тұрғыдан қарап, жан-жақты білім тәрбие беріп, қоғамға қажетті, азамат етіп шығару.

Ұстазға тән кәсіби сапалар:

Педагогтың идеологиялық сеніміне оның өмірге, дүниеге көзқарасының қандай болып келуі де жатады. Егер мұғалімнің дүниеге материалистік тұрғыдан қарап түсіндіре алатын болса, өз шәкірттерін, дұрыс тәрбиелей алады.

Педагогтың қабілеті деп-педагог өз жұмысына икемді келіп, шебер болуын білдіреді.Педагогтың жұмысқа қабілеттілігі білім мен ған бағаланбай, оқу-тәрбие жұмысында қандай әдіс-тәсіл қолданып, өткізуімен бағаланады.

Педагогтың ұстамдылығы. Ұстамдылық дегеніміз- ашуланбай тек сабырлық білдіру емес. Бұл қасиет негізінде педагогтық өзін-өзі меңгеріп, ептілікпен, тәртіп бұзғандарды тәртіпке шақыру. Педагогтың ұстамдылығына өз сөзін өңдеп айтып , өзін-өзі бақылай алуы жатады. Педагогикалық әділеттілік пен абырой. Әділетті мұғалім оқушылар арасында абыройлы келеді. Бірақ абырой тек әділетті болып қана қоймай педагогтың өз жұмысына шебер келіп, көп еңбек сіңіруге де байланысты келеді.

Мұғалімге қойылатын талаптар бірін-бірі толықтырылатын бірнеше іскерлікке , қабілетке байланысты.



Ұстаздық қабілеттің түрлері мыналар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет