Коммунативті қабілет- бұл мұғалімнің педагогикалық процесстің барысында адамдар мен қарым-қатынас жасауға үйренуі. Қарым –қатынас тәсілдері ол алдымен, сөз сөйлеу техникасы, қимыл- бет құбылысын игере білуден басталады.
Ұйымдастырушылық қабілет- оқушылар ұжымына дұрыс басшылық жасап, оны ұйымдастыра білу, оқу мен тәрбиеге байланысты міндеттерді орындауда оқушыларға бағыт беріп, рухтандыру, белсенділермен жұмыс істей білу, оқушылардың өзін-өзі басқару ісіне басшылық жасау, ата-аналармен және жұртшылықпен жұмыс істеу, сынып ұжымын оқушыларға педагогтік ықпал жасайтын құралға айналдыру, ұстаз өз жұмысын ұйымдастыра білу.
Достарыңызбен бөлісу: |