1.3 А.С. Макаренконың ұжым туралы тағылымы.
Көрнекті кеңес педагогы А.С. Макаренко көп жылғы тәжірибесін қорытындысын қорытындап, коллектив (ұжым) тәрбие жұмысының ең басты формасы деп санады. Ол: "Тәрбие бірлігі мол, күшті, әсерлі мықты коллектив құру арқылы ұйымдастырылуыға тиіс",- деп атап көрсетті.
А.С.Макаренконың пікірінше, оқушының әр қимылы, оның әр сәттілігі немесе сәтсіздігі ортақ істің айналасында бүкіл коллективтің сәттілігі немесе сәтсіздігі деп бағалануы тиіс. Топтасқан оқушылар коллективіне, сондай-ақ онда жағымды дәстүрлер мен қызықты перспективалардың, өмір мен қызметтің сергек, жарқын жүзді сарынының болуы, кемшіліктерді батыл сынай және сынды дұрыс қабылдай білу тән.
А.С.Макаренко: "Коллектив дегенміз - бұл әлеуметтік жанды тұлға. Себебі оның ұйымдары, ол ұйымдардағы уәкілдіктері, жауапкершілігі, ұйымдардың арақатынасы, өзара тәуелділігі бар, егер ондайлардың ешқайсысы болмаса, онда ол коллективте бола алмайды, жай ғана тобыр немесе жиынтық болады," - деді.
А.С. Макаренко тағылымы ұжымы сатылы қалыптастастырудың егжей-тегжейлі технологиясынан тұрады. Ол ұжымның өмір сүру заңын былай түсіндіреді: қозғалыс - ркымның өмір сүру формасы; тоқтау - оның жойылу формасы. Әйгілі педагог ұжымның даму принциптерін анықтады (ашықтық, жауапкерлі тәуелділік, перспективалық, бірлікті әрекет).
Ұжым болу үшін, топ сапалы тіктелу жолынан өтуі қажет. Осы жолда
А.С. Макаренко бірнеше сатыларды белгілейді.
Бірінші саты - ұжымның құрылуы (алғашқы бірігу сатысы). Бұл кезеңде ұжым педагог тәрбие жұмысының мақсаты ретінде көрінеді, мұның өзі ұйымдасқан, белгіленген топты (сынып, үйірме т.б.) ұжымға айналдыруға талпыну, яғни оқушылардың ұжымға қатынасы бірлескен іс-әрекет мазмұнымен, мақсат-міндеттерімен, құндылықтарымен анықталады. Ұжымның ұйымдастарушысы - педагог, барлық талаптар осы педагогтан басталады. Ұжым белсенділері анықталып, тәрбиеленушілер жалпы мақсатқа, іс-әрекетке және ұжымдық бірлікке келгенде бірінші кезең аяқталады.
Екінші сатыда белсенділердің ықпалы арта түседі. Енді белсенділер тек педагогтардың талаптарын қолдап қана қоймай, ұжым мүшелеріне ұжымға не пайдалы, не зиянды екенін байқатып, өз түсініктері бойынша басқара бастайды. Егер белсенділер ұжым қажеттілігін дұрыс түсінсе, онда олар педагогтың сенімді көмекшілеріне айналады. Бұл кезеңде белсенділер жұмысына педагог көп көңіл бөлу керек.
Екінші кезең ұжым құрылымының тұрақтауымен сипатталады. Бұл сатыда ұжым бүтінделген жүйе ретінде көрінеді, онда өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі реттеу механизмдері іске қосыла бастайды. Ұжым өз мүшелерінен белгілі - бір қылықтар нормаларын талап ете бастайды, ал талаптар біртіндеп кеңейе береді.
Бұл сатыдағы педагогтың басты мақсаты - осы ұжымның алға қойған міндеттерін шешу мүмкіндіктерін мейлінше көп пайдалану.
Тәжірибе жүзінде әр ұжым - дара оқушының жеке дамуын мақсатты бағыттайтын тәрбие субъектісі ретінде танылуы тиіс.
Ұжымның бұл сатыда дамуы кейбір қарама-қайшылықтарды жеқумен байланысты, атап айтқанды:
- ұжым мен жеке оқушылар арасындағы;
- жалпы және жеке перспективалар арасындағы;
- әр қилы ерекшеліктері бар оқушылар топтары арасындағы т.б. Сондықтан ұжым дамуында секірістер, тоқыраулар, өзгерістер мен ауысулар болмауы мүмкін емес.
Үшінші және одан кейінгі сатылар ұжымның кемелденуі. Алдыңғы даму сатыларында қол жеткізген қасиеттер киелі тұлғалық ерекшеліктерді топтастырады: жолдастарына қарағанда өзін жоғары талап қоюы, көзқарастарының, әдеттерінің, әрекет-қылықтарының тұрақтануы. Егер ұжым осы сатыға жетсе, онда толыққанды, адамгершілікті тұлға қалыптастыру үстінде деген сөз. Жалпы тәжірибе, болған оқиғаны бірдей бағалай білуі -үшінші сатыдағы ұжымның ең негізгі белгісі.
Барлық даму сатыларында ұжым үлкен және кіші дәстүрлерді қалыптастырады. Дәстүрлер тәрбиеленушілерді эмоционалды қабылдайтын әдет-ғұрып, ниет арқылы жасалатын ұжым өмірінің тұрақты формалары. Дәстүр жүріп-тұру нормаларының бекуіне көмектесіп, ұжымдық мәселелерді бірлікті шешу қабілеттерін дамытады, өмірді қызықты етеді.
Ұжымда мақсатты таңай білу маңызды рөл атқарады. Тәрбиеленушілер мұрат еткен мақсат перспектива деп аталады. Адам өмірінің негізгі стимулы -ертеңгі қуаныш. Тәрбиеленушіге түсінікті перспективалы мақсат -қиыншылықтар мен кедергілерді жеңіуге көмектесетін үлкен күш.
Тәрбие жұмысы тәжірибесіне перспективаның үш түрі кездеседі, олар: жақын, орташа, және алыс перспективалар.
Достарыңызбен бөлісу: |