Қазақстанда жоғары білім алудың қазіргі жүйесі мен даму тенденциялары Қазіргі қоғамымыздың қарқынды жетілуі мен еліміздің стратегиялық дамуында жоғары білім беру жүйесін жетілдіру ең өткір мәселелердің бірі болып саналады. Бұл мәселені шешуде әлі де қарқынды жұмыстар жасалып келеді және жасалуда. Осы он жылдық ішінде Мемлекеттік жоғары білім беру саласында айтарлықтай жүйелі өзгерістер болды. Соның ішінде:
Институционалдық құрылымдарда, оқыту бағдарламалары мен түрлерінде, білім беру нарығы мен еңбек сұранысына сәйкес, өнімділікті кеңейту(диверсификация) жүргізілді;
Қазіргі таңда ҚР жоғары білім алудың жаңа кезеңі деп – Болондық жүйе стандартына толықтай өтуін айтамыз. Болон Конвенциясы білім беру сапасын жақсартуға – оқытудың кредиттік технологиясы бойынша студенттердің сабақтарына өз бетінше дайындалуын талап етеді. ҚР-дың «Ғылым туралы» қабылданған Заңы Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін дамытуға ықпал етеді».
Біздің білім жүйесін басқалардан артта қалып қояды деп айтуға болмайды. Кейбір реформалар бойынша біз Ресей мен ТМД-ның басқа елдерінен алдамыз. Қазақстандағы жоғары білім берудің теориялық негізі өте мықты. Бұл жағдайдағы тек бір кемшілік – білім берудің тəжірибелік қырының, яғни тəжірибенің болмауы. Ғылыми айналымда «білім тек жеке бір мемлекеттің ғана емес, бүкіл елдің жетістігі болып табылатын білім транснационализациясы» сияқты термин қолданылады. Біз Батыс Еуропаның, АҚШ жəне т.б. теорияларын оқимыз. Сондай-ақ, егер басқа елдерде аз қызығушылықты тудырмайтын қазақстандық ғалымдардың еңбектері мен теорияларымен таныс болса жақсы болар еді. Бұл еңбектер əлемдік ғылыми қауымдастыққа таныстырылуы тиіс.