Жер-су реформасы Жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды - 1921 жылғы сәуірде Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды, Нәтижесінде - Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды, Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді, 1921 жылы Жетісуда жер реформасы жүргізілді, Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды, 1 млн десятинадан астам жер қоры құрылды, Ауылдарды Кеңес өкіметінің нығаюы мен қазақ еңбекшілердің мемлекеттік және шаруашылық құрылысын тарту кезінде ерекше роль атқарған - 1921 жылы Қосшы одағы құрылды, 1930 жылдан Кедей одағы болып өзгертілді, 1921-1922 жылдардағы жүргізілген жер реформасының маңызы - Отаршылдық аграрлық саясатқа қарсы соққы берді, Қазақ ауылындағы патриархаттық-феодалдық негізді әлсіретті, Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.э