Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер Қазақстан тарихы



бет3/4
Дата26.09.2023
өлшемі3,89 Mb.
#182499
1   2   3   4
Байланысты:
Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
Этногенез – этностың пайда болуының тарихи үдерісі.
2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
Ерте темір дәуірінде Қазақстан территориясын мекендеген тайпалар, түрік дәуірінің халқы мен XIV-XV ғғ. аралығындағы ру-тайпалардың арасында байланысты анықта, олардың антропологиялық ерекшеліктерін салыстыр және қорытынды жаса.

Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері

Антропологиялық сипаты

Мәдениеті, тілі

Аумағы, саяси құрылымы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері
Б.з.б. І мыңжылдықта қазақ жерінде өмір сүрген сақ, үйсін, қаңлы тайпалары тілі жағынан иран тілдес, ал бет-келбеті жағынан еуропеоидтік нәсілге жатқан, яғни андрон тайпаларына ұқсас болды. Осы ертедегі тайпалардың тұрмыс-тіршілігі, салты кейінгі замандарда өмір сүрген қазақтардың өміріне өте ұқсас болған. Қазақстанға шығыстан келген ғұн тайпаларының араласуы нәтижесінде VI-IX ғасырларда монғолоидтық белгілер дами бастады.
Түрік дәуірінде түрік тілдес монғолоидтық ру- тайпалардың миграциясы нәтижесінде араласу бұрынғыдан да күшейіп, монғолоидтық белгілер тереңдей бастады. VI ғасырда ежелгі түрік мемлекеттері - Түрік, Батыс Түрік қағанаты, Шығыс Түрік, кейінірек Қарлұқ және Оғыз мемлекеттері, Қимақ қағанаты мен Қыпшақ хандығы құрылды.
Моңғолдардың жаулап алуына байланысты Қазақстанда антропологиялық процестер жаңа өзгерістерге ұшырайды. Моңғол тайпалары түркіленіп, моңғолдық сипаттан ажырайды. Ал жергілікті ру- тайпаларда моңғолдық тұрпат күшейе түсті. Қазақ жерінде жаңа этникалық топтар пайда бола бастады. Бұл үрдістер қазақ халқының халық болып қалыптасуын 150-200 жылға кешеуілдетті.
ХІІІ-ХV ғғ. Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы мен Моғолстан хандықтарындағы этносаяси құрылым қазақ халқының халық болып қалыптасуына зор әсерін тигізген, себебі, олардың құрамындағы қыпшақ, арғын, найман, дулат, қаңлы, т.б. тайпалар кейін қазақ халқының негізін құрады.
ХV ғасырда тайпалардың Керей мен Жәнібек сұлтандар төңірегіне шоғырлануы бір ел болып қалыптасуын тездетті. ХІV-ХV ғ. алғашқы жартысында Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар қазақ тілінде сөйледі. Әр түрлі тайпалар топтасып, олардың арасындағы айырмашылықтар жойылды, сөйтіп қазақ халқы қалыптасты.
Дескрипторы:
1. Әр кезеңдегі тайпаларды атайды;
2. Әр тайпаның антропологиялық сипатын атайды;
3. Әр тайпаға тән шаруашылығын, тілін, дінін атайды;
4.Әр тайпаның мекендеген аумағы мен мемлекеттерін атайды;
5. Әр кезеңдегі өмір сүрген тайпалардың ерекшеліктері мен өзара байланысы туралы қорытынды жасайды.
6. Қазақстандағы этникалық процестерді түсіндіру үшін «антропогенез»,«этногенез»,«этнос»ұғымдарын пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет