Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихнамасы Қазақстанның XX ғасырдағы тарихы алуан оқиғаға байлығымен, ең бастысы, Кеңестік қатаң идеологиялық қысым мен одан азат болуға ұмтылуы Отандық жылнаманың негізгі бөлігі болып табылады. Тарихи қырынан алып қарағанда, бұл - ең алдымен, адам табиғатын шет-шегі көрінбейтін ұзақ уақыт бойы сынақтан өткізудің, сондай-ақ осы жағдайдан шығудың және ұлттық-мемлекеттік егемендікке жетудін оңтайлы қазақстандық моделінің шежіресі. Екінші жағынан, марксистік ілімге негізделген кеңестік кезеңдегі отандық тарихнама ғылым дамуының денгейіне толығымен сәйкес келетін дүниетанымдық картинаны бере алмайды, өйткені оның өзі кеңес мемлекетінің жүйесіне үйлестірілген және оның идеялық-саяси қажеттіліктерін өтеуге бағытталған ерекше ғылыми-саяси феномен болатын. Бірінші кезекте бұл кеңестендіру мен кеңестік жаңғырту кезеңдерін соңғы онжылдықтарда пайда болған тарихи-пайымдық бағыттардың [«ақпараттық» (А. Тоффлер), «технотрондық» (3. Бзежинский), «ғылыми-рационалистік» (Ю. Хабермас), «техникалық-ақпаратгық» (Дж. Мартин, Т. Гувер), «өркениеттік-тартысты» (С. Хантингтон) т.б.] тұрғысынан түсіндірудегі әдіснамалық көзқарастарға қатысты еді.