Саясат ғылым-саясат қоғамдық-саяси өмірдің маңызды бір саласы жөнінде білім көзі
Саясаттану- саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынасы туралы ғылым. Саясаттанудың зерттеу объектісіне қоғам өмірінің барлық салалары жатады. Ол саясат туралы жалпы, құрама, жинақталған білім береді.
Қазақтың бірінші философы, әлеуметтанушысы, математигі, астрономы, физигі, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан Әл-Фараби 870-950 жылдары өмір сүрді. Бабамыз ғылымның сан саласы бойынша 160-тан астам трактаттар жазып, артына мол мұра қалдырды. Саясаттануға байланысты “Рахымды қала тұрғындарының көзқарастары”, “Азаматтық саясат”, “Бақытқа жету жолдары”, “Саясат туралы” деген еңбектері бар