Қазақстандағы сүт өнеркәсібінің шикізат базасының сипаттамасы



бет1/6
Дата23.12.2021
өлшемі41,77 Kb.
#128186
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сро
Сро , Сро , Сро

РЕФЕРАТ

( Қазақстандағы сүт өнеркәсібінің шикізат базасының сипаттамасы)

Орындаған: Ардак Айерке

Группа: БДТ-901

Тау-кен өнеркәсібі салалары темір рудасын асбест, боксит, энергетикалық көмір және т.б. өндірумен байланысты қалыптасты. Олар өткен ғасырдың 1960 жылы дами бастағанмен, аудан экономикасында қазіргі уақытта маңызды рөл атқарады. Қара металлургия темір кенін өндіру мен оны байытуға негізделген. Ол Соколов-Сарыбай және Лисаковск КБК болып табылады (шөгінді қабаттардағы кен орындары). Кендегі темірдің мөлшері орта есеппен алғанда 34,3%, бірақ оны пайлаланудағы бір мөселе оның құрамында фосфор болуы (0,48%). Кәсіпорын кен қорымен 80 жылға қамтамасыз етілген. Ақсу ферроқорытпа зауыты темірдің кремниймен, марганецпен, хроммен қорытпасын өндіруден республикада 1-орын алады. Ол шикізат ретінде Батыс Қазақстанның хромитін және Орталық Қазақстанның марганец кендерін пайдаланады. Түсті металлургия салаларынан боксит өндіру дамыған (Арқалық қаласының маңында). Алюминий шикізаты дүние жүзіндегі ірі зауыттардың бірі саналатын, алюминий тотығын өндіретін республикадағы жалғыз Павлодар алюминий зауытына жіберіледі.

Мұнай өнімдерін еңдеуден шығаратын зауыт Павлодарда жұмыс істейді. Республика бойынша 2-ші орында (жылына 2 млн тоннадан жоғары). Солтүстік Қазақстанның машина жасау және металл өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары шығаратын өнім-ауыл шаруашылығы машиналары - АӨК-ке қызмет етеді. Астанада орналасқан зауыттар («Астанаауылмаш», «Қазақауылмаш») шөп шабатын, шөп жинайтын машиналар, сұйықтарды айдайтын насостар шығарса, Павлодарда - тракторлар, Макинскіде - олар үшін қосалқы бөлшектер, ал Қалқаманда - бульдозерлер шығарылады. Бқл салалар тасымалданып әкелінетін шикізатпен жұмыс істейді.

Солтүстік Қазақстанда куатты электр стансалар - Екібастұздағы МАЭС-1 (куаты 4 млн кВт/сағ) ЖӨН6 МАЭС-2 (1 млнкВт/сағ). Екібастұз және Майкүбі алаптарында тек Қазақстанды ғана емес, ЖЭС-терін қамтамасыз ететін қоңыр және тас көмір өндіріледі. Құрылыс өнеркәсібінің кәсіпорындары кірпіш, темір-бетон конструкцияларын шығарады (Астана мен Қостанай). Құрылыста пайдаланылатын тастарды Атбасар мен Шортанды карьерлерінен алады. Бұдан басқа, жергілікті құрылыс материалдарын - тас, саз, пістасты қолданады.

Ауыл шаруашылығы

Солтүстік экономикалық ауданда Қазақстандағы ең дамыған АӨК орналасқан. Солтүстік Қазақстан - еліміздің ең үлкен астықты ауданы. Қаpa топырақты жерлердің мол болуы егін шаруашылығынын, дамуына игі әсерін тигізеді. Негізгі маманданған саласы (егістік жердің 80%-ы) - жаздық бидай өсіру. Дәнді дақылдар егістіктерінің ең үлкен аумақтары Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында орналасқан (3 млн га-дан астам).

Бұдан басқа, мұнда сұлы, арпа, күздік бидай және қарақұмық псіріледі. Экономикалық аудан жалпы астық жинаудан Қазақстанда алдыңғы орын алады (67%), сонымен бірге оның басым белігі үш облыстың - Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының үлесіне тиеді. Техникалық дақылдардың үлесі (күнбағыс, зығыр, қыша т.б) көп емес, дегенмен күнбағыстан алынатын өнім біршама жоғары - республикадағы жалпы өнім жинаудың 11%- ын құрайды.

Қала маңдары мен өзен аңғарларында көкөніс, картоп және бақша дакылдары өсіріледі. Бұл дақылдардың жалпы жиынтық үлесі 15%, бірақ бұл аймақтың бүкіл халқын қамтамасыз етуге жеткілікті. Аймақтың ауыл шаруашылық жерлерінің басым бөлігін (25%- дай) азықтық дақылдар - көп жылдық шөптесін өсімдіктер, жүгері, азықтық қызылша алып жатыр. Аймақта сүтті, етті-сүтті бағыттағы ірі қара мал өсіруге болатын жайылымдық және шалғындық жерлер де мол. Сонымен қатар қой, жылқы, құс және шошқа шаруашылықтары да дамыған.

Тамақ және жеңіл өнеркәсіптердің дамуына ауыл шаруашылық базасының бай болуы ықпалын тигізеді. Тамақ өнеркәсібі салаларының (ет, ұн тарту-жарма, сүт, май шайқау) аймақ экономикасында алар орны ерекше.

Сүт және май шайқау салалары сары май, ірімшік, құрғақ сүт өндіруге маманданған. Аймақ бойынша орта есеппен жан басына шаққандағы орташа республикалық, көрсеткіштен 2 есе көп. Барлық қалаларда (кейбір ауылдық елді мекендерде) жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары бар. Олар тері, тоқыма және тігін өнімдерін шығарады.

Аймақтағы тасымалданатын жүктің 20%-дан астамы автомобиль көлігінің үлесіне тиеді. Осылардың нәтижесінде Солтүстік Қазақстанда төмендегідей аумақтық өндірістік кешендер мен өндіріс тораптары қалыптасқан. Павлодар-Екібастұз АӨК (Павлодар, Ақсу, Екібастұз) экономикалық аудан шаруашылығының негізі. Көмір, электр қуатын, ферроқорытпа және алюминий тотығын өндіретін ірі көсіпорындардан кұралған. Трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын жа- сау, химия және мұнай өңдеу өнеркәсіптері де дамыған. Ақсу фер- рокорытпа зауытының өнімі өлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие.


  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет