«Қазақстанды таны» сериясы


ІІ тур Ту деген не?



бет36/75
Дата05.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#6671
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   75
ІІ тур

Ту («флаг» нидерл.) ағаш сапқа немесе бауға ілінген белгілі бір түсі, көбіне эмблемасы бар мата.

  • Мемлекеттік ту дегеніміз не?

Мемлекеттік ту- елдің Тәуелсіздігін білдіретін ресми билік нышан.

  • Тудың сипаттамасы қайда тіркеледі?

Мемлекеттік тудың негізгі сипаттамасы Конституция бойынша бекітіліп, тіркеледі.
Мұрағатшы: Мемлекеттік тудың негізгі элементі оның түсі екендігі де дау тудырмаса керек. Ең көп тараған деректер бойынша, мысалы, қызыл ту ерлік таныту, күрес, қауіп төндіру, бас көтеру және шу шығару деген ұғымдарды береді. Ақ ту-бейбіт ниет, жауға қарсыласпай берілу, қара ту-қайғы, жоқтау және қарсылық білдіру белгісі деп саналады. Түстердің діни мағыналары да бар. Ақты-христиандар, жасылды мұсылмандар, сарғыш қызылды буддаға табынушылар қасиет тұтады.

  • Әр халықтың, әр ұлттың жанына жақын, айрықша қастерлейтін өз баяуы, өз түсі де болады. Осыған орай ұлттық бояу деген ұғым кең тараған. Оның терең танымдық мәні, қолдану үрдісі және әріден бастау алатын төл тарихы болады. Әдетте, ұлттық бояу ұлттық өнер туындыларында, ою-өрнектерде, киім-кешектерде, тұрмыстық заттарда жиі қолданылады. Ол сол себепті халықтың табиғи болмыс-бітімі мен мінез-құлқынан да хабар беріп тұрады деп есептеледі. Мысалы, Испания туларындағы өрекпіген қызыл-сары бояулар испан халқының қызу қанды мінезіне үйлесер болса, Финляндия туларындағы ақшыл, көгілдір түс фин халқының бойындағы салқын қандылық пен сабырлылықты сездіретін көрінеді.
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет