«Қазақстанды таны» сериясы


Мемлекеттік рәміздерге байланысты қызықты ақпарат пен деректер



бет40/75
Дата05.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#6671
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   75
Мемлекеттік рәміздерге байланысты қызықты ақпарат пен деректер
Қызыл түс- әлем мемлекеттері туларында ең көп кездесетін рең. Ол барлық тулардың үштен екісінде бар. Одан кейін көп пайдаланылғаны ақ, көк, сары және қара бояулар екен.


Ені мен ұзындығы бірдей жалғыз шаршы ту- Швейцариянікі


Күн бейнесі- мемлекеттік туларда жиі кездесетін нышан. Олардың ішіндегі ең атақтысы-Жапонияның «Күн дөңгелегі». Рәміз-елдің «Күншығыс елі» деген атының нышаны белгісі. Тайвань туларында-ақ күн, Филиппин туларында –сегіз сәулелі күн, Уругвай туында-адамның бет бейнесіне ұқсас «Мамыр күні» суреттері бар.

Тудағы жазу рәміздің ең басты бөлшегі болып табылатын ел-Сауд Арабиясы. Оның туында «Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед-оның пайғамбары» деген сөйлем бар.


Иранның туында «Аллах акбар» (Алладан басқа құдай жоқ) деген сөйлем 22 рет жазылған.Бразилия туында тәртіп және прогресс, Руанда туында «R» (Р) әрпі таңбаланған.
«Көк қаршыға». Шыңғыс ханның туы-тоғыз шашақты үшкіл ақ мата. Ол тудың сабына үш жерден байланатын болған. Ал тудың дәл ортасында бауырына аулап алған қара қарғаны қысып, қанатын жайып, ұшып келе жатқан көк қаршығаның суреті салынған. Көк қаршыға хан әулетін желеп-жебеуші киелі құс саналады. бабасы Бодуаншар қиын кезде құс салып, жан сақтады деген аңыз бар.
Тудың сабының ұшында үшбұрышты арнайы темір қондырғы болған. Ал туды жерге тұрғызып қою үшін, жеті тармақты жылжымалы тіреуіштер пайдаланылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет