«Қазақстанды таны» сериясы


Толь-нәрестенің бір жасқа толу күні әйелдер бөбектің әжесінің басшылығымен корейдің кукси, тош, кимчи



бет48/75
Дата05.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#6671
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   75
Толь-нәрестенің бір жасқа толу күні әйелдер бөбектің әжесінің басшылығымен корейдің кукси, тош, кимчи деп аталатын ұлттық тағамдарын әзірлейді. Той өтіп жатқан тұста шағын үстелдің үстіне ырым боларлық заттарды қатарлап тізіп қояды. Олар: кітап, қалам, қайшы, ақша, жеміс, күріш, атбас, бұршақтар... Той иесін үстел басына отырғызады. Егер ол алдымен кітапқа қолын созса, онда болашақта ғалым болғаны, егер қайшыны алмақ болып ұмтылса, тігінші болмақшы. Күріштен пісірілген шелпекті алса, оның үстіне екі қолымен бірдей ұстаса, онда ең бір жолы болғыш азамат болып шықпақшы. Міне, бұл рәсім осылай жалғаса береді. Бұдан кейін еденге кілемше төселеді де оған той иесін отырғызып қояды. Баланы ең жақын адамдары әке-шешесі, әжесі, атасы және басқа туыстары ортаға алып қоршалай тұрады. Бала кімнің жанына барса, сол адам оның өмірінде ең басты тәлімгері болып саналады. Сонымен қатар, корей халқы ертеден жас баланың бір жасқа толған күнін, үйлену тойы салтанатын, қаралы күн этикетін және мейрамдарды салтанатты түрде атап өтеді.



  • Корей халқының дәстүрлі ұлттық ойындарына спорттық ойындар, ән-би ойындары, әртүрлі сайыстар, балалар ойындары жатады. Спорттық ойындардың 15-шақты түрі, оның ішінде садақ ату, салт жүріс, тақтайша бетінде секіру, тас лақтыру секілді түрлерін атауға болады. Бірнеше ондаған ән-би ойындарының ерекше бір түрлері ретінде маска киіп билеу ойынын-атауға болады.




  • Маска биі-бұл бидің өзіндік ежелгі бір тарихы бар. Аңыз бойынша біздің дәуірімізге дейінгі І-ші ғасырдың аяғына қарай Силладан шыққан Хван Чхан Ран атты бала басқа бір мемлекеттің королі –Пэкчженің сарайында қылышпен билеу өнерін көрсетудің көмегімен корольді шауып өлтіреді, бала жазаға тартылады. Міне, сол баланы еске түсіру мақсатымен Силла халқы баланың келбеті бейнеленген маскалар киіп, қылышпен билеу өнерін көрсететін болған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет