Қазақстанға тигізген ядролық сынақ зардабы және н.Ә. Назарбаевтың ядролық Қарудан бас тарту жолындағы күресі



Дата21.11.2019
өлшемі27.73 Kb.
ҚАЗАҚСТАНҒА ТИГІЗГЕН ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚ ЗАРДАБЫ ЖӘНЕ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДАН БАС ТАРТУ ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕСІ Үмітқалиев Ұ.Ү. Астана, Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ Бүгінде әлемдегі зұлмат қару бұл ядролық қару. Көптеген экономикасы дамыған, ірі мемлекеттерде қазіргі сәтте ядролық арсеналы бар. Бұл ядролық қару екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жанталаса қарулану сәтінде пайда болып, ең алғаш Жапон мемлекеті аталмыш қарудың зардаптарын шекті. Хиросима мен Нагасаки қалаларына түсірілген ядролық қарудан соң КСРО –да соның ішінде қазақ жерінде осы зұлмат қаруды сынау сынақтары жүргізілді. Соның ішінде ядролық қаруды сынау қиындығына душар болған Шығыс өңірі болып табылады. Қазақ жеріндегі полигонның аумағы 18,54 мың шаршы шақырымды алып жатыр және Павлодар облысының 39 пайызын, Шығыс Қазақстан өңірінің 54 пайызын және Қарағанды облысының 7 пайызын иеленген. Көптеген қиындықтарды көрген бұл өңір бүгінгі кезеңде де радияциялық өңір ретінде саналады. 1949 жылғы 29 тамызда басталған сынақ Семей полигонында 1989 жылдың 19 қазанына дейін жүргізілді. Осы уақыт арасында 467 атом сынағы жүргізіліп, оның 124-і – жер бетінде, 343-і – жер астында жасалды. Олардың жинақталған тротилдік баламасы 17,7 мегатонна болды. Бұл 1945 жылы Хиросимада жарылған бомбаның екі мың бес жүзіне тең болып отыр. Бұл жарылыстар Қазақстанның шығыс өңіріне көптеген зардаптар алып келді. Ең алғашымен табиғи зардаптар болса, екіншіден радияциядан уланған халық және сәбилердің денсаулығы бүгінде алаңдарлық жағдайда отыр. Еркін Байғабұлының «Ядролық ЗҰЛМАТ» атты кітабында мынадай деректер келтірген: «1963 жылдан 90 шы жылға дейін қатерлі ісік ауруларынан Қайнар ауылының өзінде 200-ден астам адам қайтыс болған. Жиырмадан астам қыз-жігіт өзіне-өзі қол жұмсап, 18 адам ақ қан ауруынан қайтпас сапарға аттанған. Осы уақыт аралығында көршілес Саржал ауылында 300-ге таяу адам қатерлі ісік, тағы басқа ауыр металдар туғызған науқастардан қайтыс болған. 153 1962 жылдан бері Саржалдың 70-тен астам адамдары өзіне-өзі қол жұмсаған, мұның басым бөлігі он екіде бір гүлі ашылмаған бозбала мен бойжеткендер еді... Саржал ауылының 300 адамы радиологиялық диспансер есебіне тіркелген. Медициналық тексеруден өткенде 1083 адамның 500-ден астамының денсаулығында түрлі ауытқушылықтар анықталған. Ауылдағы орта мектептің 800 оқушысын тексеруден өткізгенде, төрт жүзден астамынан қатерлі ісіктің белгілері байқалған» - деп көрсетеді. Бұл Семей полигонының адамдардың денсаулығы мен психологиясына қаншалықты әсер еткенін байқалтады [1,210- б.]. Осы зұлматтың қасіретін болашақта халық одан әрі шекпес үшін 1991 ж. 29 тамызда ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың № 409 Жарлығымен Семей полигоны жабылды. Бұл Елбасының әлемдік аренада Қазақстанды ядролық қарусыз мемлекеттер қатарына қосу жолындағы күресінің алғашқы қадамы болды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Бейбітшілік кіндігі» атты кітабында Қазақстанда Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы: «1991 жылдың басына қарай Қазақстан аумағында жаппай қырып-жоятын қарудың орасан арсеналы болды, ол құрлықаралық баллистикалық зымырандарған арналған 1216 ядролық боеголовкалар мен ауыр бомбалағыштарға арналған ядролық зарядтарды қамтитын» - деп елдің ядролық қуатын сипаттайды. Осыншама ядролық қаруды Қазақстанға одан әрі дамыту тиімсіз болды және АҚШ тәуелсіз мемлекеттердің есебінен «ядролық клубты» кеңейтуге қарсы екендігін ашық мәлімдеме жасады [2,16-б.]. Қазақ жеріндегі қару турасында: «Қолда тұрған ядролық қаруды жоюдың қажеті жоқ, қарусыз ел – қауқарсыз, алыс-жақын елдер сұрапыл қаруымыз болса ғана санасады», - деушілер болды. Елбасы өзінің Вашингтон таймс газетіне берген сұхбатында «бізге ядролық қаруды сақтап қалындар, ядролық қаруы бар алғашқы және жалғыз мұсылман ел боласыңдар, қаржылық көмек көрсетеміз, қолдау білдіреміз деген көптеген кеңес берушілер болды» - деп өзгелердің Қазақстандағы қаруды қалдырғысы келгендігін айтты [5]. Бірақ, Қазақстан енді ғана Тәуелсіздікке қол жеткізген сәтте ғылымсыз, білімсіз, мықты экономикасыз, мол қаржы қаражатсыз мемлекетіңді, халқыңды ешкім мойындамайтындығын түсінікті жәйт болды. Осы себепті, көреген Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқын көптеген зардаптардан құтқарды. Ол Тәуелсіз Қазақстанды ядролық қарусыз мемлекет деп жариялады. Бұған негіз болған 1992 жылы 23 мамыр айында қол қойылған Лиссабон хаттамасы, ол Қазақстанның, Украина мен Беларусьтің ядролық қаруға ие болуға ықтимал талаптануынан бас тартуын заңдық тұрғыдан растады. Жаңа тәуелсіз мемлекеттер Ядролық қаруды таратпау туралы шартты өздерінің ұстанатыны туралы мәлімдеді. 1994 жылғы 5 желтоқсанда ЕҚЫҰ Будапешттік саммиті кезінде Ресей, Ұлыбритания Қазақстанның, Беларусьтің және Украинаның ядросыз мемлекеттер ретінде ядролық қаруды таратпау шартына қосылуына байланысты оларға қауіпсіздік кепілдіктерін беру туралы Меморандумға қол қойды. Осы құжатқа қол қою халықаралық қауымдастықтың Қазақстанның өз аумағынан ядролық қаруды шығару бойынша міндеттемелерін толық және 154 бұлжытпай орындау фактісін мойындағанын білдірді. Кейінірек Қазақстанға осындай түрдегі кепілдікті Қытай мен Франция ұсынды. Лиссабон хаттамасынан кейінгі Қазақстанның жағдайын Қасымжомарт Тоқаев өзінің «Беласу» атты кітабында былай сипаттайды: «Лиссабон хаттамасына қол қойылғаннан кейін-ақ біздің елімізді дипломатиялық танудың, Қазақстанға шетелдік елшіліктерді және халықаралық ұйымдардың өкілдіктерін жіберудің ұзын сонар жұмысы, Президент Н.Ә.Назарбаевтың қазіргі әлемнің жетекші мемлекеттерінің басшыларымен кездесулері мен келіссөздері басталды. Қазақстан келбетінен дүниежүзілік қоғамдастық онымен ынтымақтасуға және оны дамытуға болатын, халықаралық өмірдің неғұрлым көкейкесті мәселелері бойынша диалог жүргізуге болатын, әлемдік тәртіптің тағдыры үшін жауапты, кемелденген мемлекетті көрді». Бұл Қазақстанның алға басуын көрсетті, 1995 жылы Лиссабон хаттамасын мерзімсіз ұзартуға бастамашы болды [3,152-153-б.]. Ақ үй кеңесшісі Майк Макфол: «Ядролық қарудан бас тарту арқылы, Қазақстан халықаралық экономикаға жол салды» - деп атап өтті [6]. Біз, Қазақстан халқы, ядролық бұғаудан еркіндіктің арқасында босадық. Тәуелсіздікке қол жеткізген соң бірден бейбіт жолға түстік. ХХ ғасыр аяғында, өз еркімізбен ядролық қарудан бас тарту арқылы біз ХХІ ғасырдың қандай болуы қажеттігін көрсеттік», - деп жазды Елбасы өзінің «Бейбітшілік кіндігі» деген кітабында [2,128-б.]. Елбасына деген ықыласы мен құрметін «Ядролық қауіпті азайту бастамасы» қорының тең төрағасы Тэд Тернер былай білдіреді: «Қарусыздану мәселелері бойынша Сізбен жұмыс істеу – біз үшін үлкен мәртебе. Президент мырза, Сіздің ядролық қарудан бас тарту туралы шешіміңіз – асқан батылдық пен салиқалылық белгісі. Егер барлық мемлекеттердің басшылары Сіздей ойласа, ядролық қауіп мүлде болмайтын еді. Сіз әлемге тамаша үлгі көрсеттіңіз, ал біз Сізбен әріптес болғанымызды мақтан тұтамыз». Ал, АҚШ Конгресінің мүшесі Э.Фалеомаваегидің Елбасы турасында: «Өз елін шексіз сүйген көшбасшы ғана елінің қауіпсіздігі мен жарқын өмірі үшін тәуекелге басын тігеді. Мен Қазақстан Президенті әлемдік Нобель сыйлығын алуы қажет деп санаймын»-деген лебізін білдірді [4]. Елбасының ұсынысымен 29 тамыз халықаралық Ядролық сынақтарға қарсы тұру күні болы жарияланды. БҰҰ басшысы Пан Ги Мун 2010 жылғы Қазақстанға сапары кезінде «Назарбаев мырза 1991 жылы сынақ алаңын жабуда теңдессіз көшбасшылық пен бастамагерлік танытты. Соның бастамасының арқасында 29 тамыз халықаралық Ядролық сынақтарға қарсы тұру күні болып белгіленді» - деп түйді. Қазақстан 1996 ж. қыркүйегінде БҰҰ 51-ші сессиясы барысында Қазақстан Ядролық сынақтарға жалпылама тиым салу Келісіміне (ЯСЖТК) қол қойып, 2001 ж. 14 желтоқсанында бекітті. ЯСЖТК қол қою арқылы Қазақстан Келісім аясындағы анықтаушылық режимін нығайтуға үлкен үлес қосты. ЯСЖТК ережелерін тиімді орындау мақсатында ҚР Үкіметі мен ЯСЖТК Ұйымының дайындық комиссиясы арасында Ядролық мониторинг құралдарына байланысты қызметтерді жүзеге асыру туралы Келісімге келді. 155 1994–1996 жж. ядролық қарусыздану саласындағы белсенді қызметінің арқасында Қазақстан 1996 ж. Қарусыздану жөніндегі конференцияның бақылаушысы, ал 1999 ж. 5 тамызда толық мүшелігіне өтті. 2002 ж. 13 мамырында Қазақстан Ядролық жабдықтаушылар тобының (ЯЖТ) 40-шы мүшесі болды. Біздің ЯЖТ қосылудағы негізгі мақсатымыз терроризммен күрес шараларын белсендендіру, жаппай қырып-жою қаруының таралуына қарсылық, ядролық материалдардың қолданылуы мен тасымалдануына бақылауды күшейту болып табылады. 2004 ж. 6 ақпанында Қазақстан ҚР мен МАГАТЭ арасындағы кепілдірді қолдану туралы келісімнің қосымша хаттамасына қосылып, оны 2007 ж. 19 ақпанында бекітті (№ 229-II заң). 2005 ж. Қазақстан «Краков бастамасы» атты Жаппай қырып-жою қаруының таралуы саласындағы қауіпсіздік бойынша бастамаға қосылды. 2012 ж. 24 қаңтарында Қазақстан Жап-пай қырып-жою қаруының таралуына қарсы «Сегіздік тобы» (G8) елдерінің Жаһандық серіктестігіне қосылды. Бүкіл әлемге белгілі, тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан мұрагері болған ядролық қарудан бас тарту және Қазақстанды ядролық қаруды таратпау саласындағы көшбасшыға айналдыру Қазақстанның және оның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың аса ұлы жетістіктерінің бірі болды. Бүгінде Елбасының Ядролық қаруға күресі арқасында Қазақстан әлем алдында үлгі болды, Қазақстан халқы неғұрлым қауіпсіз әлемде өмір сүретін болды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевты осынау ұлы жетістігі үшін және ядролық қарусыз әлемді көре алғандығы үшін мақтан тұтамыз. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Байғабылұлы Е. Ядролық зұлмат. - Алматы: Қазығұрт баспасы, 2012. – 304 бет. 2. Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі. - Алматы: Атамұра, 2003. – 256 бет. 3. Тоқаев Қ. Беласу.Дипломатиялық очерктер. – Алматы: Дәуір, 2003. – 656 бет. 4. Елбасы мерейі – ел мерейі // Егемен Қазақстан, 2010, 12 наурыз. 2010 жыл 5. Исторический визит Президента Казахстана в США и участие в работе Глобального саммита по ядерной безопасности в фокусе мировых СМИ и международных экспертов «Вашингтон Таймс» от 13.04.10 г. http://www.akorda.kz/ru/page/page_kazakstan-prezidentinin-aksh-ka-tarikhisapary-zhane-yadrolyk-kauipsizdik-zhonin_1348723102 6. Нурсултан Назарбаев – лидер, на которого надо равняться// Казахстанская правда, 2010, 17 апреля.

Үлкен сегіздік — Батыстың жоғары дамыған мемлекет басшыларының тұрақты болып тұратын кеңесі. Кеңеске ГФРФранцияҰлыбританияИталияЖапонияКанадаАҚШ және Ресей мемлекеттерінің басшылары қатысады. Алғашқы кездесу 1975 ж. басталды. Оған 6 мемлекет басшысы қатысты (ГФР, Франция, Ұлыбритания, Италия, Жапония, АҚШ). 1977 жылдан оларға Канада қосылып, жеті мемлекет басшылары тұрақты түрде кездесіп отырды. 1998 жылдан бастап Ресей басшылығы да қатысып келеді. Үлкен сегіздік кеңестерінде жетекші мемлекеттер басшылары әлемдік экон., энергет., әлеум. және саяси қатынастардың өзекті мәселелерін талқылайды. Соңғы жылдары Үлкен сегіздік басшылары әлемдік лаңкестікті, наркотрафикті ауыздықтауды және техногенді апаттар мен табиғат апаттарына қарсы күресу мәселелеріне назар аударуда. Үлкен сегіздіктің жыл сайынғы кеңестерінде сегіздік мүшелері кезектесіп төрағалық етіп отырады. Оның мақсаты әлемдік қатынастарды реттеуде Батыс елдерінің ықпалын күшейту, саяси бағыттарын үйлестіру.[1]

Қазақстанның қарусыздану және жаппай қырып-жою қаруларын (ЖҚҚ) таратпау саясаты негізінде халықаралық қауіпсіздікті нығайтуды ұстанушылық, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту, жаһандық мәселелер мен қақтығыстарды реттестірудегі халықаралық ұйымдардың рөлін арттырудың негізінде жатқан Республиканың сыртқы саяси бағытымен анықталады.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың адамзатты ядролық қарудан азат ету және ЖҚҚ таратпау режимін нығайту саясаты халықаралық қауымдастықтың құрметіне ие болып, Қазақстанның ядролық қарусыздану мен таратпау саласындағы жаһандық көшбасшылығын бекітті.

Ядролық таратпау саласындағы болашақ саясаттың қалыптасуының алғашқы қадамы Семей ядролық полигонын жабу шарасы болды. Бұл әлемдік тарихтағы халықтың еркімен жабылған алғашқы ядролық полигон болды.

Он сегіз жылдан соң БҰҰ Бас ассамблеясы бұл күнді Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы әрекет күні деп белгіледі.

1991 ж. Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина жетекшілері Алматы декла-рациясында бұрынғы КСРО-ның ядролық арсеналының жұмысына ортақ бақылау орнату тетіктерін нақтылады,     ядролық

қауіпсіздіктің қажетті деңгейін ұстауда қандай да бір ауытқушылықтың орын алуы-на жол бермеу және КСРО-ның стратегиялық шабуылдық қару-жарақтарды қысқартуға қатысты халықаралық міндеткерліктерін мойындайтындықтарын құптады.

1992 ж. 23 мамырында Лиссабонда осыаталынған мемлекеттер мен АҚШ өкілдері бесжақты Хаттамаға қол қойды, ол бойынша төрт елдің территориясында орналасқан стратегиялық ядролық күштерге қатысты Стратегиялық шабуылдық қару-жарақтарды қысқарту мен шектеу келісімі ережелерінің орындалуына қатысты тараптардың жауапкершілігі расталды.

Лиссабон Хаттамасында сонымен бірге Беларусь, Украина және Қазақстанның Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге ядролық қаруы жоқ мемлекеттер ретінде қосылуы туралы міндеткерліктер болды.

1992    ж. Қазақстанда Қатерді Бірігіп Қысқарту бағдарламасы (ҚБҚ) немесе «Нанна-Лугара бағдарламасы» деп аталған бағдарлама жүзеге асырыла бастады. Ол бойынша 1991 ж. кейін тәуелсіздік алған Қазақстанның территориясында қалған ядролық, химиялық және биологиялық қарудың инфрақұрылымдары мен объектілерін жою мен залалсыздандыру, стратегиялық шабуылдық қаруларды жою, экспорттық бақылау жүйесін жасау, ядролық материалдарды басқару мен бақылауды жетілдіру, қорғаныс өндірісін консервациялау бойынша кешенді жобалар жүзеге асырылды.

1993    ж. қаңтарынан бастап Қазақстан химиялық қаруды жасау, өндіру, жинақтау мен қолдану және жоюға тиым салу Конвен-циясының мүшесі болды, 1999 ж. 24 ма-усымында заңдастырылған бұл Конвенция ережелерін орындау үшін Ұлттық орган құрылған.

1993  ж. 13 желтоқсанында ҚР Жоғарғы кеңесі Ядролық қаруды таратпау туралы келісімді бекітті. Қазақстанның ЯҚТК-ға қосылуы елдің сыртқы саяси бағытын жүзеге асырудың маңызды кезеңі болды.

ЯҚТК ядролық қаруға бақылау саласындағы жалғыз көпжақты келісім, ол бойынша мүше-мемлекеттер ядролық қарусыздануға қатысты шаралар қолданады.

Қазақстан ЯҚТК-ның ядролық және ядролық емес барлық мүше-мемлекеттері міндеткерліктерді орындау арқылы үздіксіз және кезеңдік ядролық қарусыздануды қолдайды.

1994  ж. 14 ақпанында Қазақстан Атом Энергиясы жөніндегі Халықаралық Агенттіктің (МАГАТЭ) мүшесі болды және ЯҚТК ережелеріне сәйкес 1994 ж. 26 шілдесінде Алматыда Қазақстан Республикасы мен МАГАТЭ арасында кепілдіктер туралы келісімге қол қойылды, ол 1995 ж. 19 маусымда ҚР Президентінің Қаулысымен бекітілді.

Барлық ядролық объектілер МАГАТЭ кепілдігінде және Қазақстанның ядролық қызметі Агенттіктің ережелері мен үлгісі бойынша жүзеге асырылады.

1994 ж. 5 желтоқсанында ЕҚЫҰ Будапешт саммиті кезінде Ресей, АҚШ және Ұлыбритания Қазақстанның, Украинаның және Беларусьтің ЯҚТК ядролық қарусыз мемлекеттер ретінде қосылуына байланысты олардың Қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы меморандумға қол қойды.

Бұл құжатқа қол қойылу Қазақстанның өз территориясынан ядролық қаруды шығаруға қатысты міндеткерліктерін толығымен және бүкпесіз орындауын халықаралық қауым-дастық тарапынан мойындау деп қарастыру қажет. Кейіндері осындай кепілдікті Қазақ-станға Қытай мен Франция да берген болатын.

Ядролық арсеналды шығару бойынша өзінің міндеткерліктерін орындағаннан соң, Қазақстан өз жеріндегі ядролық қарудың инфрақұрылымын жою мәселесімен және бұрынғы әскери өндіріс орындарын азаматтық мақсаттарға қолдануды жүзеге асыра бастады.

Осы мақсаттарға сәйкес МАГАТЭ бастамасымен Қазақстанға ядролық материалдарды есептеу мен бақылаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру, АЭС пайдалану, ядролық материалдар мен қондырғыларды физикалық қорғау бойынша Техникалық көмек көрсетудің координациялық жоспары жасалынды, оған Ұлыбритания, АҚШ, Швеция және Жапония араласты.

1996 ж. қыркүйегінде БҰҰ 51-ші сессиясы барысында Қазақстан Ядролық сынақтарға жалпылама тиым салу Келісіміне (ЯСЖТК) қол қойып, 2001 ж. 14 желтоқсанында бекітті.

ЯСЖТК қол қою арқылы Қазақстан Келісім аясындағы анықтаушылық режимін нығайтуға үлкен үлес қосты. ЯСЖТК ережелерін тиімді орындау мақсатында ҚР Үкіметі мен ЯСЖТК Ұйымының дайындық комиссиясы арасында Ядролық мониторинг құралдарына байланысты қызметтерді жүзеге асыру туралы Келісімге келді.

1994–1996 жж. ядролық қарусыздану саласындағы белсенді қызметінің арқасында Қазақстан 1996 ж. Қарусыздану жөніндегі конференцияның бақылаушысы, ал 1999 ж. 5 тамызда толық мүшелігіне өтті.

Қазақстан Бөлшектенетін материалдарды өндіруге тиым салу жөнінде келіссөздер жүргізу мен тез арада келісімді дайындау жағында, өйткені бұл ядролық қарусыздану мен ядролық қарудың таралуын алдын-алудағы маңызды қадамы болады.

2002 ж. 13 мамырында Қазақстан Ядролық жабдықтаушылар тобының (ЯЖТ) 40-шы мүшесі болды. Біздің ЯЖТ қосылудағы негізгі мақсатымыз терроризммен күрес ша-раларын белсендендіру, жаппай қырып-жою қаруының таралуына қарсылық, ядролық материалдардың қолданылуы мен тасымалда-нуына бақылауды күшейту болып табылады.

2004  ж. 6 ақпанында Қазақстан ҚР мен МАГАТЭ арасындағы кепілдірді қолдану туралы келісімнің қосымша хаттамасына қосылып, оны 2007 ж. 19 ақпанында бекітті (№ 229-II заң).

Қауіпсіздіктің жаңа қатерлеріне қарсы тұру мен халықаралық терроризммен күрес шараларын нығайту Қазақстанның таратпау көпжақты режимдеріне қосылу бойынша жұмыстарын белсендендіруді талап етеді.

2005  ж. Қазақстан «Краков бастамасы» атты Жаппай қырып-жою қаруының таралуы саласындағы қауіпсіздік бойынша бастамаға қосылды. Оның мақсаты – ЖҚҚ қатысты материалдарды тасымалдаған барлық әуе және теңіз кемелерін, жер бетілік көліктерді ұстауға қолдау көрсету болып табылады. Осы жылы Қазақстан сонымен қатар бактериологиялық және улы қаруларды жасау, өндіру мен жинақтауға қарсы және оны жою туралы конвенцияға да қосылып, оны 2007 ж. 7 мамырында бекіткен.

Қазақстан сонымен қатар Ресей мен АҚШ Президенттерінің 2006 жылдың шілдесінде көтерген Ядролық терроризм актілерімен күрес жөніндегі жаһандық бастамаға (ЯТАКЖБ) да белсене қатысады.

2006     ж. 8 қыркүйегінде Қазақстан Орталық Азияның басқа елдерімен қатар Семей қаласында аймақ бойынша Ядролық қарудан азат аймақ құру туралы келісімге қол қойды, бұл аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нағайтуға қосқан ауқымды ұжымдық үлес болды.

Аймақ елдері қарусыздану мен таратпау принциптерін қолдайтындықтарын және де қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірінің шешімін табуда ашық ынтымақтастыққа дайын екендіктерін танытты.

2007   ж. маусымда Астанада Жаһандық бастаманың сыртқы істер министрлері орынбасарларының үшінші кездесуі болып өтті. Елбасының 2010 ж. сәуірде Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитінде көтерген Қазақстанда ЯТАКЖБ Конференциясын өткізу бастамасына сәйкес 2010 ж. 28–30 қыркүйегі аралығында Астанада Терроризмді қаржыландыру бойынша ЯТАКЖБ конференциясы мен Жүзеге асыру және бағамдау тобының (ЖБТ) Бірінші отырысы өтті.

МАГАТЭ-мен ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі Қазақстан территориясында Агенттіктік бастамасымен Ядролық отынның халықаралық банкін (ЯОХБ) орналастыру мәселесін көтеру болып отыр.

2009 ж. 21 наурызында заңдастыру грамоталарын депозитарийде сақтауға алған соң (Қырғыз елі) Келісім күшіне енді. МАГАТЭ бұл келісімді ЯҚТК таратпау, жаһандық қарусыздану мен ядролық таратпау үрдісітеріне қосқан үлкен үлес ретінде таныды.

Қазақстан экспорттық бақылаудың халықаралық режиміне – Зымырандық технологияларға бақылау орнату режиміне (ЗТБР) өз кандидатурасын ұсыну бойынша жұмыстар жүргізді.

2009 ж. 23 сәуірінде ЗТБР мүше-мемлекеттері елшіліктеріне ресми нота жолдап, ҚР өзінің ЗТБР мүшелігіне тала-бын растап, ЗТБР ұстанатын принциптерін қолдайтынын мәлімдеді.

Қазақстан Австриялық топқа қосылу бойынша жұмыстар жүргізді. Австриялық тарап та өз жағынан Қазақстанның топқа қосылуына қолдау көрсететіндігін және АТ мүшелігі туралы ақпарат беруге де дайын екендігін білдірді.

2009  ж. 26 желтоқсанында Қазақстан өз территориясында NTI жобасы аясында Ядролық отынның Халықаралық банкін орналастыруға және ядролық отынды қажетті жағдайда сақтауды қамтамасыз ететіндігін ресми мәлімдеді, ал 2011 ж. 29 шілдесінде Қазақстан МАГАТЭ-ге Азбайытылған уранның халықаралық банкін (АБУХБ) орналастыру туралы ресми түрде мәлімдеме берді.

Елбасының бастам асы бойынша (18  маусым  2009  ж.)  БҰҰБА   2009 ж. 2 желтоқсандағы 64-ші сессиясы Қазақстан тарапының ұсынысы бойынша 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялады.

Елбасының 2010 ж. Вашингтон мен 2012 ж. Сеулдегі Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитте көтерген соңғы бастамаларының бірі болашақта Ядролық қарусыз әлем декларациясын талқылау мен қабылдау мәселесі болды.

Қаулыны жүзеге асыру мақсатында 2010 жылдың тамызында Астанада Халықаралық конференция өтсе, қыркүйекте БҰҰ Басхатшы Пан Ги Мунның қатысуымен Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған БҰҰ Бас ассамблеясының арнайы сессиясы өтті.

2010 ж. 15 қарашасында қазақстандық тарап АҚШ, Ресей және МАГАТЭ-ның тығыз өзара ықпалдастығы негізінде Ақтау қаласынан БН-350 реакторындағы пайдаланылған ядролық отынды (ПЯО) Курчатов қаласындағы (ШҚО) Ұлттық ядролық орталықтағы ПЯО ұзақ мерзімдік сақтау алаңына жеткізу жобасын сәтті аяқтады.

2011 ж. Қазақстан Үкіметі Вассенаар келісіміне қосылу туралы шешім қабылдады.

2011 ж. 2 желтоқсанында бұл халықаралық режимге қосылу туралы ресми өтініш берілді.



2012 ж. 24 қаңтарында Қазақстан Жап-пай қырып-жою қаруының таралуына қарсы «Сегіздік тобы» (G8) елдерінің Жаһандық серіктестігіне қосылды.

Дүниежүзілік қарусыздану үрдісіндегі стагнациялық жағдайды есепке ала отырып, Ядролық қауіпсіздік жөніндегі II Жаһандық саммитте Президент Н.Ә. Назарбаев Ядролық қаруды жалпылама горизонталды және вертикалды таратпау туралы жаңа келісімге қол қоюға шақырды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет