Қазақстанның астанасы туристер үшін тартымды қалалардың бірі болып отыр. Бүгінгі таңда елордасы Нұр-Сұлтан шаһарына отандық туристер ғана емес, сонымен қатар шетелдіктер саяхатшыларда қызығушылық танытуда



бет1/4
Дата08.02.2022
өлшемі21,86 Kb.
#124690
  1   2   3   4
Байланысты:
Документ Microsoft Word


Қазақстанның астанасы туристер үшін тартымды қалалардың бірі болып отыр. Бүгінгі таңда елордасы Нұр-Сұлтан шаһарына отандық туристер ғана емес, сонымен қатар шетелдіктер саяхатшыларда қызығушылық танытуда. Жыл басынан бері еліміздің бас қаласына 180 мыңға жуық жиһанкез келген. Олардың үштен бірін шетелдіктер құраған. Эрнестес Василаускас Балтық маңынан келген. Қазақстанға сапарды ол жарты жыл бұрын жоспарлаған. Тіпті алдын ала билет сатып алып, қонақ үйден орын алып, туристік бағытын да дайындап қойған екен.
Сарапшылардың айтуынша, елімізге келетін туристер саны жылдан-жылға артып келеді. Олар үшін қалада арнайы экскурсиялар ұйымдастырылады.
Елордалық қонақтар мен жергілікті тұрғындарға қаланың көрікті жерлерін аралауға мынадай қос қабатты экскурсиялық автобустар қызмет етеді. Бағыт 6 аялдамадан тұрады. Жалпы өткен жылы осындай автобуспен 200 мыңға тарта турист Нұр-Сұлтан қаласын аралаған.

https://old.qazaqtv.com/kz/view/society/page_204197_kazakh-capital-attracts-tourists

Қазақстанда енді ғана қар­қын алып келе жатқан туризм саласы бүгінде бір­қатар әлем елдері үшін негізгі табыс көзі екені ешкімге де жаңалық емес.

Шетелдіктер туризмді дамыту арқылы мемлекет қазынасын қампайтуға әл­де­қашан көшкен. Қазақ­станның туристік саласы да ақырындап ел бюджетінің қамбасын толтыруға үлес қосып келе жатыр. Әсі­ресе, аз ғана уақыттың ішін­де дүниежүзінің назарын өзіне аудара алған елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласы. Туризмнің барлық саласын қамтыған Қазақстанның астанасы осылайша ел туризмінің орталығына айналып келеді.


2017 жылдың күзінде Астана туризмін дамытудың 2020 жылға дейінгі жол картасының жобасы бекітілген.

2017 жылдың күзінде Астана туризмін дамытудың 2020 жылға дейінгі жол картасының жобасы бекітілгені есімізде. Бір жылдан аса уақыт талқыланған құжат сол жылдың 8 қарашасынан бастап күшіне еніп, жоба үш жылда өз миссиясын табысты аяқтады деп айтуға толық негіз бар. Бір айта кетерлігі, аталған жол картасы қо­сымша қаржыландыруды талап етпейтін. Тиісті шаралардың бар­лығы әкімдік пен салалық минис­трліктің бюджетінен жүзеге асырылды.

Аталған жол картасына сәй­кес, осы уақыт аралығында Нұр-Сұлтан қаласын таныстыруда келесідей мүмкіндіктері бар: іскер­лік туризм, қалалық демалыс туризімі, меди­циналық туризм, тарихи археологиялық туризм, ғылыми туризм, спорт туризмі, мәдени туризм. Нәтижесінде, бас қала­мызға туристерді барынша көптеп тарту мақсатында ғарыш музейі, ботаникалық бақ, жабық гүлзарлар, аквапарктер және басқа бұқаралық мәдени демалыс орындары ашылды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет