«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша тарих емес мамандықтар студенттері үшін мемлекеттік емтихан сұрақтары «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Қазақ зиялылыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері және «Алаш» қозғалысының тарихи мәнін көрсетіңіз



бет11/43
Дата17.05.2023
өлшемі139,12 Kb.
#177026
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43
Байланысты:
эталон-Қазақстанның қазіргі заман тарихы
бронхтық демікпе, Жас-балалардың-жақ-бет-хирургиясының-ерекшеліктері, Пульмо тесты 1 тема 4 ОМ рус, АПТ аппеляция 435, Тесты функциональной диагностики, ҚАЛА МЕН АУЫЛ БІЛІМ САПАСЫ
Қазақ зиялылыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері және «Алаш» қозғалысының тарихи мәнін көрсетіңіз

1917 жылы шiлде айында Орынбор қаласында өткен бүкiлқазақтық I съезден Алаш партиясы құрылды, ал 1917 жылы желтоқсанда Алашорда атты үкiмет құрылды. Мiне осы екi оқиғаны бiрiктiрiп Алаш қозғалысы деп атаймыз.


Алаш партиясының құрылғанын жариялаған соң Алаш қайраткерлерi партияның бағдарламасын жасап оны партияның органы ²Қазақ² газетiнде жариялайды. Бағдарламаны бүкiл халық болып талқылап 1917 жылы желтоқсанда болған партияның II съезiнде бекiтедi. Партия бағдарламасы 10 баптан тұрады. Бiрiншi бапта қазақ елiнiң тәуелсiздiгi туралы мәселе сөз болады. Алаш қайраткерлерiнiң ойынша Ресейде буржуазия үкiмет басына келiп буржуазиялық-демократиялық федеративтiк республика орнайды да Қазақстан автономиялы республика ретiнде Ресейдiң құрамына кiредi, сөйтiп қазақ халқының тәуелсiздiгi туралы мәселе шешiлердi деп есептедi. Қазақтың автономиялы республикасы 1917 жылы құрылған Алашорда үкiметi едi. Бiрақ оқиғаның алдағы барысы басқаша болды. Ресейде үкiмет басына буржуазия емес, жұмысшы табы /коммунистер басқарған/ келдi де Алаш қайраткерлерiнiң бұл үмiтi ақталмады. Бағдарламаның басқа баптарында бiлiм, жер және т.б. мәселелер көрiнiс тапты. Қазақстанда ана тiлiнде, ақысыз бiлiм беретiн орта мектептер, университет болатыны, жер жеке меншiкке берiлмейтiнi айтылды. Алаш партиясы жарғысы, мүшелерi, орталық және жергiлiктi органдары, баспа органы бар әдеттегi саяси партия болды. Алаш партиясын ғалымдар ұлттық-демократиялық сипаттағы партия деп есептейдi.
1917 жылы желтоқсанда болған Алаш партиясының екiншi съезі Алашорда үкiметiн орнатады. Үкiмет басқармалары 25 адамнан құралады деп есептеп басқарма мүшенiң он орнын қазақтарға, қалғанын Қазақстанды мекендеген басқа ұлт өкiлдерiне бередi. Алашорда үкiметiнiң төрағасына Әлихан Бөкейханов сайланады.
Алаш партиясы мен Алашорда үкiметiнiң басшы қайраткерлерi Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, А.Ермеков, М.Шоқаев, С.Асфандияров, Ж.Досмухамедовтар және тағы басқалар болды.
Алаш партиясы орнаған соң ұзамай Қазақстан азамат соғысы жағдайында болғандықтан саяси, әлеуметтiк-экономикалық салада ауыз толтырып айтарлықтай шараларды жүзеге асыра алмады. Алаш қозғалысының барлық iс әрекетi Алашорда үкiметi арқылы жүргiзілдi.
Алаш партиясының II съезiнiң қаулысына сай Алашорда үкiметi милиция түрiнде өзiнiң қарулы күшiн құрды. Алаш қайраткерлерi қазан төңкерiсiн, оның нәтижесiнде дүниеге келген кеңес үкiметiн мойындамады. Осыдан келiп кеңес үкiметiне қарсы күресу туралы шешiм туындайды. Азамат соғысы жылдарында Алашорда үкiметi өзiнiң қарулы күшiмен ақтарды қолдап, кеңес үкiметiне қарсы күреседi. Бұл жағдай кеңес үкiметiнiң Алаш қозғалысына қарсы әрекет жасауына әкеп соғады. 1919 жылы Кеңес үкiметi Алаш партиясын таратып, Алашорда үкiметiн құлату туралы шешiм қабылдайды.
Кеңес үкiметi кезiнде Алаш қайраткерлерiне бұржуазияшыл-ұлтшылдар, контрреволюционерлер, шет ел тыңшысы деген жала жабылып қуғын-сүргiнге ұшырайды, сотталады, ақыры 1937 жылғы жаппай қуғын-сүргiн кезiнде олардың көпшiлiгi атылады.
Кеңес үкiметi, коммунистiк идеология, қазақ халқының болашағы туралы мәселеде қазақ интеллигенциясы екi топқа бөлiндi. Коммунистiк идеологияға қарама-қайшы бағыт ұстағандар Алаш қозғалысының маңына топтасты да, Кеңес үкiметiн, коммунистiк идеологияны жақтаушылар Үш жүз социалистiк партияның маңына топтасты. Қазақ интеллигенциясының басым көпшiлiгi, неғұрлым зиялылары Алаш идеясына ден қойды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет