Байланысты: эталон-Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Азамат соғысының қазақтың дәстүрлі шаруашылығын күйзелтуі мен «Әскери коммунизм» саясатының қазақ өлкесіндегі арандату әрекеттерін көрсетіңіз
Азамат соғысы кезiнде елдiң барлық экономикалық ресурсын соғыс мүддесiне жұмылдырып, соғысып жатқан Қызыл армияны азық-түлiк, киiм-кешек, қару-жарақпен қамтамасыз ету қажет болды. Осы мақсатпен кеңес үкiметi әскери коммунизм саясаты деп аталатын шараларды жүзеге асырды. Бұл саясат соғыс жағдайына байланысты жүргiзуге мәжбүр болған төтенше және уақытша саясат едi. Кеңес үкiметi Қызыл армияны нанмен қамтамасыз ету үшiн үстем таптың, ең әуелi кулактардың тығып отырған астығын күшпен алды. Ол үшiн жұмысшы отряды дегендi құрып кулактардың қоймаларын тiнтiп жасырған астықтарын үкiметке тiкелей тәркiледi. Бұл шара Қызыл армияның қажетiн толық өтей алмады. Сондықтан салықты салғыртпен ауыстырды. Салық шаруалардың өндiрген астығының бiр бөлiгiн ғана алса, салғырт кезiнде өнiмнiң азғантай бөлiгiн ғана шаруаға қалдырып басқасын түгелдей үкiметке алды. Еңбек мiндетiн енгiздi. Еңбек жасындағы барлық адам еңбек етуге мiндеттi болды. Көлiк мiндетiн енгiздi. Көлiгi барлар /машина, арба т.б./ әскердiң және өнеркәсiп орындарының отынын, жүгiн тасуға мiндеттi болды. Еркiн саудаға шек қойылды. Азық түлiк адамдардың таптық белгiсiне қарай бөлiндi. Мәселен нан бөлгенде жұмысшының, қызыл армия жауынгерiнiң, шаруалардың нормасы көп болды да бұрынғы үстем тапқа жататындардың нормасы аз болды. Натуралдық айырбас енгiзiлдi. Жүмысшылардың айлығы өнiммен берiлдi. Жоғарыда аталған және тағы басқа төтенше шаралардың жиынтығын әскери коммунизм саясаты немесе соғыс коммунизм саясаты деп атайды. Бұл атау коммунизмнiң принциптерiн күшпен енгiзу деген мағына бередi. Әскери коммунизм ұзақ уақыт жүргiзуге болмайтын едi. Азамат соғысы аяқталысымен бұл саясат өзгертiлдi.
Әскери коммунизм саясаты азамат соғысы кезiнде армияның қажеттiлiгiн қамтамасыз ету мақсатын шешкенiмен өнiм өндiрушiлердiң экономикалық ынтықтығын жойып жiбердi. Сондықтан Кеңес үкiметi бұл саясатты азамат соғысы аяқталар аяқталмастан жаңа экономикалық саясатпен алмастырды. Жаңа экономикалық саясат бойынша азық-түлiк салғыртын азық-түлiк салығымен алмастырды.