«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша тарих емес мамандықтар студенттері үшін мемлекеттік емтихан сұрақтары «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Зияткерлік қоғамның жасампаз тұлғасын қалыптастырудағы тарих ғылымының алатын орынын сипаттаңыз



бет4/43
Дата17.05.2023
өлшемі139,12 Kb.
#177026
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
эталон-Қазақстанның қазіргі заман тарихы

Зияткерлік қоғамның жасампаз тұлғасын қалыптастырудағы тарих ғылымының алатын орынын сипаттаңыз

Кең мағынада тарих қоғам мен табиғаттың, адам әрекеті мен мемлекет өмірінің әр қырлы үрдістерін қарастырады. Тарих әлеуметтік-гуманитарлық ғылым ретінде адамзат қоғамының өткен өмірін әр қырынан зерттеп, болашақ дамуды зерделейді. XIX ғасырдың ғибраты (сентенция) көрсеткендей, әлемдегі бірегей ғылым – тарих ғылымының жауапкершілігі одан да зор.
Қоғам тарихы планетаның, оның табиғатының бөлігі әрі жалғасы болып табылады. Екінші жағынан, адамзат тарихы дегеніміз таным мен рухтың тарихы. Осыған орай, қоғам тарихы, тарихи шығармашылығы адамзат қоғамының эволюциясынан бастау алатын адамдар тарихы десек те болады. Тарихи шығармашылық – тарихтың мазмұны болып табылады.
Тарих дегеніміз – жекелеген тұлғалардың, халықтардың, түрлі әлеуметтік топтардың, барлық адамзаттың нақтылы және көп қырлы іс-әрекеттерінің, үдерістер мен оқиғалардың жиынтығы. Тарих ғылымы, өзге де ғылымдар сияқты, даму өлшеміне сай көптеген адамзат ұрпақтарының тәжірибелерін жинақтады. Әлем тарихы материалдық және рухани өмірдің барлық саласында адамзаттың мыңжылдық тәжірибесін сақтап келді.
Тарих нақты ғылым ретінде әлеуметтік-гуманитарлық, қоғамдық ғылымдар шеңберіне кіреді. Сондай-ақ, адамзат қоғамын түрлі қырынан зерттейді: (философия, саясаттану, әлеуметтану, экономика, құқықтану, филология, мәдениеттану, лингвистика және т.б). Алайда, бұл ғылымдардың ешқайсысы адамзат қоғамының дамуын толық қамти алмайды. Тарих ғылымы ғана адамзат қоғамын тұтастықта қарастыра алады. Гуманитарлық білімдер жиынтығына тарих ғылымы негізінде ғана қол жеткізуге болады. Кең тұрғыдан қарағанда, әрбір гуманитарлық ғылым тарих алдында тұрған басты міндеттердің шешімін өз саласымен зерделейді.
Гуманитарлық ғылымдар арасында тарихтың пәні мен зерттеу әдісі айрықша орынға ие. Ұзақ уақыттар бойы тарих сипаттаушы мазмұнды иеленді. Алайда, уақыт өте келе тарих ғылымы адамзат қоғамының құрылымы мен элементтерін, тарихи үрдістердің себеп-салдарлық байланыстарын анықтауға кірісті. Тарих ғылымы – адам баласының пайда болған уақытынан бастап қазіргі күнге дейінгі өмірі мен кезеңдерін қамтиды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет