«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша тарих емес мамандықтар студенттері үшін мемлекеттік емтихан сұрақтары «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Қазақстанның қазіргі ұлттық идеясының тарихи бастауларын білудің маңызын ашыңыз



бет5/43
Дата17.05.2023
өлшемі139,12 Kb.
#177026
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
эталон-Қазақстанның қазіргі заман тарихы

Қазақстанның қазіргі ұлттық идеясының тарихи бастауларын білудің маңызын ашыңыз

Қазақстан қазіргі заманғы әлеуметтік кеңістікте және әлемдік тарихтың уақыт межесіндегі өз орнын айқындауды көздейді. Қазақстандық қоғамда тарихи сананы жаңғырту, өзіндік ұлттық бірегейлік пен мәдени тұтастықты қалыптастыру, болашақ дамудың рухани бағдарын анықтау еліміздің ішкі дамуындағы маңызды көрсеткіш. Қазақстанның өткен тарихы - қоғамдық сананың түрлі деңгейіндегі гуманитарлық кеңістіктің негізгі бөлігін құрайды. Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесінің жаңаруын, зияткерлік қоғамның жасампаз тұлғасын қалыптастыру және ұлттық тарихтың жаңа белестерін зерттеуде тарихи сабақтастықтың болуы заңдылық. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүрген, қазірде өмір сүріп жатқан қазақ және басқа да халықтардың тарихы және бүкіл адамзат тарихының құрамдас бір бөлімі. Өйткені ол Еуразия және Орталық Азия елдері тарихымен тығыз байланыста ұштасып жатыр.
Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті.

  1. Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі мен қызметі туралы баяндаңыз

Жаңа кезеңде қазақ буржуазиясы мен ұлттық интеллигенция өкілдері отаршылдыққа қарап күресті басқарды. 1902 жылдардан бастап-ақ патша өкіметі күзетшілері қазақ халқы арасына таратыла басталған, астыртын өкіметке қарсы панисламдық рухтағы үндеулерді ұстай бастады. 1905 жылдың жазында азаттық қозғалысы жаңа сипат ала бастайды. Өлкеде жәрмеңкелердің ашылуына байналысты митингілер ұйымдастырылып, орыс, қазақ газеттері беттерінде саяси мақалалар көріне бастайды. Қарқаралы қаласы маңындағы Қоянды жәрмеңкесінде 1905 жылы 25 июльде өткізілген Қазақ съезі Министрлер Кеңесінің төрағасына Петиция қабылдады. Негізгі талаптар төмендегі пунктерден құралды: орталық губерниялардан шаруаларды шетке қоныстандыруы тоқтату; қазақтарға жеке діни басқарма ұйымдастыру; цензураны жою; қазақ тілінде арнаулы іс-қағаздарын жүргізу; сайланбалы өкілетті соттар жүйесін енгізу; Мемлекеттік Думаны шақыру жобасын жасау кеңесіне қазақ депутаттарын қатынастыру.
Дәл осы уақытта қазақ депутаттары 1905—1906 жылдары Бүкілресейлік мұсылман съездері жұмысына қатысты. Қазақ депутаттарының бірі Шахмардан Қожағұлұлы “Иттифақ-аль-Мусдумин” (“Мұсылмандар Одағы”) партиясының Президиум мүшесі болып сайланды. 1905 жылдан бастап мұсылман баспасөздерінде және орыс оппозициялық баспаларында қазақ авторларының саяси мақалалары шыға бастайды.
1905 жылдың соңында Орал қаласында Бірінші Жалпы — қазақ съезі болып өтті, мұнда қазақтың ұлттық саяси партиясын құру мақсаты алға қойылды. Қазақ партиясы кадет партиясының филиалы ретінде, бірақ өлкенің тұрғылықты халқының мүддесін қорғау негізінде болуы керек делінде.
Ұлт-азаттың күрес басында қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілдері тұрды. Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулат, Бақытжан Қаратай, Мұхаметжан Тынышпаев, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсын және т.б. Қазақ оппозициясының бірігуінен қорыққан патша өкіметі, олардың жетекшілеріне қарсы жазалау, құдалауды күшейтті. 1906ж. қаңтарында Семей қаласында ІІ-жалпы қазақ съезін ұйымдастыруға аттанған Әлихан Бөкейхан тұтқындалды. Осыған қарамастан съезд өзі жұмысын ақпан айында өткізіп, мұның жұмысына 150 делегат қатысты. Съезде ресей кадеттерінің жоспары мақұлданып, мұндағы Қазақстан жерінің қазақ халқының меншігі деп қарастыру, мектептер медреселер ашу данын қабылдау және шаруаларда жет жерге қоныстандыруды тоқтату талаптары қойылды. Бірақ, бұл талаптар, Әлихан Бөкейхановтың кадет партиясының орталық комитетінің құрамында болуына қарамастан, кадет партиясының басшылығынан қолдау таппады. Құғындау мен тұтқындаулар қазақ патриоттарына өздерінің саяси партиясын құруға мүмкіншілік бермеді, бірақ саяси күрес екі бағытта жалғаса берді. Қазақ депутаттары Мемлекеттік Дума мінбесін белсенді түрде қолдана бастады, қазақтың саяси баспасөзі пайда болды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет