Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу


Қазақстан - 2030. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Қазақстан халқына Жолдауы



бет50/67
Дата28.07.2022
өлшемі256,96 Kb.
#147840
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67
Байланысты:
аза станны азіргі заман тарихын кезе деу

Қазақстан - 2030. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Қазақстан халқына Жолдауы.

Мемлекет Басшысы Н.Назарбаев 2005 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын арнады. Жолдаудың тақырыбы: «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында». Президент біз неден бастадық, біз қайда бара жатырмыз және бізді не күтіп тұрғанын еске салды. Бұл қаржылық, тұрғын үй, аграрлық мәселелер, отбасы, ана, бала және т.б. мәселелер.
Бұл жодаудың біраз қағидаларына тоқталсақ:
Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiрдiң жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiс
Бiз шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудың түбiрiнен жаңа идеологиясын түзуге тиiспiз. Бiз кәсiпкерлiк ортаның бастамаларын iске асыру үшiн қолайлы жағдай туғызуымыз керек.
"Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" өзiндiк бiр "үлкен қаржылық маркетке айналуға тиiс" Агроөнеркәсіп кешенi мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы"заңды қабылдау керек.
Бiз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндiрiстерi үшiн кадрлар қорын жасақтауға тиіспiз.
Бiз мұғалiм мамандығының беделi мен абыройын қайтаруға мiндеттiмiз.
Мемлекеттiк қызметшiнiң жеке бизнеспен айналысуына және компаниялардың мүдделерiн жақтауына тыйым салатын ар-ұждан кодексiн әзiрлеу кepeк.Және т.б маңызды мәселелерді қозғады.



  1. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік қысым, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық (ХХ ғ. 90-ж. І жартысы).

Өтпелі кезең – КСРО ыдырағаннан кейін постсоциалистік мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуы төмендеп, экономикасының дағдарысқа ұшыраған кезеңі. Өтпелі кезеңді Қазақстан 1989-1996 жылдары бастан өткізді. Өтпелі кезеңнің басында экономиканың қаржылық және өндірістік жүйелерінде үлкен алшақтықтың пайда болуы, институтциялануы, дамудың жетілдірілмегендігі салдарынан дағдарыс үдерісі ушыға түсті. Қазақстанда ұлттық экономиканың түрлі салалары, атап айтқанда, 1991 жылы жеңіл және тамақ өнеркәсібі, 1992 – 1993 жылдары машина жасау, әскери, құрылыс, энергетика кешендері, 1994-95 жылдары агроэнеркәсіп, металлургия, мұнай-газ кешендері дағдарысты бастан кешірді. Сонымен қатар әлеуметтік дағдарыс та күшейді. Тауар тапшылығы өсіп, бағаның күрт жоғарылауы халықтың тұрмыс деңгейін төмендетіп жіберді, еңбекақы, әлеуметтік төлемдеудің мөлшері тым азайып кетті, оларды уақытында алу үлкен мемл. мәселеге айналды.. 1992жылдың қаңтарында ТМД елдеріме алдын ала ешқандай келісім жасаспастан Ресей бағаларды (босатты). Бағаларды ырықтиандыру тасымал, энергия, шикізат және басқаларының бағалары тез көтерілуін туғызды. 1990 жылдардың басы, негізінен шикізат пен дайын тауарларды сырттан әкелумен, сыртқа шығарумен айналысатын көптеген фирмалар мен компаниялар пайда болған кез болды. 1992-1993жылдардағы инфляция 2000-3000%-ға жетті. Халық тұтынатын тауарлармен қамтамасыз етудің 40%-тен астамы, оның ішінде жеңіл автокөлік, мотоцикл, мотороллер, теледидар, фотоаппарат, тоңазытқыш сияқты тауарларға және тағы басқа да күрделі бұйымдарға сұраныс 100% басқа республикалардың есебінен қанағаттандырылғанымен бірақ олардың бағалары 250 есе, тіпті одан да көп есеге көтерілді. Энергия көздері мен электр энергиясының бағасы, теміржол, автомобиль және ұшақтармен тасымалдау бағалары жүздеген есеге өсті. Бұл да түпкілікті өнім бағаларына әсер етті. Бағалардың өсуінің екінші себебі, кәсіпорындар мен ұйымдарда өндіру және қызметтер көрсету көлемдерінің күрт құлдырауы және соған байланысты жұмыс бірліктері мен өнім шығасыларында үстеме шығындар үлесінің артуы болды. Жалпы Қазақстанда болған дағдарыс үлгісінің классик. үлгіге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері болды. Мысалы классик. үлгіде дағдарыс тауарды артық өндіруден болса, өтпелі кезеңде өндіріс нарықты тауарға толтыра алмағандықтан дағдарды. Бұл дағдарыс 1991 – 1995 жылдарды қамтып, тек 1997 жылдан бастап экономикалық өрлеуге бет бұрды. Өтпелі кезеңде экономиканың нарықтық бағыты айқындалып, ырықты экономиканы қалыптастыруға күш салынды. Нәтижесінде макроэкономиканы тұрақтандыру, экономиканы сауықтыру және оны дағдарыстан біртіндеп шығару, экономиканы реттеудің нарықтық қатынастар жүйесін, оның түрлі институттары мен инфрақұрылымдарын, тетіктерін қалыптастыру жүзеге асырылды. Сонымен қатар республикаға ауқымды инвестициялар тартылып, кәсіпкерлер тобы пайда болды. Олар сауда бизнесінің орнына өндіріс пен ауыл ш. салаларында кәсіпкерлікті дамытты. Өтпелі кезең тұсында Қазақстан ТМД елдерінің ішінде тұрақты экономика даму бағытын қалыптастыра білген бірден-бір мемлекет болды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет