Ұсынылатын әдебиеттер тізімі.
1. Қазақстан тарихы: көне замандардан бүгінге дейін. 5-томдық. Т.2. – Алматы, 1998. -
2. Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди. – Алматы, 2003.
3. Әбілғазы Түрік шежіресі. – Алматы, 1992.
4. Қадырғали Жалаири жылнамалар жинағы. – Алматы, 1998.
5. Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани. Михман-наме-йи Бухара. (Записки Бухарского гостя). Перевод, предисловие и примечания Р.П.Джалиловой. Под ред. А.К. Арендса. – М., 1976
6. Пищулина К.А Борьба казахов за присырдарьинские города в последней трети ХV в. // Материалы первой научной конференции молодых ученых АН КазССР. Алма-Ата: Наука, 1968,
7 Пищулина К.А. Присырдарьинские города и их значение в истории казахских ханств в ХV - ХVІІ веках // Казахстан в ХV - ХVІІІ веках (Вопросы социально-политической истории). Сборник статей. Отв. ред. докт. ист. наук Б. С. Сулейменов. Алма-Ата, "Наука", 1969.
XVI ғғ. басындағы Қазақ хандығының саяси дамуы. 1сағат.
1 Қасым ханның билікке келуі қарсаңындағы қазақ хандығының жағдайы
2 Қасым ханның ішкі саясаты. Қасым ханның қасқа жолы
3 Қасым ханның сыртық саясаты: бағыттары, нәтижелері
Қазақ хандығы Қасым хан тұсында (1511-1521жж.) нығая түсті. Қасым 1445 жылдар шамасында туған. Қасымның 1513 жылы күзде Шу өзені жағасында Шағатай ұрпағы Саид ханмен жүздесуі болғанда, олардың замандасы Мырза Хайдар Дулатидың айтуы бойынша: «Қасым ханның жасы алпыстан асып, жетпіске жақындаған еді». Бұрындық ханның тұсында Қасым әскери қолбасшы болды. Хандықта беделі жоғары болса да, үлкенге бағыну дәстүрін ұстанып, Бұрындық ханның айтқанынан шықпады. Шайбани ханның 1504 жылы көктемдегі Әндижанға жорығы тұсында Қасым хан маңғыттардың көмегімен бүкіл Қыпшақ даласына үстемдікті қолына алды. Сөйтіп оның Ташкент пен Түркістанға шабуыл жасауға мүмкіндігі болды.
Қасым хан феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, хандықтың әскери қуатын арттырды. Өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. «Тарих-и- Рашиди», «Шайбанинама» және т.б. деректерге қарағанда XYI ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан қазіргі қазақ жерінің далалық аймағын түгел бағындырды. Бұл кезде хандықтың шекарасы оңтүстікте Сыр жағалауы мен Түркістанның маңызды қалаларын, оңтүстік-шығыста Жетісудың көп бөлігін, солтүстік-батыста Жайық өзені жағалауын қамтыды. Қасым ханның Қазақ хандығын күшейту, қазақ тайпаларын және қазақтардың этникалық территориясын біріктіру жолындағы жеңістері елдің іші мен сыртындағы беделін арттырды. Мұхаммед Хайдар Дулати: «Қазақ хандары мен сұлтандары арасында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес» деп жазды.
Бұл тұста Қазақ хандығы сол кезеңнің халықаралық қатынасына да кең тартылды. Қасым хан Ұлы князь Василий III (1505-1533) кезіндегі Мәскеу мемлекетімен дипломатиялық қатынаста болды. Осы кезеңде қазақ халқы туралы мәлімет батыс Европаға да белгілі болды. Мәскеуге бірнеше рет келген (1517, 1526 ) Австрия дипломаты Сегизмунд Герберштейн өзінің дипломатиялық жазбаларында Қазақ хандығы туралы баяндаған.
Қасым ханның билігінің соңғы кезеңінде Шайбанидтермен қарым-қатынасы өте күрделі болды. Деректер бойынша олардың арасындағы негізгі күрес Ташкент қаласы үшін болды. Қасым хан өзінің замандастары Рузбихан, Бабырдың еске түсірулері бойынша жылқы малының өте білгірі және әскери талантты қолбасшы ретінде суреттеледі. Хан билігі өте күшті болған және де халық саны осы кезде бір миллионға жеткен. Қасым дәстүрлі әдет-ғұрыптарды ұстанған хан болды. Осы дәстүрлі әдет-ғұрыптарды заңдар жинағы етіп, елді басқаруда кең қолданған. Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді заң болды. Сондықтан да халық арасында бұл заңдар жинағы Қасым ханның атымен байланыстырылып: «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталды. Бұл заңға кірген ережелер мынадай:
Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері);
Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыстарына жаза);
Әскери заң ( қосын құру, аламан міндеті, ердің құны, тұлпар ат);
Елшілік жоралары (шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайылық, әдептілік);
Жұртшылық заңы (ас, той, мереке үстіндегі ережелер);
Қасым хан кезінде Қазақ хандығы біраз күшейді. Алайда хандық бір орталыққа бағынған мемлекет деңгейіне көтеріле алмады. Қасым хан қайтыс болған соң Қазақ хандығындағы ішкі жағдай бірден айқындалды. Оның мұрагерлері арасында билікке таласқан дау басталды. Соның нәтижесінде ішкі тартыс, қайшылық пен қырқыстар күшейді. Қазақ хандығы осы ішкі феодалдық қырқыстар нәтижесінде ыдырап, бөлшектенді.
Қорыта айтқанда, Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихында төтенше маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтатуда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.
Достарыңызбен бөлісу: |