Қазақстанның индустриялық дамуы



бет1/8
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#97576
  1   2   3   4   5   6   7   8

Қазақстанның индустриялық дамуы

индустрияландыру – ірі өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр өнеркәсіпті құру және дамыту, ірі өнеркәсіптік өндіріс негізінде бүкіл халық шаруашылығын қайта құру.

 1920 жылдардың ортасына қарай КСРО үшін бірнеше себептерге байланысты индустрияландыруды жүзеге асырудың қажеттігі туды: Біріншіден1925 жылға қарай қалпына келтіру кезеңі аяқталды. Негізгі көрсеткіштер бойынша кеңестік экономика соғысқа дейінгі деңгейге жетті. Өнеркәсіптік өндірістің өсуін қамтамасыз ету үшін істеп тұрған зауыттарды қайта жабдықтау ғана емес, жаңа заманғы кәсіпорындарды құру қажет болды. екіншіден, елдің экономикалық әлуетін тиімді орналастыру мәселесін шешу міндеті тұрды. Ел бұрынғыдай аграрлы, шаруа елі болып қала берді. Қалаларда жұмыссыздық деңгейі өсіп, әлеуметтік шиеленісті күшейтті. Үшіншіден, елдің халықаралық деңгейде экономикалық және саяси оқшаулануы индустрияландыруды жеделдетуді талап етті. Капиталистік дұшпандық қоршауда қалған КСРО-ға тұрақты соғыс қаупі төнді. Аграрлы ел өнеркәсібінің жоғары дамыған ірі мемлекеттермен әскери қақтығыс болған жағдайда оларға қарсы тұру мүмкіндігі болмады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет