«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Басқармасының



бет7/14
Дата08.02.2022
өлшемі96,03 Kb.
#122016
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Шар
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ
4.3. Жалға алушы міндетті:
4.3.1. Мүлікті осы Шартқа қол қойған сәттен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде қабылдау-беру актісі бойынша қабылдауға;
4.3.2. Мүлікті ақаусыз жағдайда ұстауға, оның сақталуын қамтамасыз етуге, оны ұстау бойынша тиісті ретпен шығындар көтеруге;
4.3.3. Мүлікті осы Шарттың шартына, осы Шартта көзделген оның нысаналы мақсатына және пайдалану ережесіне, Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасына және Мүліктің нормативтік-техникалық құжатына сәйкес пайдалануға;
4.3.4. осы Шарттың шартына сәйкес жалдау төлемін енгізуге;
4.3.5. Мүлік зақымдалған жағдайда, Жалға алушы Жалға беруші белгілеген мерзімде зақымдалған Мүлікті ол қабылдаған жағдайдағыдай қалпына келтіруге. Мүлік бүлінген, жоғалған немесе ұрлаған жағдайда, Жалға алушы Жалға беруші белгілеген мерзімде келтірілген залалды жоғалған немесе ұрланған Мүлік құны, сондай-ақ Жалға берушінің залал құнын анықтау бойынша шығындар көлемінде қайтарады;
4.3.6. осы Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанда немесе оны мерзімінен бұрын бұзғанда, Мүлікті Жалға берушіге 15 (он бес) күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде қабылдау-беру актісі негізінде қалыпты тозуды ескере отырып, ақаусыз жағдайда беруге;
4.3.7. Жалға беруші осы Шарттың шарты бойынша өзінің құқықтарын іске асыру кезінде кедергі жасамауға;
4.3.8. Мүлікті иесіздендірмеуге және өзге әдіспен басқармауға, Жалға берушінің жазбаша рұқсатынсыз қандай-да бір өзгерістер, қайта құрулар, қайта жоспарлаулар, қайта жабдықтау, реконструкция, кеңейту, қалпына келтіру, сондай-ақ Мүліктің сәулеттік келбетіне өзгерістер жүргізбеуге;
4.3.9. Жалға беруші Мүліктің бастапқы түрінің/жағдайының сәйкессіздігін анықтаған жағдайда, Жалға алушы өзінің күшімен, өзінің есебінен және Жалға беруші белгілеген мерзімде Мүлікті осы Шарт бойынша қабылданған жағдайға келтіруге;
4.3.10. өзінің есебінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Шартты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға (Шартты үш жылдан жоғары жасаған кезде) және Мүлікті мемлекеттік тіркеу тәртібін бұзғанда жауапкершілік көтеруге;
4.3.11. аумақты, сондай-ақ Мүлікті тиісті санитарлық және өртке қарсы жағдайда ұстауға, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының және Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұсынылатын Мүлікті пайдалану тәртібі жөніндегі басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың талаптарын сақтауға және орындауға;
4.3.12. Мүлікті жалға, сенімді басқаруға немесе өзге әдіспен оны Жалға берушінің жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғалардң пайдалануына бермеуге;
4.3.13. осы Шарттың шартының орындалуын бақылау мақсатында Жалға беруші өкілдерін Мүлікке кедергісіз жіберуге;
4.3.14. Мүліктің зақымдалуын болдыруға қабілетті әрекеттерді жасамауға;
4.3.15. өндірістік қажеттілік жағдайында, Жалға берушінің жазбаша келісімімен өзінің есебінен Жалға берушімен келісілген мерзімде және заңнамамен белгіленген нормалар мен ережелерді сақтай отырып, Мүлікке ағымдық және күрделі жөндеу жүргізуге;
4.3.16. Жалға берушінің жазбаша келісімімен өзінің есебінен Жалға берушіде көзделген мерзімде Жалға алушы жауап бермейтін жағдайлар күшінен туындайтын шұғыл қажеттіліктен болатын жөндеуді жүргізуге;
4.3.17. Мүлікті сақтандыруды жүзеге асыруға және Жалға берушіге осы Шартқа сәйкес растаушы құжаттарды беруге;
4.3.18. Мүліктің толықтай немесе ішінара бүліну қаупі немесе олардың саплық көрсеткіштерін жақсы жаққа қарай өзгерту туындаған сәттен бастап 2 (екі) күнтізбелік күннен кешіктірмей бұл туралы Жалға берушіге жазбаша хабарлауға;
4.3.19. Мүліктің сақталуына толық жауапкершілік көтеруге;
4.3.20. Мүлікті пайдалануға байланысты, оның ішінде коммуналдық қызметтер төлемі бойынша (электр энергиясы, жылыту және өзге коммуналдық қызметтер), Мүлікті пайдалануға және ұстауға байланысты қажет болатын қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем бойынша) шығындарды көтеруге;
4.3.21. Жалға берушіге Мүліктің сапалық, техникалық және сандық көрсеткіштерін растайтын Жалға алушыға ұсынылған құжаттарды және Шарттың қолданылу мерзімінің бойында өзге құжаттарды зерттеу және талдау жолымен мониторинг жүргізу арқылы, сондай-ақ Жалға берушіде белгіленген мерзімде көшпелі мониторинг жүргізуді қоса алғанда, алайда олармен шектелмей, Мүлікті тексеруге жәрдем көрсетуді қамтамасыз етуге;
4.3.22. Жалға берушінің сұратуы бойынша сұратуда көзделген мерзімде бір мезгілде қағаз және электронды нұсқада осы Шартты орындау бойынша кез-келген құжаттаманы және ақпаратты ұсынуға;
4.3.23. қабылдау-беру актісіне қол қойған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей Жалға берушіге осы Шарттың қолданылу мерзімінен кем емем мерзімге жасалған Мүлікті сақтау бойынша қызмет көрсетуге арналған шарттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін беруге. Көзделген жағдайды орындамау Жалға беруші үшін Шартты тоқтату туралы Жалға алушыға қоятын талапқа немесе Жалға берушінің осындай шартты Жалға алушының есебінен шығындарды алдағы төлету арқылы дербес жасауға негіз болып табылады;
4.3.24. осы Шатқа қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің бойында Жалға берушінің есеп шотына Шарт бойынша Мүлік үшін орташа айдағы жалға алу төлемінен есептелетін үш еселік сома көлемінде шартты орындауды қамтамасыз ету ретінде ақша қаражатын енгізуге;
4.3.25. Жалға алушының тарапынан шартты орындауды қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақша қаражатын акцептсіз есептен шығару (ұстау) туралы хабарлама алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күнінің бойында, сондай-ақ жалға алу төлемінің көлемі ұлғайған жағдайда, Шарт бойынша Мүлік үшін орташа айдағы жалға алу төлемінен есептелетін үш еселік сома көлемінде шартты орындауды қамтамасыз ету ретінде қосымша ақша қаражатын енгізуді қамтамасыз етуге;
4.3.26. Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта қарастырылған өзге де міндеттерді көтеруге.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет