4.4. Жалға алушы құқылы: 4.4.1. коммуналдық қызметтермен, күзет ұйымдарымен осы Шарттың қолданылу мерзімінің бойында Мүлікті қалыпты пайдалану мен ұстау үшін қажетті олардың қызметі үшін өзінің атынан шарттар жасауға;
4.4.2. Жалға берушінің атына оларды сату үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында, Жалға берушінің ішкі нормативтік құжаттарында және жарғыда белгіленген талаптарды сақтай отырып, осы Шартта көзделген Мүлікті Жалға алушыға сату туралы өтініш жасауға;
4.4.3. Қазақстан Республикасының заңнамасында, Жалға берушінің ішкі нормативтік құжаттарында және жарғыда белгіленген талаптарды сақтауды ескере отырып, Шарттың қолданылу кезеңінде Мүлікті тиісті пайдалану және сақтау шартымен оны артықшылықты сатып алуға.