«Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы»



бет7/16
Дата27.12.2016
өлшемі4,14 Mb.
#5414
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

Бекіту сұрақтары:

1. Күші жүздегі хандық биліктегі дағдарыстың саяси себептерін атаңыз?

2. Сырым Датұлы бастаған Күші жүз қазақтарының көтерілісі неше жылға созылды?

3. Бөкей хандығы қашан құрылды?


Дәріс №7 Абылай хан мемлекет қайраткері және саясаткер Негізгі ұғымдар: «Сабалақ», мәмлігерлік саясат, «Шанды жорық», «Қалмақ көшуі»,«Орта Орда», оқшаулану (изоляционизм).
Жоспар:

1. Орта жүздегі саяси ахуал, Абылай ханың Жоңғариямен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынасы.

2. Абылайдың әскери мемлекеттік қызметі.

Мақсаты: Абылай ханның ішкі-сыртқы саясаттаржүргізудегі қол жеткізген саяси табыстарын талдау арқылы оның саясаткер, мемлекет қайраткерлігіне баға беру. Абылай ханның Мемлегерлік саясаттағы шеберлігін көрсету. «Шанды жорық» Қалмақ-Жоңғар соғысының аяқталуын қорытындлау.

1. Орта жүздегі саяси ахуал, Абылай ханың Жоңғариямен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынасы. XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастау алатын Қазақ, Жоңғар, Қытай арасындағы қарым-қатынастар қазақ ханы Абылайдың кезінде басталғаны баршаға белгілі. Ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы қайраткер тарихи тұлға хан Абылай туралы: «Халықтың ерік жігерінің тастүйін бірлігі Абылай ханның бір басында бейнеленді.Батырлармен тізе қосып,қаһармандықтың тамаша үлгілерін көрсеткен, сөйтіп халықтың ұйтқысы болған Абылай ханның ерліктері сонау қатал заманда қазақ рухын қайта түлетудің бір алтын діңгегіне айналды» деген. Хан Абылайдың елдің елдігі үшін Қытай-Жоңғар арасындағы сыртқы саясатқа тікелей араласып атқарған мәмлегерлік саясатының тарихы мәніне тоқталсақ.XVIII ғасырдың қырқыншы жылдары Қалдан Цнрен хұнтайшы қаза тапқаннан кейін Жоңғар нояндарының арасында туылған тақа таласу мен алауыздық Жоңғарияны аса ауыр жағдайға тап қылғаны тарихта мәлім. Осы Жоңғарлар қырқысы жөнінде Н.Мыңжан « Абылайхан осы орайды пайдаланып, Жоңғардың ішкі ісіне килігіп, үкімет билігіне таласқан Жоңғар феодалдарының біресе ол жағын біресе бұл жағын қолдап талас тартысты ушықтырып, оларды әлсірете түсті. Сол арқылы бұрын Жоңғарлар тартып алған қазақ жерлерін қайтарып алып отырды» деген пікірін білдірді. Ал, Қалдан Цереннің қалған екі ұлы Дауашы мен Әмірсана, Лама Доржимен соғысты. Бұл соғыста Лама Доржидан жеңіліп қалған, Дауашы мен Әмірсана қазақ хандығына қашып келіп Абылайды паналады. Абылайдың көктен сұрағанын жерден беріп бұл екеуін құшақ жая қарсы алды. Кезінде қазақ халқын талай қанды зұламаттарға ұшыратқан Жоңғар қаскөйлерін хан Абылайдың құшақ жая қарсы алуының себептеріне келсек: Біріншіден, отқа май құйып, шиеленісті одан әрі ушықтыра түсу, Екіншіден, қазақ халқының Жоңғарларда кеткен кегін қанды жорықтамен емес, қалмақтардың өз қолдарымен қайтару еді.

Үшіншіден, кезінде Жоңғарлардың қолтығына су бүркіп қазақ даласына айдап салып, осы қалмақ қолдары арқылы қазақ жеріне өз билігін жүргізуді көксеген Қытай билеушілеріне қазақ халқының оңай шағылар жаңғақ емес екенін көрсету болатын. Абылайдың да бар назары сол екеуінде. Ол қазір өзінің көптен дайындаған саясатынын жемісін көріп тұрғандай. Абылайдың бұл Жоңғар нояндарымен жақын таныстығына тоқталар болсақ, кейбір деректерде «Абылай үшін жоңғар тұтқынында болған уақыт із-түссіз кеткен жоқ. Ол ойрат тілін, жазуын үйренумен қатар, ол елдің ішкі жағдайларымен мұқият танысып, сонда жүріп Жоңғар ханзадаларымен кездескен. Хандықтың мықты және осал тұстарын байқап, өзімен пікірлес адамдар тауып Дауашы, Әмірсана деген нояндармен жақсы қарым-қатынас қалыптастырған. Мұның бәрін кейін өз саясатына мейлінше пайдалана білгендігі » айтылады. Мұндай мүмкіндіктерді мүлт жібермейтін Абылай үшін хұнтайшы тағына өзге емес, өз қанатынын астындағы нояндардың отыруының тиімділігі айтпасада түсінікті. Абылайдың ендігі ойы Лама Доржиды тақтан тайдырып, осы екеуінің қайсы бірін хұнташы тағына отырғызу еді.



Біріншіден, Жоңғарияға өз ықпалын жүргізуді көздеу.

Екіншіден, қазақтардың байырғы ата-мекені Алтай, Тарбағатай аймақтарын қайтарып алу еді. Осындай мақсаттармен Дауашы мен Әмірсананың төңірегіне топтасқан қалмақтың жасағына қазақтың сайдың тасындай іріктелген қолды қосты да « 1753 жылдың басында Абылай Лама Доржидың әскери жорығын күтіп отырмай өзі қалың қолды бастап қалмақ жеріне енді». Бұл жорықты Абылайдан басқа қазақтың бас батырлары ғана білген. Оған себеп, біріншіден, көпдылғы қырғын соғыстан қажыған өзі келіп тиіспесе өзге елді шаппайтын қазақ халқы үшін жат қылық болса, екіншіден, Лама Доржиға хабар жетіп қоюдан сескенген еді. Осындай шағын құпия жорықтың нәтижесінде « 1753 жылы 13-ші қаңтарда Дауашы хұнтайшы тағына отырды». Бұл жорық нәтижелі болғанмен Абылайдың жоңғарияға өз ықпалын жүргізуді көздеген мақсаты іске аспады. Оған себеп жоңғарлар арасында қайта басталған алауыздық пен таққа таласу. Енді хұнтайшы тағына отыра алмаған Әмірсана өзінің бұрынғы одақтасы Дауашыға қарсы шықты. Ойрат тайпалары тағыда аласапыран жағдайға тап болды. Бұл соғыста Дауашыдан жеңіліп қалған Әмірсана Еженханға ( қытай императоры Цянь Лунь автор) қашып барып паналады. Әмірсананың бұл әрекетінен (өзін емес Еженханды паналауынан) сескенген Абылай ендігі қауіптің алыстан келетініне ешқандай күмән келтірмеген еді. Жоңғар еліне төнетін негізгі қауіп қазақ хандығынан емес олардың түбіне жететін ең үлкен апат шығыстан екенін Әмірсана жақсы түсінбеген. Ол азулы айдаһар Жоңғария мен Қашқарияны ғана жұтып тоят тапса жақсы, оларды қанағат тұтпай қазақ даласына қол созатыны тек Абылайға ғана емес барша қазақ халқына мәлім еді. Ендігі жерде қазақтардың айқасатын жауы өзі тәріздес көшпелі қалмақ емес, отырықшы қысық көз шүршіт болмақ. Бұл қалмақтан да қатерлі жау. Сондықтан, әлі де болсада шығысқа қарай ілгеріліп қазақтың байырғы ата-қоныстарын қайтарып, алда болатын үлкен саяси дауға сақадай сай тұру қазақ халқы үшін өте қажет болатын. Бұл арада қазақ хандығы үшін Жоңғарияның өз мемлекетін сақтап тұруыда тиімді еді. Біріншіден, Шығыстан төнетін қауіп қатерге тосқауыл болса, екіншіден, өзінің ішіндегі саяси әлеуметтік-экономикалық жағдайды қалыпты етіп, түзетіп алу үшін қажет еді. Сондықтан да Абылай Жоңғар нояндарына алма кезек қолдау көрсетіп отырған. Сөйтіп,қазақ хандығының шекаралы аймақтарын кеңейту қамымен Абылай Алтайды жаудан тазартпақ. Бұл жер қазақ халқының ежелгі ата қонысы екенін басқаларға мойындату болса, сондай-ақ орта жүздің керей, найман руларының ата-мекені екенін ескере отырып, осы аймақты қалмақтардан қайтарып алмақ. Кейбір деректе « Х-ХІІ ғасырда найман тайпалары Селенга мен Орхон өзендерінің сағасынан Алтай тауларының шығыс сілемін алып жатқан. Керейлер туралы алғашқы мәліметтер ХІ ғасырдың ширегіне жатады. Олар Тола өзенінің аңғарын Орхон өзенінің орта ағысы ауданын және Онғын өзенінің аңғарын алып жатқан Шыңғыс хан шапқыншылығы қарсаңында, керейттер бүкіл қазіргі Монғолия мен Алтай аумағында үстемдік еткен, моңғолдар да олардың қол астында болғаны » жөнінде пікірлер бар. Осындай деректерге қарап, Абылайдың Алтайды азат етуі таңдауының бекер емес екенін байқауға болады. Әрине, жоңғарлар қазақ халқы үшін оңай жау болған жоқ .XVIII ғасырдың басынан орта шеңі дейін жоңғар әскері Орта Азияны тітіркенткен, күші басым жау болғаны тарихтан белгілі. Мұндай жауды қазақ даласынан ығыстырып шығару үшін қазақ халқына үлкен ептілік пен шеберлік қажет болмақ.Осы Абылайдың Алтайды азат етуін Қ. Жұмаділов шығармасында көрсеткен. «Маусым айының аяқ шеңінде Аякөз өзенінің бойында тоғыз таңбалы найманнан бір түмен қолды бастаған Қаракерей.Шілде айының басын ала Арғынның алты мыңдай қолын бастап Бөгенбай,Малайсары батырлар келіп жетті. Бұлардың соңын ала бес мың қол мен Керейдің батыры Ер Жәнібек пен батыр Баян келіп жетті. Дәл осы тұста Қарқаралыдан, қасында бір мың төлеңгіті бар Абылайда келіп қалып еді» - деп көрсетеді.Академик М. Қозыбаев «Абылайдан болған дәуірдегі әскер басы болып келген адамдар-Қаракерей Қабанбай батыр, Еспенбет батыр, Керей Жәнібек батыр, Қанжығалы Бөгенбай батыр және басқалар »деп Жұмаділовтың көрсеткен батырларын анықтай түседі.Осылайша,шығысқа Алтайды азат етуге аттанған Абылай қалмақтардан Алтайды азат етіп қана тоқтаған жоқ, Жоңғар қақпасы арқылы Бұратолаға асып түсіп, Дауашының ордасын шапты.Н.Мыңжан «Абылай 1754 жылы қазанда Дауашының орталығы Іле өңіріәне келіп тиісті.Буратола өңіріне дейін шабуыл жасады. Бұларадағы ойрат тайпаларын айдап әкетті. Дауашы әскерлерінің Іле өңіріне сақтаған астық, торғын-торқа мал-мүлкін талап алды» - деп нақты дәлелдер келтіреді. Қазақтардың бұл жорығынан қытыайлар да хабардар еді, енді оларға Жоңғарияға қол аттандыру сылтауы да табыла түсті. «Қазақтардың Дауашыға жорық жасағанына қарағанда,Дауашы күші тым әлсірейін деген екен. Егер біз жедел әскер аттандырмасақ, қазақтарың көлденең олжаға ие болып кетуі сөзсіз» деп қытайлықтар Жоңғарияға қол аттандыру шешімін қабылдаған.Бірақ Дауашы ордасын талқандаған қазақтар бұрынғыдай емес, ішкі әлеуметтік-экономикалық жағдайы біршама жақсарып қалған айлалы басшысы бар ел еді. «Чин патшалығы 1755 жылы ақпан айында Жоңғарияға екі бағыттан екі жүз мың қол аттандырған және де өздерінің қазақтар жөнінде қабылдаған принциптерінде жариялады». Бұл аттаныста қытайлықтар Әмірсанадан көмегін аямаған,тек көмек беріп қана доғармай, Чин патшалығының шекараны тыныштандыруда сол қол генералы деген шенде берген. Олардың Әмірсансаға осыншама Құрмет көрсетуі,болашақта қазақ жеріне жорық жасауға пайдаланбақшы еді. Талай жыл Абылай мен аңда болған қазақ даласының қыр-сырын жақсы білетін Әмірсана Қытайлар үшін таптырмас олжа екені анық. Сонымен,шығысқа Алтайды азат етуге шыққан қазақ жасақтарының жорығы батысқа Жоңғарияны тыныштандыруға шыққан Чин патшалығының аттанысы бірінен соңбірінің шабуылына ұшырап, әлсіреген Жоңғар елін қытай әскерлері шауып жасағын талқандап, ел билеушілерін қолға түсірді.Енді Жоңғарияның мүлде жойылып кетуі неге әкеліп соғатынын жақсы түсінген Абылай,батысқа қарай ілгерілеп келе жатқан қытайға қарсы шыққаннан көрі Жоңғар хандығын қайта қалпына келтіру қамымен өз саясатын жүргізе бастады. Дәл осы тұста өз қателігіне көзі жеткен Әмірсана қытайларға қарсы қайта бұлік тудырып,қазақ хандығына қашты. Бұл жолы қашып келген Әмірсананы Абылай тағы да құшақ жая қарсы алды. «Сөйтіп,1755 жылдың қыркүйегінде Әмісана қытай басқыншыларына қарсы күреске кірісті. Абылай қалмақтың ұлт-азаттық күресін қолдады. Сол көмекке сүйене отырып Әмірсана елін азат етіп,өз билігін Жоңғардың негізгі жеріне жүргізе алды. Жау ктісімен бақталастық қайта басталды. Соның салдарынан 1756-1757 жылдардағы Цин империясының әскери шапқыншылығы олар үшін жеңіспен аяқталып,Жоңғар мемлекетінің тағдыры түбегейлі құрумен шешілді. Әмірсана қайтадан қазақ даласына қашты. Осылайша батысқа қарайлап қойған қытай әскерлері жоңғарияның дербестігін жойып, Шығыс Түркістанды басып алып,өз шекараларын кеңейте түсті. Жоңғарларды алма-кезек қолдап, бір-біріне айдап салып,ішкі жағдайы едәуір турақталып қалған қазақ хандығы үшін ендігі жағдай біршама қиынға түспек.

Орыс патшасының ұлықтарыда Абылай сұлтанның шын мәніндегі үлкен саясаткер тұлға екенін тани білді.Сондықтанда Абылай сұлтан арқылы орта жүздегі бодандық билік жүиесін жүзеге асыруды көздеген мақсаттарын іске асыруда қандай болмасыншығын қаражатқа қарамай күш салуды көздеген әрекеттерінің өзінен 1743 жылғы желтоқсандағы шекаралық Сібір шебінің губерниясының кеңсесіне жіберген. Абылайға қатысты хаты көп жайдың мәнін байқатады.

Сол тұстағы қазақ-қытай қарым-қатынасына Ресей патша үкіметінің ұстанған саясатына тоқталсақ. А.Добромыслов пікірінше. Орыс үкіметі үнемі жаугершіліктің болуы және Новороссийск өлкесінің құрылуына байланысты шығыс аймаққа көп көңіл бөліп алмады. Одан әрі аз уақытта көп әскер жіберіп, қазақтарды басуға болар еді. Онда қазақтар 1756 жылғы жоңғарларды қырып босатқан Қытай жеріне көшіп кетпек. Онсыз да қазақ хандығы Ресей шекарасынан аулақ көшіп Қытай боданы болуды армандап жүрген. Абылай болса Богды ханның боданы деген ойын қалдырған. Біздің айтпағымыз, Добромысловтың бір жақты пайымы тарихи ақиқатты алшақ жатқандығы.

Сонымен қытайлардың Орталық Азияға қызығушылығы жөнінде саясаттанушы Е.Карин. «1756 ж. Император Цян –Лунь Қытай порттарындағы саудаға тыйым салды. Европалықтардың белсенді енуі Азиялық Тынық мұхитта қытай үстемдігін мүмкін еткен негізгі әскери және экономикалық айқындамалардың әлсіреуіне әкеп соқты. Сол себептен Пекин аймаққа өзінің баяғы саяси билігін жүргізе алмады. Алайда оқшаулану (изоляционизм) саясаты қытай үстемдігін Оңтүстік –Шығыс Азияда әлсіреткенімен, қытайдың ықпал ету аймағымен қосымша басқа территорияларды енгізу қажеттігін туғызды. Сөйтіп геосаяси ахуал өзгеруінен Қытай оңтүстік және оңтүстік-шығыста қысылып қалып,орталық Азияға саясатын үндетүге мәжбүр болып, Қазақстанға қатысты мүдесінде өзінің саяси ықпал ету аймағын кеңейтпек болды». деген тұжырым жасайды.Осылайша батысқа (орталық Азияға автор)қарай ілгерілеп келе жатқан Қытайлықтар мен саяси келіссөздер жасасып дипломатиялық қадамдарға көшпесе Жоңғарлардың басына туған күн,қазақтарға да келуі ғажап емес еді.Осындай принциптерді ұстанған Абылай 1757 жылы Қытайға елші жіберді.Ондағы қазақтың Абылай бастаған ел ағаларына жолдаған хат: «Қанжығалы, Танаш, Атығай, Өміртай, Төлен, Аланза, Бекенай деген елшілеріңіз Жы-хыға келіп менімен (Еженханмен) дидарласты. Оларды осы арда үлкен сый көрсетіп қайтармақшы болып едік,Қанжығалы бастаған елшілік Бәжіңгеде апарсаңыздар деген тілек білдірді. Сондықтан олар өз нөкеіме ілесіп,менімен бірге Бежіңге барды.Оларға қайтадан дастархан жайып сый көрсеттік.Абылай,Әбілпейіс сіздерге арнап бірнеше асыл киім жібердім. Оны елшілеріңіз барғанда табыс етер»- деп баяндаған. Осылайша дипломатиялық қатынастарға көше бастаған қазақ билеушілері ұлы жүз.кіші жүзденде елшіліктер аттандырған еді.Қытайлар қазақ елшілеріне сый көрсетіп шен-шекпен баріп қайтару.Қазақ елдігін мойындап алыс-беріс қатынас арқылы дипломатиялық байланыста тең көріп санасатын пікірлерін сездіргендігінің белгісін байқауға болады.Сондай-ақ өз позицияларында қазақ елшілері көнгіш болмай қытайлықтардың қазақ елдігіне деген саяси көзқарастарын қазақтармен санасып жүргізуіне ықпал ете отырып,Қытайлардың қазақ даласына ілгерлеп кіруіне тосқауыл болуды ұстанды.Елшілік бағыттарындағы ұстанған мақсаттарын жүзеге асыра білді. Бұлда бабаларымыздың қарыс сүйем жерімізді қарумен де, ақыл-айла мен де қорғап қалдырған аманат істерінің тарихы еді.



2. Абылайдың әскери мемлекеттік қызметі.1775 ж. Абылай сұлтан дербес көшіп-қонып жүрген көптеген старшындар мен сұлтандар оның ішінде Әбілфейс те бар кейіннен қайтыс болып кеткен. Ресей Сібір шекаралық бастығы арқылы өздерін Ресей қол астына алуына сұраған.

Абылай сұлтан 1771 ж. дейін сұлтан аталып, 1771 ж. бастап өзін Абылай хан атаған. Ресей үкіметі Абылайға хан атағын айтуының себебін сұрағанда Мен хандықты қалмақтарды жеңген еңбегім үшін алдым. Үш орданың ханы болып Бұрынғы дәстүр бойынша Түркістанда тұрып. Өлгенде қасиетті әулие Қожа Ахметтің мазарының қасында жерлену арманын жүзеге асыру мақсатын жеткізеді. Мұны естіген ІІ Екатерина Абылайдың үш орданың бас ханы болып, Қытаймен одақтасып қазақ даласының дербестігін алып, кете ме деген қауымынан болар. Абылай хан Ресейден өзінің шенеуліктерін жіберіп, хандық атағын бекітуіне өзінің өтінішін беруіне көндіруге арнайы адам жіберген.

Абылай хандығын бекітуге өтініш сұрап ұлы Тоғымды жіберетінін айтады. Тоғым 1778 ж. Санкт-Петербургке келеді. Абылайдың үш жүздің ханы етіп бекітуін сұраған өтінішін қарай келіп, үш жүздің емес, тек орта жүздің ханы етіп жариялап бекітуді ұйғарады. Патша үкіметі үш жүздің ханы етуді қаламайды. Себебі Абылай ханды үш жүздің ханы етіп сайласа, қазақ даласын уыстарынан шығарып алатындықтарынан қорықты. Нұралы ханды кіші жүздің ханы етіп жариялағанда патша үкіметі Нұралы хан орта жүзді де Ресей бодандығына әкелетіндігіне сенген болатын. Нұралы хан Ресей патша үкіметінің, күткендеріндей болмады. Сондықтанда олар қазақ хандарына сенімдері бола алмады. 22 мамырда 1778 ж. сұлтан Абылай Ресей тарапынан Орта жүздің ханы болып бекітілген грамотаны патшайым ІІ Екатеринаның қолынан алды. Абылай өзі бармады ұлы Тоғым хандық грамотаны алды.

Патшайым Абылай ханды жақын жердегі бір шекаралық бекініске шақырып ант беру салтанатын өткізіп Абылайдан Ресей үкіметіне адал қызмет етуге ант алуын тапсырады. Шекара бастығының Абылайға ант беруіне көндіргісі келген бірнеше әрекетінен түк шықпаған. Сондықтанда хандық грамотасы, хандық белгісі, сыйға тартпақ болған бұлғын терісінен тігілген тон, қара түлкіден тігілген бөрік, қылыш Абылайға табыс етілмей қалған. Осылайша Абылай хан өзін патша үкіметінен де тәуелсіз етем, дербестігін сақтап қалды. Кейін патша үкіметі ақшалай сыйақыны беруді тоқтатады. Орыс шенеуніктеріне Абылай хан ордасына баруға да тыйым салады. Шенеуніктердің жеке өмірлерінің сақтығы үшін. Патша үкіметі реті келсе Абылайды тұтқынға алып ішкі губернияларға жіберуді тапсырған Абылай әскерімен буруттарды шауып талдары мен көп адамдарын тұтқынға алып, буруттардан аманатқа адамдар алып Түркістанға көшіп кеткен. Тұтқын буруттарды орта жүздің солтүстігіне қоныстандырып, ұлы жүзге ықпал жасау үшін ұлы Ғаділге Талас өзені бойына ұй салдырып, оның қасына қарақалпақтарды қоныстандырған. 1781 ж. Ресей шекарасына қарай қайтып келе жатқанда 70 жасында жолда қайтыс болады. Түркістанға жерлейді. Абылайдың қайтқанын естіген Қытай билеушісі өзінің шенеунігіне Орта жүзге жіберген Абылай хан өліміне байланысты көңілдерін білдіріп тағзым етіп қайтуға Ералы қарақалпақтар хан Сыр бойына көшіп кетеді. 23 желтоқсанда 1781 ж. Орынбор губерниясын жауып, Уфа наместничествосын ашуды ұйғарды. Оның құрамына Орынбор губерниясы кірді. Орынбор облысы аталды. Облыс құрамына төрт уезд кірді. Орынбор, Берхоуральский, Бузулукский және Сергеевский өлке бастығының резеденциясы Орынбордан Симбирскіге көшірілді. Басқарушының титулы генерал-губернатор 1784 ж. генерал-губернатор қызметіне барон Игельстроп тағайындалғанша Симбирскіде болды.

14 қаңтар 1784 ж. ІІ Екатерина жарлығы Орынбор өлкесінің бастығы генерал-поручик Иван Варфоломеевич Якоби Орынбордан шекаралық экспедиция ашуды тапсырады. 1770 ж. бастап кіші жүз ханы Ресейге аманат бермеді. Орта жүз ханы Абылай аманат бермек түгел хандығын Ресей тарапынан берілген грамотасын да алмады. Орыс-қазақ шекара барымтасы тоқтамады. Осының бәрін тоқтату үшін ІІ Екатерина қазақ шекараларына іргелес орыс қалаларына мешіт салуға, татар мектептерін ашып, бала оқытуға бұйрық береді, қазақтарды өздеріне тартудың тәсілі еді. Осылайша қазақтарды Ресейге орыс халқына жақындатуды ұйғарады.

6 тамызда 1785 ж. генерал губернатор барон Игельстром Орынбор, Троицк бекіністерінде мешіт құрылысы бітіп ашылғандығын патшайым ІІ Екатеринаға хабарлайды.



Бекіту сұрақтары:

1.Абылайдың Жоңғариямен, Қытаймен, Ресеймен ұстанған саяси қарым-қатынасының нәтижесі қандай болды?

2.Абылайдың әскери мемлекеттік қызметі туралы жазылған қазақ тарихшыларынан кімнің еңбегін білесіз және еңбек қалай аталады?

3. Неге «Шанды жорық» аталған?


Дәріс №7 Қазақстандағы ХVІІІ-ХІХ ғ. басындағы саяси жағдай.

Негізгі ұғымдар: Ноян, қара қалмақ,құба қалмақ, Шаңды жоры, жаушы,елші.

Жоспар:

1.Ресей патша әкімшілігінің Қазақстандағы ХҮІІІ-ХІХ ғ.басындағы саясаты.

2. Жоңғаряның талқандалуы. «Шаңды жорық»-жоңғар соғысының ақыры.

3.Қазақ-жоңғар тарихының тарихнамасы.



Мақсаты: Қазақ-Жоңғар соғысының тарихи маңызын ашу «Шаңды жорықтың» тарихи алғы шартын көрсету. Қазақ-Жоңғар қатынасының тарихының тарихнамасындағы тарихи пікірлерді саралау.

1.Ресей патша әкімшілігінің Қазақстандағы ХҮІІІ-ХІХ ғ.басындағы саясаты. Қазақ халқын Ресей патшалығының қол астына қаратуда қазақ даласын патша өкіметінің әкімшілік басқаруын іске асыру арқылы шын мәніндегі отар еліне айналдырудағы патша әкімшілік басқару жүйесін жетілдірудегі ізденістерінің нәтижесін талдап, қорытындылаған арнайы коммисияның қазақ даласында болып қайтқан іс- сапарларының есебінен мұрағат деректерінен пікір көзқарастарын, мақсаттарын айқын көруге болады.

Сол кездегі басқару жүйесінің әкімшілік құрлымның қазақ даласындағы бірі Орынборлық жүйенің сипатына тоқталсақ:1. Орынборлық жүйе,- шекаралық басқару жүйесі.Қазақтар Ресей құрамына бодан болып қабылданғаннан бастап патша үкіметі қазақ халқының ішкі өміріне араласпады.Көздеген басты мақсаттары шекаралық барымтаны тоқтатып тынышталдыру және орыс-қазақ айырбас- сауда қатнасын жүзеге асырып, қазақ даласы арқылы Орта Азияға сауда- саттық қатнасын орнату болды. Бұл басты мақсаттарының негізінде көп жылдық саяси- экономикалық мәні бар ресейлік сыртқы саясатының мәні жатты оны жүзеге асыру үшін шекара барымтасын тоқтату керек болды. Қазақ даласы арқылы Орталық Азияға сауда керуендерін жүргізу үшін қазақ даласының қауыпсыз аймаққа айналдыру керек болды.

Қазақ даласымен Орта Азиямен сауда қатнасын жолға қою арқылы.1.Патша өкіметінің қазынасын байыту. 2.Қазақ даласымен, Орта Азияны Ресейдің тауар рыногына айналдыру. 3.Экономикалық қатнас жасау арқылы түбінде экономикалық тәуелді етуге қол жеткізу. Айырбас-сауда арқылы қазақ даласының байлығын Ресей империясының өндірістерінің өте арзан шикізат көзіне айналдыру еді.Осы мақсаттарын іске асыру бағытында ХІХғ. І ширегіне дейінгі барлық ресми үкімет жарлықтары, статтық кеңесші Кириловка берілген 1734 ж. нұсқаудан бастап. Қазақ даласында «тыныштық орнату », «татулық орнатуға» бағытталды және қырғыздарды (қазақтар Ө.И.). «шын мәніндегі бағынған қол астындағы азаматтыққа келтіру» делінген.

Қазақ даласындағы басқару басындағы дәстүрлі хандық билікті бірнеше рет өзгертіп бақты. Патша үкіметінің қазақ даласындағы басқару саясатының мәні. М.Вяткин пікірінше: 1811 ж. Елек өзені бойында бекіністер салуға патша үкіметі шешім қабылдайды. Бұл шешімдері 1821ж. жүзеге асырылып Елек пен Жайық өзендерінің бойындағы шұрайлы да құнарлы жерлерді қазақтардан алу мен қатар қазақ мемлекеттігін жою ісі қатар жүргізілді.

... Ханның араласуымен жүргізілетін басқарудың ескі жүйесі шын мәніндегі бұрынғыдай билік күші жоқ хандықтын өзі патша әкімшілігін қанағаттандырмады ; патша өкіметі қазақтардың тәуелсіздігін толықтай жоюға жұмыстандығын» дәлелдейді.

Патша өкіметінің қазақ даласындағы басқару жүйесіндегі өзгерістер енгізуде мұрағат деректері;

«ақсүйектер элементтері арқылы әсер ету жүйесі басқарудың халыққа үлкен зиянын келтірді, пайдасынангөрі ықпалы күшті ордалықтар үкіиет алдындағы жауапкершілігімен өз халқының тарапынан жаны ашушылығын жоғалтқандықтан оларға енді екі жүзділік әрекет жасауларынан басқа ештеңе қалмағандығын жеткізеді».

Басқару жүйесінің мұндай кемшіліктері қазақ халқы үшінді тиімсіз болды.

Қазақтың дәстүрлі хандық билік хандық институттың беделі түсіп кеткенді. Бұл жөнінде Әйтеке бидің өсиетін жыр жолдарымен жеткізген Кожаберген жырау былай дейді:

Төреден Әйтеке би безін деді,

Келді ғой көсем сайлар кезің деді

Қазақты батыр көсем басқармаса,

Быт-шыт қылар жау қалмақ сезін деді

Хан сұлтан, төре күні өткен деді

Олардан ақыл- айла қалған деді.

Бұл жыр жолдарындағы Әйтеке би өсетінен байқанымыздай ақсүйек төре тұқымдарының билік басындағы саясаты қазақ халқының мемлекеттігін сақтап қалуға одан әрі билік жүргізудегі дағдарысқа ұшырағандығының ХҮІІІғ. басынан бастау алғанын жеткізеді. Мұнда Әйтеке би қара халықтан шыққан халық қамын ойлайтын халықтан шыққан шынайы ұлт мүддесін сақтап қазақ мемлекеттігін сақтап қала алатын халықтан шыққан тегі қарадан шыққан болса да заман талабына сай отаршылдық бұгауына түсуден сақтап қала алатын көсем керектігіне мұрагерлік хан билігінен бас тартатын уақыт жеткенін айтып кеткен.

Ресей империясы қазақ даласындағы басқару жүйесінің нәтижесіне көңілдері тоймай, түбегейлі өзгертуді басқару жүйесін реформалау арқылы түбегейлі өзгертуді қойды.

Бұрынғы өлке бастағы, барон Игельстром қазақ даласына тәртіп енгізу және мықты әкімшілік қажеттігін алға тартып, барлық күшті салуы императрица ІІ Екатеринаның оларға көніл бөлгеніне қарамастан аяқсыз қалды. Аяқсыз қалуының негізгі себептері, қазақтарды әкімшілік басқару ісінде және сот ісінде ІІ Екатерина мекемесінің губерниялық басқаруды жүзеге асырудағы халықтың тұрмыс салтдәстүрімен санаспағандығы және халықтың мінез құлқының ерекшелігін назарға алмағандығынан екінші жағынан қазақтардың реформаға байланысты наразылығы тууынан қорқуына байланысты патша үкіметтінің әрекетінен болған қорқуларынан еді.

Ордалықтардың Ресейге нақты тәуелділігінің жүз жылдығынан кейін Ресей патша үкіметінің ақыры көзі жетті, яғни халық және хан қазақ даласында бір тұтас органикалық бірлікті құрамайтынына, тіпті қарама қайшы мүдделері бар ханның болуы қазақ халқы үшіде сондай-ақ патша үкіметі үшінде зиянды болатын.

Хандық құндылық жойылды. Қазақ даласын әкімшілік басқарудың құрылымының бастамасы салынды.Бұл құрылым бойынша көшіп жүрген қазақтар Орынбор- Оралдық линияға, линиялар-дистанцияға, әрбір дистанциялар- ауылдарға. Осылайша әкімшілік құрылым үш бөлімге бөлінді. Бөлім басқармалары мен дистанция және ауыл бастықтары бірынғай қазақтардан тағайындалды.Қазақтарды басқарудағы басты билік Орынбор өлкесінің шекаралық коммисиясының қолына шоғырландырылды. Мұндай далалық құрылымды қалыптастыру кезеңі 1820 ж. Орынбор қазақтарын басқарудың жоғарыдан бекітілген Ереже жиынтығы 1844-ші жылы заңдастырылды.Бұл Ереже жиырмасыншы жылдары қабылданған шарларға тек қана қосымша енгізгені линиялық тұрғындар мен қазақтар арасына делдалдық үшін орыс шенеуіктерінен алты қамқоршы тағайындалды.Ал, 1859 жылы шекаралық комиссия, Орынбор қырғыздарының облыстық басқармасы болып атауын өзгертті және өзіне әкімшілік пен сот билігін қосты.

Басқарма төрағасы облыс басқармасы аталды, аса ерекше жағдайда болды: заң бойынша Ресейдің барлық жерінде губерния бастығының облыстық құқығы болмады. Дейтұрғанмен, басқару ісінің барысына жауапты болды. Облыс басқармасы, заң мәнінде облыстық басқарманың төрағасы бола тұра, облыстық басқармаға дейінгі қатысты барлық істе, генерал- губернатордың жеке өзіне тапсырылған істерден басқасына (ст.761т.ІІи 2 упр.Оренбургскими киргизами). «Шын мәнінде, облыстағы басқару ісі Генерал-Губернатордың қолына шоғырландырылды. Бұдан областық басқарманың тарапынан әрекет етудің баяаулығы болмай қалмады. Областық басқарманың коллегиялық күші бар мекемесінің қатысуынсыз әрекет ете алмайды».

Жеке басқару ісіндегі құрылымға өтуде, жергілікті басқару ісінде барлық қызметкерлерді үкімет тағайындады.

Халық қалауы бойынша емес еді. Бұның өзі түптеп келгенде рулық қатнасты бұзді, тағайындалған адам өзінің қызметтегі мерзімінің ұзақтығын сезінеді. Қызметтен ауыстырылуы немесе босатылуы бастыққа байланысты, халық еркінде емес-еместігін түсінеді. Сондықтан сорақы қиянат жасауға дейін барады. Қызмет орнын табыс көзіндей көреді.

Жалпы жергілікті үкімет өкіметтің өте қанағаттанарлықсыз органы болды. Комиссия пікірінше, Ордалықтар басқару ісінде не ғұрлым жоғары орынға ие болған сонын соғұрлым зиянды тек өзі ғана адал ниет танытпайды. Өзінің ықпалымен өзінен дәрежесі төмен бастықтарға әсер етеді. Хандарды ауыстырған сұлтан-правительдер хандық биліктің кемшілігінің көп бөлігін сақтап қалды. Айырма мынада бұрын жалғыз хан болды, ал енді далада бақылаусыз үш бірдей басқарушы бар. Сұлтан-правительдер, халықтың көнілінен шықпады. Оның нақты көрінісі жазғы көшуде далада оларға күзетші алып жүру керек болды, ал кейде түгел казак отрядың күзетке алу керек болған кездері болғандығы айталады.

Мұнан біз сұлтан-правительдердің өздерінің халықтан қашықтағаны соншалық жазғы көш кезінде қауыпсыздықтарын қамтамасыз ету үшін патша үкіметі тарапынан арнайы күзет бөлінген. Осылайша сұлтан-правительдермен бұқара халық арасына сына түскенін көреміз.

Жергілікті өкіметтің (қазақ жерінің билігі туралы Ө.И.) өлкенің бас бастығының 1858 ж. ордалық билеушілерге бақылаушы шенеуіктерді тағайындауға өтініш жасауға мәжубір болған. Іс жүзінде мұндай шараларыда тәртіпсіздікті, сорақылықты тоқтатуға ешбір пайдасы болмаған.

Билер соты жақсы мәнінің бәрін жоғалтқан. Билер шешімін әкімшілік адамдары өзгертіп отырған. Осыдан келіп, халықты жеттету мен сорақалықтар шығып отырған. Жергілікті үкімет өз бетімен әрекет еткендігі соншалықты, халықты шошытқан, кейде областық басқарма мен областық басқарушының істі қарау туралы жарлықтары арызданушы қазақтардың өздері істі тоқтатуды сұраған. Себебі, шағымданушының өзі басқарушы және дистаничный бастығының қаһарына ұшырамас үшін. Орынбор қазақтарының областық басқармасы сол уақытта комиссия құрамы мұндай басқару жүйесінде әкімшілік ісін жетістікпен басқара алмайтынына шағымданған. Жалпы кіші ордалықтар (кіші жүз қазақтары Ө.И) жері 1841ж. 1 қаңтардағы Орынбор ведомостволық Ново-Александров бекінісінің манындағы көшіп жүрген қазақтар жөніндегі линиялық бастықтың берген есебі бойынша 15 мың 70 шаңырақ (күйме, киіз үй Ө.И.) ондағы ер адамдар саны 31 мың 144, әйелдер 25 мың 273 барлығы 56 мың 417 адам болғандығы жөніндегі дергін жеткізеді. ХІХ ғ. 60-шы жылдарындағы Кіші ордалықтар туралы деректе «Жері 700 мың шаршы шақырымнан астам, ерлерімен әйелдерің қосқанда 750 мыңнан аса тұрғыны», барлығы айтылады. Осы себепті жер көлемінің үлкен аймақты алып жатқандығында, облыстық басқармаға әкімшілік жарлықтарды жүзеге асыруда аса қиындықтар әкелген. Осындай жағдайларға байланысты батыс бөлігіне назар бөлуді ұйғарады. Онтүстігінде Хиуалық иелік пен шектесіп жатқандығы. Бұл аймақтын Орынбормен тікелей байланысы болмаған. Облыстық басқарманың бұйрықтары және өлкенің бас бастығының жарлықтарының көп бөлігі Орал әскерлері арқылы жеткізілген, линияның өзінде сұлтан-правительдің ставкасы тұрған. Онтүстік болігімен шектесетін аймақта көшіп жүрген қазақтар Ресей империясының билегін номиналды түрде ғана мойындаған. Олар әр уақытта үстіртке кетіп сол жақтан Хиуаға дейін көшіп кетіп, күймеге салынатын салықты (күйме бұл жерде киіз үй мағынасында дұрысы шаңырақ салығы Ө.И.) төлемеуден жалтара алатын болған.

Бұл жағдайлардың дамуы: Адай, Табындар, Шөнішті және т.б. үстіртте көшіп жүргендерге қолайлы болды. Мұндай әрекеттерге бару арқылы Ресей үкіметіне деген жаулық көнілдерін білдірер еді. Орал линиясына жақын көшіп жүрген, қазақтардың осы бөлігі экономикалық жағдайлар байланыстыратын казактар мен тарихи себептердің зардабына байланысты олар мен жаулық қатынаста және тұрғындардың екі бөлек ведомствоға бағынуларына да байланысты болды. Орал бастығына және қазақтарды басқару. Әрбір ведомства кейде бір жақты өздерінің бағыныштыларының ғана мұқтажымен жақын таныс, сондықтан көбіне әділ істі жақтамай өз ведомстволарына бағыныштыларының ғана мүдделерін қорғаған.

Мұндай жағдайлар әрекеті бір территориялық аймақта тұрғандарды жақындастырмады керісінше жасанды аралас сословиялар тайпалар арасында ымырасыздық тұғызды. Оның себебі халықтың тұрмыстық формасынан емес билікке бөлінуінен болатын.

Мұрағат деректері Ресей патша өкіметінің билігінен қазақ даласының батыс бөлігінің бақылаусыз, басқару жоқ деседе болғандай екендігі жөнінде комиссия күәландырған жағдайды жеткізеді. Осындай басқару құрылымы жүйесінің жоқтығынан жергілікті басқарушылар шектен тыс залалдар келтірген. Оған дәлел Орынбордағы батыс бөлігіндегі бұрынғы сұлтан-правитель полковник Тяукин үстінен жүргізген тергеу. Оның бір талай көп салық жинауы Орал казактарымен Орал бойының тоғайларындағы талас-тартыс істі шешу шығындарына деген сылтаумен әрекет еткендігі...

Күйме салығы (кибиточный сбор немесе шаңырақ салығы Ө.И.) Орынбор далалық әкімшілігінде болды. Әр шаңырақтан 1 руб. 50 көп. күміс ақша алынды. Қазақ даласында 1837 ж. дейін ешқандай алымсалық міндеткерлік Ресей үкіметі тарапынан болмаған. Күйме салығы 1837 ж. шықты. Құрылған бірінші жылы күйме салығынан Ресей үкіметінің қаржынына 23 259 руб. түссе, 1865 ж. 283 240 руб. дейін өскен. Көлденен қазақ даласынан келіп жатқан бұл қаржы мөлшеріне де ризы болмаған.

Ресей үкіметінің далалықта қазақ өкіметінен басқа ешқандай органы жоқтығынан, салықтын дұрыс түсіп жатқанын қадағалайтын мүмкіндіктері жоқ болды. Сондықтанда жиналық салық мөлшеріне қанағаттануларынан басқа ештеңе қалмағандықтарына қиналып, көп қазына түспей қалып жатқандығына өкініштері барын білдірген.

Қазақ даласында тархандар күйме салығын мал басына салынатын яса салығын төлемеді. Ресей үкіметі тарапынан тархандық шен алуларына байланысты салықтан босатылатын ерекше пәрменді құқықтары болатын.

Мұндай алымсалық мәселесіндегі жағдайлар Ресей үкіметің бейжай қалдырмай, қазақ даласындағы әкімшілік биліктерді қайта қарап кемшіліктерінің орынын түзеуге итермелегенде болу ғажап емес, ордалықтардың билік қызметіне линиялық қазақтар қамқоршылары қызметін қарама-қарсы қоюға болады. Линиялық қазақ қамқоршылары шенеуніктері өздерінің міндеттерін адал атқарып, қазақтардың орыс шенеуніктерінің ордалық биліктегі қызметшілерінен артықшылығына комиссия көздерін жеткізгендіктерін мәлімдейді..

Қазақтың қөшпелі шаруашылық тұрмыс өмір салты Орыс патша үкіметінің қазақ жерімен суына бекініс салып ие болып қалуларына да қарсылықсыз қазақ даласына кірулерінеде қолайлы жағдай жасап бергенін де ескеруіміз керек. Біріншіден, кең даладағы қазақтардың Ресей шекарасымен шектесіп жатқан жазғы жайлаулар жерлеріне бекіністер салды,қыстауларға тиген жоқ.

Атақ, лауазым, шен беру арқылы қазақ даласына шен-шекпенге таластыру арқылы қазақ елінің ел ағаларымен ру басыларынан арасына алауыздық енгізу саясатын көздеді Империялық бұл саясат.

Біріншіден, қазақ халқының ынтымақ бірлігін бұзып алауыздық енгізуді көздеді.

Екіншіден, ру басылармен би батырларды өзара биліктегі атақ лауазымға таластыруды көздеді.

Үшіншіден,халықтың арқа сүйер игі жақсыларынан старшын ағаман атағын алғандарды аға сұлтандарды биліктен айырылып қалмас үшін жеке бастарының қамы күйіттейтін дәрежеге жеткізіп халықтан алыстатуды көздеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет