Қазақстанның жаңа заман тарихы пәні бойынша оқУ Әдістемелік кешені


«Қазақстанның жаңа заман тарихы» пәні бойынша бақылау жұмыстарының тақырыптары



бет5/12
Дата28.01.2018
өлшемі2,82 Mb.
#34655
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

«Қазақстанның жаңа заман тарихы» пәні бойынша бақылау жұмыстарының тақырыптары

1.Қазақ-жоңғар қатынастары (XVIII ғ. 20-50жж.)

2.1867—1868жж.ережелер:мақсаты , сипаты, негізгі бағыттары.

3. XXғ. Басындағы әдебиет.

4. тәуке хан және басқа ел басшыларының жоғарғы шапқыншылығына байланысты қолданған шаралары.

5.1868-1870 жж. ережелері өзгерістеріне қарсылық. Орал, Торғай және Маңғыстау көтерілістері.

6.XIXғ. Соңы –XXғ. Басындағы Қазақстанның сауда ісі.

7.«Ақтабаншұбырынды, алқа көл сұламакезеңі және азат ету шайқастары.

8. 1886-1891 жж. ережелер мазмұны.

9.-XIX-XXғ. Басындағы Қазақстан банк кредит ісі.

10. Жоңғарлардың –XVIII 40-50 ж.ж жорықтарна қарсы күрес.

11.XIXғ. 2-жартысындағы Қазақстанға қоыс аудару қозғалысы

12.-XXғ. Басындағы Қазақстна музыка өнері

13. жоңғар басқыншылығына қарсы жалпы халықтық күрес және оны ұйымдастырудағы батырлардың ролі.

14.XIXғ. қазқстанның өнеркәсіп өндірісі

15.XIXғ. соңы –XXғ. Басындағы баспасөз ісі.

16.XVIIIғ. Қазақ орыс байланыстары.

17.-XIXғ.20-30ж.ж. наразылық толқулар

18.-XIX-XXғғ. Қазақстан мәдениеті: колөнер, көрмелер.

19. Қазақ жерінің Ресей империясы құрамына өте бастауы(XVIIIғ.30-40жж.)

20. ХҮІІІ-ХІХғғ. Қазақстандағы сауда ісі.

21.ХХғ. басындағы әлеуметтік азаттық қозғалыстар

22. Сырым Датұлы бастағын Кіші жүз қазақтарының азаттық күресі.

23.ХІХғ. 2-жартысы-ХХғ. Басындағы Қазақстан қалалары және көлік жолдары.

24.ХХ. басындағы демократиялық ұлт –азаттық күрес идеологиясының қалыптасуы.

25.Абылай хан-тарихи тұлға

26.ХІХғ. Қазақстандағы оқу ісі.

27.ХХғ.басындағы мұсылмандық –түркілік көзқарастағы зиялылар қызметі.

28.Кеңесары Қсымұлы бастағын ұлт-азаттығы жолындағы күрес.

29. ХІХғ. Қазақтанның әдебиет өкілдері.

30.ХХғбасындағы Қазақстан экономикасы.

31.Бөкей ордасы және Жәңгір хан.

32.Қазақстнаға қоныс аудару және қоныстандыру туралы ережелер (ХІХғ. 2-жартысы-ХХғ. басы.)

33.ХІХғ. 2-жартысындағы Қазақстандағы музыка өнері.

34.ХҮІІІғ. 2-жартысындағы Қазқстанның экономиаклық-саяси жағдайы.

35.ХІХғ. 30-40 ж.ж. Исатай, Махамбет батырлар бастаған азаттық көтеріліс

36. ХХғ. басындағы Мемлекеттік дума жұмысына қатысқан қазақ депутаттары.

37.Қазақстандағы саяси хандық билікті жою. 1822-24жж. ережелер.

38.ХІХғ.2-жартысы-ХХғ. басындағы Қазақстандағы банк -кредит ісі

39. ХІХғ.-ХХғ. басындағы Қазақстан: ғылыми зерттеу ісі.

40.қазастан жерінде құрылған әскери қазақ бөлімдері

41.ХІХғ-ХХғ. басындағы Қазақстандағы кәсіпшілік түрлері.

42. Қазақ қоғамындағы билердің ролі, орны.

43.Қазақстанның Орта Азия хандықтарымен қарым-қатынастары (ХҮІІІ-ХІХғ)

44. ХІХғ. Қазақстан мәдениеті: сөз өнері

45.19ғ. ІІ-жартысы -20ғ. басындағы Қазақтанда ұлт зиялыларының қалыптасуы.


«Қазақстаннның жаңа заман тарихы» пәні бойынша сынақ, емтихан сұрақтары

1. Қазақ -жоңғар қатынастары (ХҮІІІ. 10-30 жж.)

2.1867-68 жж. ережелер: мақсаты, сипаты негізгі бағыттары.

3.ХХғ. басындағы әдебиет.

4. Тәуке хан және басқа ел басшыларының жоңғар шапқыншылығына байланысты қолданған шаралары.

5.Қалалық басқару туралы 1870-80 жж. ережелер өзгерістері.

6. ХІХ. соңы –ХХғ, басындағы Қазақстаннның сауда ісі.

7. «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама кезеңі және азат ету шайқастары

8. Түркістан және далалық өлкені басқару туралы 1886-1891 жж. ережелер.

9. ХІХғ.-ХХғ. басындағы Қазақстан банк-кредит ісі.

10. Жоңғарлардың ХҮІІІғ. 40-50жж. жорықтарына қарсы күрес.

11. ХІХғ. 2-жартысындағы Қазақстанға Ресей шаруаларының қоныс аудару қозғалысы

12. ХХғ басындағы музыка өнері

13.Жоңғар басқыншылығына қарсы жалпыхалықтық күрес және оны ұйымдастырудағы батырлардың ролі.

14. ХІХғ. Қазақстанның өнеркәсіп өндірісі. Тау-кен ісі.

15. ХІХХғ. соңы-ХХғ. басындағы баспасөз ісі.

16.ХҮІІғ-ХҮІІІғ. басындағы қазақ –орыс байланыстары. Елшіліктер.

17.ХҮІІІғ. соңы-ХХІғ. басындағы наразылық –толқулар

18.ХІХғ.-ХХғ. басындағы Қазақстан мәдениеті: қолөнер, көрмелер.

19.Қазақ жерінің Ресей империясы құрамына өте бастауы (ХҮІІІғ. 30-40жж.)

20.ХҮІІІ-ХІХғ. Қазақстандағы сауда ісі.

21.ХХғ. басындағы әлеуметтік азаттық қозғалыстар

22. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының азаттық күресі себептері мен негігі қозғаушы күштері.

23. Кіші жүздегі 80 жж. саяси биліктегі дағдарыс. Игельстром реформасы

24. Сырым бастаған көтерілістің 90-шы жж. ерекшілігі

25.ХІХғ. 2 жартысы-ХХғ. басындағы Қазақстан қалалары және көлік жолдары.

26.ХХғ. басындағы демократиялық ұлт-азаттық күрес бағдарламасы.

27. Абылай хан-тарихи тұлға

28. ХІХғ. Қазақстандағы оқу-ағарту ісі.

29.ХХ.ғ. басындағы мұсылмандық-түркілік көзқарастағы зиялылар қызметі.

30. Кеңесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттығы жолындағы күрестің себептері.

31. Кеңесары ханның жүргізген шаралары, ішкі өмірдегі жаңалықтар.

32. Кеңесары басқарған көтерілістің барысы негізгі кезеңдері, қозғаушы күші.

33. Кеңесарының Ресей әкмшілігімен қарым-қатынасы, ұстанған саясаты

34.Кеңесары ханның соңғы жорығы және көтерілістің жеңілу себептері.

35.ХІХғ. І-жартысындағы Қазақстанның әдебиет өкілдері.

36.ХІХғ. 2-жартысындағы қазақ әдебиеті және көрнекті өкілдері

37.ХХғ. басындағы Қазақстанның экономикасы.

38. Бөкей ордасы және Жәңгір хан.

39.Қазақстанға қоныс аудару және қоныстандыру туралы ережелер (ХІХғ. соң)

40.ХІХғ. 2-жартысындағы Қазақстандағы музыка өнері.

41.ХІХғ. І-жартысындағы. Қазақстандағы музыка өнері

42. ХҮІІІғ. 2-жартысындағы Қазақстанның экономикалық-саяси жағдайы

43. ХІХғ. 1-жартысындағы Исатай, Махамбет батырлар бастаған азаттық күрестің себептері мен басты кезеңдері

44.Исатай мен Махамбет батырлар тұлғасына қатысты деректер

45.Тастөбе мен Ақбұлақ шайқастары. Көтерілістің тарихи маңызы

46.ХХғ. басындағы Мемлекеттік Дума жұмысына қатысқан қазақ депутаттары

47. Қазақстандағы саяси хандық билікті жою. 1822-24 жж. ережелер.

48. Қазақтандағы әкімшілік басқару жүйесіндегі 1831,1838,1844,1854, жж. ереже

49.ХІХғ.2-жартысы – ХХғ.басындағы Қазақстандағы банк-кредит ісі

50.ХІХғ.- ХХғ.басындағы Қазақстан: ғылыми зерттеу ісі.

51.Қазақстан жерінде құрылған әскери-қазақ бөлімдері

52.ХІХғ.-ХХғ. басындағы Қазақстандағы кәсіпшілік түрлері.

53.Қазақ қоғамындағы билердің ролі, орны.

54.Қазақстанның Орта Азия хандықтарымен қарым-қатынастары (ХYІІІ- XІXғғ)

55.ХІХғ. Қазақстан мәдениеті: шешендік,т.б.сөз өнері

56.ХХғ.басындағы Мемлекеттік Думада Қазақстанға қатысты қаралған мәселелер

46.Сыр, Арал өңірі қазақтарының Хиуа, Қоқан, Ресей отаршыл саясатына қарсы азаттық күресі

47.Жоңғар шапқыншылығына байланысты Тәуке хан және басқа ел басшылырының ұстанған саясаты.

48.Кіші жүздегі Қаратай, Арғынғазы сұлтандар қозғалысы

49.Орта жүздегі Ғұбайдолла, Саржан, Есенгелді сұлтандар көтерілісі

50.ХХ-ғ.басында Қазақстанға шаруаларды жаппай қоныстандыру. Жеке шаруа қожалықтарын құру.

51. Қазақ хандығының сыртқы қарым-қатынастардағы ел басшылары, халық батырлары мен билердің бітімгерлік, елшілік қызметі.

52.18 ғ.алғашқы ширегіндегі үш жүздің басын қосқан жиын-құрылтайлар және олардың маңызы.

53.Абылай хан тұсындағы қазақ-жоңғар қатынастары. Жоңғарияның күйреуі.

54.Жоңғариямен соғыстарда қазақ батырлары қолданған әскери әдіс-тәсілдер. Атақты шайқастардағы ерліктер.

55.18ғ. 70жж. Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының Е.Пугачев соғысына қатысу

56.Орыс мемлекетінің 18ғ. Шынғыстағы саясаты және қазақ хандықтарымен сауда-елшілік байланыстары

57.18-ғ.басында қазақ-орыс байланыстарының нығаюы себептері

58.Орта жүз жерінің Ресей құрамына өтуі, бағынуы, отарлануы.

59.Ұлы жүз жерінің Ресей құрамына алынуы,жаулап алынуы.

60.Орал, Торғай облыстары мен Маңғыстаудағы 1868-70жж.көтерілістер

61.Абылай ханның қазақ хандығының ішкі саясаты: хан билігін нығайту және әлеуметтік тіректі күшейту шаралары

62.18ғ.ІІ-жартысы-19ғасырдағы қазақ-қытай сауда байланыстары

63.Кенесары Қасымұлы: жалпыұлттық майдан құру әрекеті

64.Ресейдің қазақ жерін жаулап алынуының аяқталуы.Ресейдің Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азиядағы экспанциялық саясаты

65.ХІХ ғ.соңы-ХХғ.басындағы Қазақстанда ұлттық азаттық сананың оянуы. Ұлт азаттық қоғалыс идеологисының қалыптасуы

66.Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азиядағы Сыздық сұлтан бастаған Ресей отар шындығына қарсы күрес

67. «Зар заман» ақындарының қоғамдағы қайшылықтар мен әділетсіздіктерді сынауы.

68.Отарлық езгіге қарсы қоғамдық пікіпдің қалыптасуы (ХІХғ.ІІ-жартысы)

69.Қазақ қоғамындағы ХІХғ.әлеуметтік құрылымдағы өзгерістер

70.Кіші жүздегі Жоламан Тіленшіұлы бастаған азаттық күрес

71.Кіші жүздегі Абылқайыр хан және бодандық мәселесі

72.ХYІІІғ. ІІ-жартысы-XІXғ.І-жартысындағы Қазақ-орыс сауда байланыстары. Айырбас саудасы.

73.18ғ.ІІ-жартысы-19ғ.І-жартысындағы салық-төлем түрлері

74.18ғ.ІІ-жартысы-19ғ.басындағы әлеуметтік құрылым.

75.Орынбор экспедициясы. Қамал-бекіністердің салына бастауы

76. ХҮІІІғ. Қазақ қоғамындағы саяси феодалдық бытыраңқылық

77. Кіші жүз жері нұралы ан тұсында.

78. Патша әкімшілігінің 18ғ. 2-жартысы –19-ғ. 1- жартысындағы жер саясаты.

79. Ресейдің Қазақстандағы әскери және ғылыми зерттеу экспедициялары.

80.18ғ.-19ғ. 1- жартысындағы жыраулар поэзиясы. Атақты жыраулар шығармалары

81. 18ғ. Халық ауызшығармашылығында көшпелі өмір салты және халық бұқарасының азаттық күресінің бейнеленуі.

82. Қазақстанда капиталистік қарым-ұатынастардың қалыптасуы

83. ХІХғ. 2- жартысында Қазақсиан шаруашылығының өміріндегі және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер

84. Орта арнаулы және діни оқу орындарында, Ресейдің жоғарғы оқу-қрындарында оқыған қазақ жастары.

85. Өлкетану және ғылыми зерттеу қоғамдарының қызыметі.

86. Абай Құнанбаев- қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, сазгер, қоғам қайраткері.

87.Шоқан Уәлиханов –атақты ғалым, фольклор зерттеуші, тарихшы, этнограф.

88.Ыбырай Алтынсарин – тұңғыш педагог, әдебиетші ғалым.

89. Шәкәрім Құдайбердіұлы – ақын, ойшыл сазгер қоғам қайраткері.

90. 19ғ. 2- жартысы –20ғ. басында Қазақстанда ұлт зиялыларының қалыптасуы.



Оқулық және оқу-әдістемелік құралдардың атауы


  1. Жамбыл Д.А. Сырым Датов бастаған көтеріліс. А., 1999. 47-53 бет.

  2. Әділдабекова А. Қазақстанның Ресейге қосылуы қалай зерттелді Қ/Т., 3-с 42-46 бет

  3. Маданов Х. Дала дабылы Тарихтағы тағылым. Е. Пугачев бастаған көтеріліс Қ/Ә, 1996, 10-сан, 60-64 беттер.

  4. Раджапов А. Түркістан автономиялық тағдыры мен күйреуі А., 1996, 10-с, 32-бет

  5. Көкеев Ә. Қазақ жерін Ресей қалай жаулады. А., 1996, 1 сан.

  6. Өтениязұлы С. Қазақстанның ХІХ ғасыр әлеуметтік халақуалы. Қ/Т, 1994, 1-с, 39-44

  7. Ғизатуллин Б. Қазақ жәрмеңкелері (ХІХ-ХХ ғ. басы) Қ/Т, 1997, 2-с, 57-58 беттер

  8. Рүстемов С. Мұсылмандар қозғалысы һәм қоғамы Қ/Т, 1996, 4-с, 25-27 бет.

  9. Шәлекенов У., Шәлекенов М. ХІХ ғ. І-жартысындағы Сыр қазақтарының азаттық күресі. Қ/Т, 1993, 2-с, 29 бет.

  10. Әлмұқанов Р. Халел Досмұхамедұлы Кенесары қозғалысын зерттеуші. А, 1999, 66-71

  11. Қасымбаев Ж. Қаһарман хан Кенесарының қолбасышылқ өнерінің белгісіз беттері. Х/Қ, 1993, 11-қыркүйек, 28- том

  12. Отарсыздану һәм қазақты құнарлы жерге қайта қоныстандыру хақында. Қ/Ә, 1999, 19-қараша

  13. Әбішева Ж. ХІХ басындағы патшалық Ресейдің Қазақстандағы миссионерлік саясаты. І. 1999, 4-5 с., 45 бет

  14. Қарасаев Ғ. ХІХ ғ. және ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы сауда-экономикалық қатынастар/Шығыс Қазақстан өлкесітәжірибесінен/ Қ.Ж.М., 1993, 3-с, 111-116 бет

  15. Қарасаев Ғ. Қазақстан өнеркәсіп орындарындағы жұмысшы толқулары /ХІХ-ХХ ғ. басы/ А, 1999, 4-с, 85-87 бет

  16. Мырзатаева З. 1822 жылғы «Сібір қырғыздары» жарғысының іске асырылуы А, 1999, 4-с, 88-90 бет.

  17. Қожа-Ахмет Х. Тар қолтықтан тиген оқ. П., 1996, 12-с, 1-2 бет. Қойгелдин М. 1916 ж. көтеріліс және ұлт зиялалары Қ/Т, 1995,2-с,33-38 бет.

  18. Тынышпаева М. Қазақтар және азаттық қозғалыс. А., 1997, 5-с, 22 бет.

  19. Рысқұлов Т. Ж. ұлт-азаттық көтеріліс А., 1992, 1-с. Қазақтың картасы қашан жасалды Ж/А, 1999, 25 мамыр.

  20. Сейдімбек А. Абай және ренессанс. Қазақ жеріндегі Ренессанс. Е/Қ, 1995. 19 наурыз,

  21. Қозыбаев М. Ресейге қазақтар ерікті түрде енді ме? А, 1998, 7-с, 21-26 бет

  22. Абдулпаттаев С. Патшалы Ресейдің отарлау саясаты. А, 1996, 12-с, 90-96 бет

  23. Аллаберген Қ. Отарлау саясатының ойрандары А. 1993.

  24. Ибрагимов Ж. Атбасар уезіндегі көтеріліс А, 1999, 9-10 с. 87-89 бет

  25. Әйтенов С. Хан құны. 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілісіне 80 жыл. Заң газеті. 1997, 5-ақпан

  26. Құрманбеков Б. Қырғыз өңіріндегі 1916 ж. көтеріліс Қ/Ә, 1996, 6-с, 24-25 бет

  27. Қожахметұлы К. Отаршылдықтың кісенін үзген көтеріліс. Е/Қ, 1996,4-маусым. «Жалын» 1993 А. 1996.

  28. Қасымбаев Ж.К. Кенесары А, 1995.

  29. Қасымбаев Ж.К. Семипалатинск в канун октябрьской революции. А-А, 1970. Семипалатинск, 1998.

  30. Қасымбаев Ж.К. Города Восточного Казахстана в 1861-1971 /Социально-экономический аспект/ А, 1990 ж.

  31. Қасымбаев Ж.К. Старший султан Кунанбай Оскенбаев и его окружение А, 1995.

  32. Қасымбаев Ж.К. История города Акмолы /1832-1917/ А, 1995 г.

  33. Қасымбаев Ж.К. Казахстан Китай: караванная торговля в ХІХ начале ХХ веков А, 1996 г.

  34. Қасымбаев Ж.К. Казахской генералы российской империи. Генерал, султан-правитель Баймухамед Айшуаков /1790-1847/ А, 2000 «Өлке»

  35. Касымбаев Ж.К. Видные государственные деятели казахских ханств ХҮІІІ в. Т.І. А., 1999.

  36. Касымбаев Ж.К. Айшуак хан (1719-1810). А., 2000.

  37. Касымбаев Ж.К. 4-т. Жангир хан (1801-1845) А., 2001

  38. Касымбаев Ж.К. Кенесары хан. Саясатшы және қолбасшы. А., «Қазақстан» 1993

  39. Касымбаев Ж.К. т.3. Хан Жанторе (1759-1809) А., 2001

  40. Касымбаев Ж.К. Последний поход хана Кенесары и его гибель А., 2002

  41. Кенесарин А. Кенесары и Садык. Ташкент 1988 А., 1992

  42. Кляшторный С.Г: Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трехтысячелетий. А., 1992

  43. Козыбаев М.К. Жауға шаптым ту байлап. А., 1994

  44. Козыбаев М.К. Ақтандақтар ақиқаты. А., 1992

  45. Козыбаев М.К. История современность А., 1991.

  46. Козыбаев М.К. Историческая наука Казахстана. А., 1992 г.

  47. Құдайбердиев Ш. Түрік, қырғыз-қазақ хандар шежіресі. А., 1991

  48. Кусымбаев У.К. Казахские и персиско-арабские литературные связи ХІХ-ХХ веков. А., 1989

  49. Маликов Ф.М. Февральская буржуазно-демократическая революция в Казахстане. А., 1989

  50. Мамыров К. Қазақ халқының жоңғра шапқыншылығына қарсы азаттық күрес А., 1994.

  51. Масанов Н.Ә. Проблемы социально-экономической истории Казахстана на рубеже ХҮІІІ-ХІХ веков. А., 1984.

  52. Моисеев В.А: Джунгарское ханство и казахи ХҮІІ-ХҮІІІ в.в. А., 1991.

  53. Мұқанов М.С. Қазақ жерінің тарихы А., 1994.

  54. Сабырханов А.С. Ұлы бетбұрыс. А., 1981

ҚЫСҚАША ДӘРІСТЕР МӘТІНІ

МОДУЛЬ 1: Қазақстан – халықаралық қатынастар жүйесінде

Дәріс тақырыбы: Қазақ-жоңғар қарым-қатынастары. Азаттық жолындағы күрес.

Дәрістің негізгі сұрақтары:

1.Қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісу себептері мен кезеңдері, деректемесі мен тарихнамасы.

2. Тәуке хан және басқа да ел басшыларының жоңғар шапқыншылығына ұстанған саясаты.

3. 18 ғ. 40-50 жж.-дағы азаттық жолындағы күрес. Жоңғарияның күйреуі.

Дәрістің мақсаты: Қазақ-жоңғар қарым-қатынастарының түрлі кезеңдегі өзіндік сипатын аша отырып, көшпелі шаруашылық пен өмір салтындағы осы екі елдің көрші империялық сатыдағы алпауыт елдер қыспағынан өз жолын тауып шығуға ұмтылған күресін көрсету.
ХҮІІІ ғ. бас кезіндегі қазақ-жоңғар қарулы қақтығыстары көп жағдайда ойраттардың үстемдігімен аяқталып, қазақ қоғамының экономикалық-саяси және басқа әлсіз жақтарын көрсете бастады. Тәуке ханнан соң билікке келген Болат хан (1718-1729) тұсында қазақ қоғамында феодалдық бытыраңқылық үстемдік алады. Кіші жүз бен Орта жүздің біраз бөлігі Әбілқайыр сұлтанды ақ киізге отырғызып, хан көтереді (1718-148). Ташкенте ұлы жүздің өкілдері жолбарыс сұлтанды хан сайлайды. Орта жүздің қалған бөлігі Сәмекені хан ретінде мойындайды. Орталықтың биліктің әлсіреуі жаңа жоңғар басқыншылығына жол ашқан еді.

ХҮІІғ. Қаза-жоңғар қатынасының асқынып кетуіінің негізінде тағыда да сол жер мәселесі жаты. Қонтайшы Севан Рабдан Жетісуды біржола ойраттарға қалдырып, сонымен бірге, Түркістан мен қарғыздардың біраз бөлігін өзіне қаратты. Темір өндіру технологиясын игерген ойраттарға орыс шебері Зеленовский мен швед Офицері Ренат мылтық және зеңбірек құю ісін, оқ-дәрі жасауды қолға апарып жіберді. Севан рабдан бастаған жоңғарлар ХҮІІІғ. Аяғы – ХҮІІІғ басында жетісудың бір бөлігін басып алып, Сарысу өзінен жетеді. Үш жүз өкілдері 1710 ж. Қарқұм маңында кеңес өткізіп, жауға қарсы күш беріктіру мәселесін шешеді. 1718ж. Аягөз өзені бойында Қаракерей Қабанбай мне Шақантай батырлар жоңғар қолын талқандады. Алайда 1723ж. Қытай қарым-қатынасынж жөндеп алған Жоңғария севан Ребдан бастаған 70-80 мың қолын Қазақтанға қарай қаптатты. Алакөл арқылы Жетісу, Қаратау, Таласқа жетті. Бұл Ақтабан шұбырындының басы еді. Ұлы жүз, Орта жүздің бір бөлігі Ходжент, Самарқанға қарай көше бастайды. «Елім-ай» атты мұңлы өлең шумақтары сол кездегі үш миллионның бір миллионы қаза тапқан халықтың ауыр жағдайын дәл бейнелейді. Жау 1725 жылы Ташкент-Түркістанды басып алды. Тек есімдері белгілі халық жасақтарының қолбасшылары Есет, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Саурық, Баян, Жәнібек, Райымбек т.б. батырлар күрестерін тоқтатпады. Бұл кезеңде қазақ халқының сыртқы жағдайы аса ауыр еді. Еділ қалмақтары, башқұрттар Жайық, Сібір қазақтары, Орта Азия хандықтары тарапынан қауіп бұлты сейілмеді.

Ш. Құдайбердіұлының есебі бойынша, «Ақтабан шұбырынды» жылдарында қазақ халқының алдында өзінің болашаға туралы мәселе тұрды. Жоңғаралар 1723 ж. қазақ жеріне 70-80 мың әскермен, жеті бағытта шабуыл жасаған болатын. Патша өкіметінің жансызы Д.Гладышев жоңғараларды түйемен тасып жүретін үш мың зеңбірек барын жазды. Жоңғар әскерінде әскерге 400-ге жуық орыс офицерлер мен солдаттары болды. Оның үстіне 1723 ж. қазақ жерінде күшті жұт болған еді. Қазақтар оны «Қайың сауған ақ тышқан жылы» дейді. Жалпы қазақ күн тізбесі бойынша тышқан және қоян жылдары болатындығын кейінгі жылдардың мұрағат деректеріде дәлелдеп отыр. Жұттан әлсіреген қазақ ауылдарына шабуыл жасау уақытын жоңғарлар дәл таңдап алған болатын.

1726 ж бастап қана қазақтың үш жүздік жасақтары бірігіп қимылдай бастады.. «Қарасиыр» (торғай даласының оңтүстік-шығысындағы Бұланты Белеуті өзендерінің жағалауында) деген жерде қазақтар қалмақтарды тас-талқан етіп жеңді. Міне, осы жер «Қалмаққырылған» деп аталып кетеді. Бұл шайқастың моральдық маңызы зор болды. Бұл шайқастан кейін кзде Әбілқайыр, Сәмеке т.б сұлтандар 10 мың әскермен солтүстік- батыс өірді Еділ қалмақтарынан азат етеді. 1726 ж. мамыр айындағы Ордабасы жиынында Кіші жүз билеушілерінің бірі Әбілқайырға бүкіл әскерге қолбасшы қабілетті дипломат ретінде елге танылған болатын. Түркістанның оңтүстік –шығысындағы Ордабасы тауында барлық қазақ қолдары бас қосып, осы жерден Боралдай, Қошқарата өзендері арқылы қалмақтарға соққы беру мәселесі шешілді.

1727 жылы Ұлы жүзден Сңырақ, Орта жүзден Бөгенбай, Кіші жүзден Тайлақ батырлар бастаған қазақ қолдары Бұланты өзенінің бойында жоңғар әскерін талқан етіп жеңеді. Кейін бұл шайқас өткен жерді халық «Қалмаққырылған» атап кетеді. Келесі ірі жеңіске қазақ қолдары 1729 ж. Балқаш өзенінің батыс жаындағы Аңырқай атты жерде жетеді. 1729ж. көктемінде Балқаш көлінің оңтүстігіндеге аңырқай түбінде (кейбір деректерде 1730 ж. балқаш көлінің оңтүстік-шығысы, Алакөл мен Итішпестің арасында болды делінеді.) абылқайырдың басшылығымен қалмақтарға күйрете соққы беріледі.

Шамамен осы мезгілде Қойгелді батыр, Тоқсанбай Мәлік және Кеген билер бастаған халық көткріліп, түркістанға жақын маңда орналасқан қонтайшының өкілі Борша хан мен оның кеңезшісі Саңғалды өлтіріп, шағын әскерін тұтқынға алады. 1729 ж. Цинь империясы әскерінің басқыншылығна ұшыраған ойраттар енді қазақ жерін басып кіру мүмкіндігінен айырылады. өз жерінен ауа көшкен қазақ жрты енді атамекеніне орала бастайды.

Алайда жеңіс баянды болмай жатып, ел билеушілері арасында таққа талас басталды. 1729ж. қазақ ханы Болаттың өлімінен кейін «Ұлы хан» болып оның баласы Әбілмәмбет сайланды.ал қазақққа қарымы қатты хан керек еді. «Ұлы хандыққа» үміті ақталмаған Әбілқайыр Кіші жүз жасаған, орта жүз жасаған Сәмеке бастап майдан даласынан алып кетті. Ұлы жүз билігі Жолбарыс сұлтанның қолында қалды. «Ұлы хан» билігі үшін талас салдарынан осы оңтүстік Қазақстан қайта оралған жоңғар қолында қалып қойды. Ал жау шапқыншылығына қарсы жеңістің ауылы әлі алыста еді. Жоңғар шапқыншылығы Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалардың жойылып кетуінің бір себебі болды. Шапқыншылық маңызды сауды жолдарын жойып жіберді, халық шарашылығына зиян келтірді.

Халықтың басына сұрапыл күн туып, ат ауыздықпен су ішіп, азамат етігімен су кешкен кезеңже тоз-тоз болған елдің етек –жеңін жиып, басын құрап, халық мүддесін қорғаған қаһармандар шыға бастады. Олардың, басты арманы халықтың бостандығы, азаттығы еді. Әр азаматтың көкірек күйінішін, арман-тілегін ақын-жыраулар дәл басып жырлаған.

Ұлттық сана –сезімі, ар намысы өртенген, есін жиған халық басын біріктіріп ірі қимылға дайындала бастады. Ел –жұрт билігін ойлап, жалпыға тіреу болған билер қол бастаушы билер мен қол бастаушы батырлар шықты. Севан рабданның ағасы Шона – Добанның әскерін Сырдария өзені бойындағы қалалар тегеурінді қарсылық көрсетті. Қазақ жасақтарының басчшылығымен 300 мы ташкент халқы бір айға дейін беріспеді.

Ташкенттен кейін Сайрам қалалары алынды. Түркістан, Сайрамды қорғаушылардың басқыншыларға қарсы жанқиярлық ерлігі ерен болды. әсіресе Сайрам қаласын ала-алмаған жоңғарлар қаланы сумен жабдықтап тұрған Сайрам өзені сағасының ағысын бағытта бұруға бұйрық берген.

Қазақ –жоңғар соғысы тарих сахнасына ерліктері халық жадында сақталған батырларды шығарды. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының қазақ шежіресінде Абылай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, Көкжарлы Көкжал Барақ, Шанышқылы Бердіқожа, Сырым Малайсары, Тарақты Байғозы, Шапырашты Наурызбай, Уақ Сары, Баян сияқты батырлардың аттары аталады.

Қаракерей Қабанбай батыр (1691-1769) М.Ж. Көпейұлының айтуы бойынша: «Батырда Қаракерей Қабанбайдан асқан батыр жоқ, Үйсін Төле биден асқан би жоқ». Жоңғар шапқыншылығынан елді азат етуде батырлығымен де, даналығымен де ерекше көзге түскен зор тұлғалардың бірі Қаракерей Қабанбайдың әуел бастағы есімі Ерасыл еді. Одан соң алып денесіне қарап, Нарбала атаныпты. Батырдың алғашқы ерлігін Бітімбай ақын былай жырлайды:

Ерлікпенен Ерасы, Дұшпанын жарып жайратты.

Дәл он алты жасында, Көрсетті мұндай қайратты.

Қос білегін сыбанды, Қас батырдай айбатты....

Өкпеден қанжар кіргенде Бірақ етті малғұн бақырып,

Қалмақ жатыр ойбайлап, Бірін-бірі шақырып.

Қабанбай батыр алғаш 1724 ж. Түркістанда жасақ құрғанда отыз екі жас шамасында болған. Найман жасақтарын бастап әйгілі Алакөл шайқасына (1925 ж.), Бұланты шайқасына, Аңырақай шайқасына, 1745-1755 жылдар арасындағы Шорға соғысы мен Шаған шайқасына қатысады. 1716 жылдан 1757 жылға дейін 41 жылдық өмірін Қабанбай Қожағұлұлы қан кешіп жүріп халқын жаудан қорғауға арнады. Ол өз өмірінде соғысқа 103 рет кіріп, 54 рет жау батырымен жекпе-жекке шыққан. Осындай ерлігі үшін Абылай хан оған «Дарабоз», «Хан батыры» деген құрметті атақтар берген.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет