Қазақстанның топырақ жамылғысы



Дата02.02.2023
өлшемі464,19 Kb.
#167170
Байланысты:
БӨЖ 3апта (копия)

Қазақстанның қара-қоңыр топырақтары және оларды тиімді пайдалану жолдары


Орындаған: 19-11топ студенттері Амангелді А., Кокен Ж.,
Жумабекова А., Мырзабай Ұ.,Сыздыкова Д.,
Садыкова М., Жүніс М., Байгереев Е.
Тексерген: Хамзина Б.Н.

Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері

  • Қазақстан территориясы үлкен болғандықтан, оның топырақ жамылғысы күрделі және әр түрлі. Топырақ жамылғысының зоналар бойынша таралғаны айқын байқалады.

Негізінен үш топырақ зоналарына бөлінеді:

  • қара топырақты зона (52° с.е. солтүстігінде)
  • Қара-қоңыр топырақты зона (52°-48° с.е. аралығында)
  • қоңыр, сұр-қоңыр топырақты зона (48°с.е. оңтүстігінде)

Қара қоңыр топырақ зонасы

  • Қара қоңыр топырақ зонасы қара топырақтың оңтүстігінде орналасқан. Бұл Орталық Қазақстанның көп жерін, Каспий маңы ойпатының солтүстігін, Шығыс Қазақстан облысының жазықтарын алып жатыр.
  • Бұл – республиканың оңтүстік дала (тым құрғақ далалы) және шөлейтті алқаптарын алып жатқан зона. Оның жусаны мол, жайылымы жұтаң жерлер.
  • Ауданы: 120 млн гектар жерін (44%)

Түзілуі


Солтүстіктегі қоңыржай дала белдемінен оңтүстікке жылжыған сайын ылғал азайып, күн қатты ысиды. Осыған байланысты өсімдік түрлері азайып, сирей бастайды. Мұндай өсімдіктер топыраққа мардымды органикалық қалдықтар қалдырмайды. Сондықтан бұл қалдықтардың ыдырап, топырақ қара шірігін түзгенде, қара топырақты белдемдегідей қара түске боялмай, топырақ түсі қара қоңыр түске боялады. Қара қоңыр топырақтары құнарлылықтың жеткілікті жоғары деңгейімен сипатталады. Олар бидай, тары, жүгері, күнбағыс, бақша және бау-бақша дақылдарын өсіруге кеңінен қолданылады. Топырақты фосфор, калий, азот тыңайтқыштарымен байыту арқылы олардың өнімділігін арттыруға болады. Сонымен қатар, ылғалды сақтау шаралары қажет.
Назарларыңызға рахмет!

Қоңыр және сұр қоңыр топырақ жамылғысы

  • Қазақстанның оңтүстік бөлігін түгел камтыған.Құнарлығы көп емес, сондықтан онда негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Бұл өңірде суармалы егіс қана тиімді.

Жазық алқаптардың топырағы

  • Қазақстанның жазық аймақтарында (ауданы 235 млн. га; 89%)
  • солтүстіктен оңтүстікке қарай мынадай топырақ белдемдерi кездеседi:
  • Республиканың қиыр солтүстігін орманды дала белдемi алып жатыр.
  • Батыс Сiбiр ойпатында орналасқандықтан жер бетi жазық, ойпатты, сондықтан орманның шайылған сұр топырағы мен шайылған сiлтiсiзденген қара топырағы тән.
  • Ауданы 400 мың га;


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет