271
келеді. Жамандық – үйлесімсіздік, шектен шығу, теріс қылық,, “ғаріп”
нәрсе:
Бұл заманда не ғаріп ?
Ақ қалалы боз ғаріп,
Жақсыларға айтпаған
Асыл шырын сөз ғаріп,
Замандасы болмаса,
Қариялар болар тез ғаріп,
Қадірін жеңге білмесе,
Бойға жеткен қыз ғаріп,...
Мүритін тауып алмаса,
Азғын болса пір ғаріп
1
.
Жоғарыдағы жолдардан жақсылық пен адамдық қасиеттер
көрінісі ғана емес, оған қоса жалпы ізгілікпен тепе-тең, абсолютті
бастау ретінде қарастырылатынына көзіміз жетеді. Қазақ философы Қ.
Әбішев жазғандай, жақсылықтың айшықты өлшеміне адамдардың
дүниемен қатынасына да, өзара қатынастарына да олардың ешқашан
өшпес құндылықтар екенін мойындап, оларды сақтау, қастерлеу және
оны бұзатын, оны былғайтын, оны тәрік ететіннің бәрін де жамандық
деп қарау
2
.
Бұл сипатта жамандықтың жиі кездесетін түрі – жетесіздік,
қадірлей білмеу:
Ауылдағы жамандар
Ер қадірін не білсін!
Көшіп-қонып көрмеген
Жер қадірін не білсін!
Көшсе, қона білмеген,
Ақылыңа көнбеген
Жұрт қадірін не білсін!
3
.
Бұл жерде маңызды этикалық мәселе көтеріліп тұр. Ол –
жақсылықтың шартсыздығы. Біздің ісіміз жақсылық па, әлде
жамандық па деп дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Ол дауысқа
салынбайды, тылсымдық түрде бірден аңғарылады. Не болса да, сол
болуы керек. Өйткені ізгілік адамның болмысымен тікелей қатынасты,
жақсылықтың жасалуы есеппен жүрмейді; онда ол оны сатқанмен,
міндетсінгенмен бірдей әрекет болып табылады; ол “өз қайтарымын
күтпейтін және адамның шынайылығынан туындаған өмірдегі нұрлы
қадамдар болып табылады”. Жақсылықтың бағдары – адамды
көтермелеу. Керісінше жасалған әрекет жамандыққа әкеледі.
1
ХV-ХVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы /редактор Ә. Дербісалиев. — Алматы: Ғылым, 1982. 8 б.
2
Достарыңызбен бөлісу: