325
ноғайларда және басқаларда тараған. Бұл халықтардың әрқайсысында
Едіге туралы поэма сол ұлттың ерекшеліктері ескеріле тиісті өңдеу
алған. «Міне сондықтан оларды айыра білу керек»
1
, – деп ескертеді
Ш. Уәлиханов.
Архив
материалдарынан,
сондай-ақ
Ш.
Уәлиханов
шығармашылығын зерттеушілердің еңбектерінен, оның қырғыз халық
ауыз әдебиетінің тамаша ескерткіші – «Манас» поэмасының бірінші
болып ғылыми жазбасын жасағаны белгілі, сонымен қатар Шоқан бұл
поэма үзінділерін орыс тіліне аударды. В. Жирмунский бұл поэманы
қырғыз халқының өткен тарихының поэтикалық энциклопедиясы
ретінде бағалаған. Өз көлемі бойынша бұл танымал ескерткіштер:
үндінің
«Махабхаратасынан»,
гректің
«Илиадасы»
мен
«Одиссеясынан» және Фирдаусидің «Шахнамесінен» бірнеше есе
асып түсетіндігі туралы академик К. Жұмалиев жазды.
Ш. Уәлихановтың өзі халық шығармашылығының бұл тамаша
туындысының мәнін былай анықтайды: «Манас» бүкіл қырғыз
аңыздарының, ертегілерінің, әңгімелерінің бір уақытқа әкелінген және
бір тұлға – батыр Манас жанына жинақталған энциклопедиялық
жиынтығы. Бұл дала Илиадасы тәріздес. Қырғыздардың өмір салты,
әдет-ғұрыптары, дәстүрлері, географиясы, діни және медициналық
танымдары және олардың халықаралық қатынастары осы үлкен
эпопеяда өз көрінісін тапты... «Манас» тұтастық кейпіне ие көптеген
дербес эпизоттардан құралған. Басқа «Самятей» эпосы «Манастың»
жалғасы болады, және бұл бурят «Одиссеясы»
2
.
Шоқан
Уәлихановтың
арқасында
қырғыздың
рухани
мәдениетінің ұлы ескерткіші, тек ғана қырғыз халқының емес, сондай-
ақ қазақ, орыс және басқа халықтардың игілігіне айналды.
«Манас» поэмасының Шоқанның әдеби ізденістерінің тақырыбы
болуы да, кездейсоқ емес. Ол «Манас» сияқты монументальды
туындының сараптамасы бүкіл халықтың эстетикалық дамуының
ерекшеліктерін көрсете алатындығын жақсы түсінген. Ал Шығыс,
Ресей және Батыс Еуропа халықтарының мәдени жетістіктерімен
таныстығы, оған бұл поэманы басқа халықтардың әдеби
туындыларымен салыстыруға мүмкіндік берді. Поэма әр уақыт
талабына сәйкес көптеген өңдеулерге түскендігі мәлім. Бұл
өңдеулерді Шоқан Манас образы негізінде көрсетеді. «Басында Манас
өзін шектен тыс әдепсіз ұстайды, өз әкесін тонайды және Жақып шал
мен кәрі анасын мұқтаждықта қалдырады. Кейінгі эпизодтарда біз,
1
Достарыңызбен бөлісу: