327
Шоқан өзі 1841 жылы жазып алған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»
поэмасының да поэтикалық ерекшеліктерін өте жоғары бағалаған.
Шоқан сілтемелерінен бұл поэманың қазақ халқының арасында ғана
емес, сондай-ақ Шығыстың көптеген басқа халықтарының арасында
да кең танымал болғандығы мәлім болады.
Шоқанның халықтың көркем шығармашылығын қаншалықты
жоғары бағалағандығының дәлелі ол халық ауыз әдебиеті
туындыларын жазып алумен ғана шектелмеген, ол көптеген
шығармалардың мазмұны мен формасына талдау жасаған.
Міне, осындай талдаудың мысалы: «Жырдың тақырыбы әдетте
ертедегі әйгілі халық батырының өмірі мен ерліктері болады. Ескерте
кететінім, батыр өмірінің оқиғалары, оның ерліктері, басқаша атқанда,
оқиға желісін құрайтынның бәрі қара сөзбен баяндалады, өлең
жолдары бас кейіпкер немесе ондағы қатысушы басқа да бас
кейіпкерлер сөйлеу керек болғанда ғана қолданылады»
1
. «Ер Көкше»
және «Орақ батыр» поэмалары туралы ол былай деген: «Олар
мазмұны бойынша аса тарихи қызығушылық тудырмаса да, бірақ
олардағы өлең жолдары ерекше әсерлі әрі үнді». Өз пікірлерінің
дәлелі ретінде, ол дағдыдағыдай, сол поэмалардан жазып алған
үзінділерді келтіретін.
Халық өлеңдері мен олардың түрлері туралы (жыр, қара өлең,
өлең және басқалары) және олардың қайсысын да таңдау оның
мазмұнымен анықталатындығы туралы айта келе, Уәлиханов, мысалы,
«өлең түрін әншілер ең қолайлы ретінде, импровизация үшін де
қолдануға ыңғайлы санап және олар бұған үйреніңкірегендей,
импровизация үшін де қолданатынын ескертеді. Әйгілі «Қозы Көрпеш
– Баян Сұлу» поэмасын атақты Жанақ маған өлең түрінде айтып
берді», – дейді
2
. Ақын, немесе оларды Шоқан атағандай өлеңшілер,
әңгімелердің формаларын өз талғамына сай және олардың мазмұнын
тыңдаушыларына ашу үшін өзгертуге толық құқылы. Әдетте, әнді,
поэманы, әңгімені, аңызды және т.б. орындаушы ақын оларға өзінің
кіріспесі мен қорытындысын қоса алады. Атақты Жанақ ақын «Қозы
Көрпеш – Баян Сұлуды» жырлағанда осылай істеген деп көрсетеді
Шоқан Уәлиханов.
«Қырғыздардың поэтикалық туындылары: эпостар, мадақ өлең,
жоқтаулар – қайтыс болған күйеуіне жоқтап жылаған әйел, ұлын
жоқтаған ана өлеңі осылай аталады; тіптен сурып салма ақындардың
өлеңдерінде ұйқас пен өлшем бар және рудан руға, ұрпақтан ұрпаққа,
ежелгі Грекияда Гомер өлеңдері рапсодаларымен берілгендей, ерекше
қоғамдық тап – ақын-әншілермен ауызша жеткізілген, бұл ақындар
1
Достарыңызбен бөлісу: