384
жағынан әр түрлі шығармалар орындалатын. Тыңдаушылардың
назарын аударатын ең қолайлы тәсіл ретінде күйдің орындалуының
алдында әңгіме айтылатын. Өйткені күй туралы әңгіме арқылы
орындаушы басқа әңгімелерден тыңдаушыларды музыканы тыңдауға
бірте-бірте дайындау функциясын атқаратын.
Қонақ асында тұрмыстық және ғұрыптық белгілер біртұтас
байланыста болғаны көрінеді. Оларды бөлек қарастырғанда
орындаушы қонақ күту ғұрпы тұрмыстық жағдайда көрініс табады, ал
музыканы тыңдау қолданбалы функцияны атқармайтындықтан
тұрмыстан анық бөлінуі қажет. Күй ойнаудың алдында айтылатын
әңгіме арқылы орындаушы тыңдаушылардың назарын аударғанымен
қатар, оларды тұрмыстан тыс салаға жетелейді. Күйді тыңдап
болғаннан кейін қонақ асыға қайта оралудың өзі де ерекше өнерді
қажет ететін. Әуезовтың суреттеуінде тәжірибелі музыкант қандай
жолдармен тыңдаушыларды қайтадан шынайы өмірге келтіргені
шебер көрсетілген. Біржан бірінші өлеңін орындап болғаннан кейін үй
иесі құқығында кешті басқарып отырған Абай бірінші болып әншінің
өнеріне өзінің ризашылығын білдіреді. Ал әнші бұл жағдайда
Абайдың сөзіне қанағаттанып, оған қалжыңмен жауап беріп,
жастардың көңілін көтеріп, Абайдың терең мағыналы сөздерінен
кейін байсалды жағдайды бәсеңдетіп жіберді.
Қалжың немесе маңызды нәрсені күлкіліге айналдыру сияқты
Базаралы Абайдың сөзінен кейін отырғандардың көңілдерін көтеріп,
олардың назарын қонақ асы шеңберіне қайтарады. Кейде бұндай
жағдайда күйші немесе үлкен кісілердің біреуі қорытындылайтын
сөздер айтады.
Көбінесе осындай қорытынды сөздер орындалып болған
шығарманың тақырыбын жалғастырып, оның өмірлік мәнін ашады.
Құрманғазы өзінің «Ақсақ киік» күйін орындау алдында аңшының
оғынан жараланған киік туралы әңгімесін айтып беріп, сосын
шығарманы орындап болғаннан өзі кейін шәкірті Динаға былай дейді:
«Қызым, сен де өсіп ер жеткенде, өмірдің қаталдығын көресің. Мен де
өмірдің ауыртпалығын көрдім. Мен өзім қазір жалғыз қалған киікке
ұқсаймын, ол ақсақ болса да үйірден қалып қалмауға тырысады, ал
мен жалғыз қалсам да халықпен бірге болуға тырысамын»
1
.
Сонымен, күйді орындаудың алдындағы әңгіменің мақсаты тек
музыканың бағдарламасын түсіндіру ғана емес. Киіз үйде, яғни
концерттік көңіл-күйге сәйкес келмейтін қонақ асы жағдайында
әңгіме музыканы дұрыс тыңдап түсінуге мүмкіндік беретін. Әңгіменің
осындай функциялары бағдарламалық мағынаға сай болмаса да, оның
музыканы орындау салтына қосылуы міндетті болған.
1
Достарыңызбен бөлісу: