391
меңгеріп, музыканы математикалық әдістермен зерттейтін. «Музыка
дегеніміз – цифрлық қарым-қатынасы бар әр түрлі дыбыстар мен
интервалдардың байланысы»
1
, - деп әл-Фараби өзінің музыка туралы
трактатында жазған.
Жалпы Орта Азия музыка мәдениетінің бір бөлігі ретінде
қазақтың музыка мәдениетін қарастыра отырып, оның басты өмір
салты көшпелі түрінде өткенін ескеру қажет. Өйткені қазақтарға дейін
өмір сүрген тайпалар да көшпелі шаруашылық түрін ұстанатын.
Сондықтан қазақ музыкасын зерттеу үшін номадизмнің әлеуметтік-
тарихи белгілерін талдап, оның ерекше эстетикалық белгілеріне және
өнердің дамуындағы ерекше заңдылықтарына назар аудару керек.
Қазақстан жерінде номадизм тарихы VIII-V ғасырларда
басталады, бұл кезде алғашқы этномәдени типтегі тайпалар
қалыптасып, көшпелі өмір салтын ұстана бастайды
2
. Адамзаттың
тарихында номадизмнің қалыптасуы прогрессивтік қадам болды,
өйткені оның бірқатар жағымды және қолайлы жағдайлары шекаралас
жерлерде тұратын, жер шаруашылығымен айналысатын елдердің
және қала мәдениетінің элементтерін тартатын.
Заңды түрде маңызды мәселе көтеріліп тұр: номадизм осы
жерлерге келгенде осында бұрын болған көркемдік әрекеттердің
түрлерін сақтап қалды ма, әлде керісінше, өзімен бірге осы жерлерге
көркемдік мәдениеттің жаңа формалары мен құралдарын әкелді ме?
Адам болмысының негізін құрайтын еңбектің формалары мен
түрлері өзгерсе, оның қоғамдық сана мен қоғамның идеологиясы да
өзгеретіні мәлім. Көшпелілердің өнері жаңа әлеуметтік дүниенің
нәтижесінде пайда болғандықтан оның жаңа өмірлік қажеттіліктеріне
сай қасиеттері қалыптасу керек еді. Көшпелілердің сапасы жағынан
жаңа қоғамдық жүйесінде өнердің түрлері олардың көшпелі өмірге
сай жағынан таңдалады. Сондықтан номадтардың эстетикалық
дүниесінде негізінде өнердің идеалды және затқа байланбаған түрлері
дамыған. Қазақтар мен олардың аталарында ол поэзия мен музыка
болды.
Музыка мен поэзияға қоғамның қойған мақсаттары көп
функционалды болғаны соншама, халықтың рухани күштері осы
аталған өнердің түрлерінің дамуына мақсат қойды. Поэзия мен
музыканың мазмұны философиялық өмірді жырлау мен адам мен
табиғаттың
біртұтастығынан
туындайды.
Отырықшы
жер
шаруашылығымен айналысатын халықтардың коллективизміне сай
1
«Араб музыкасы» атты Ж. Рауненің орысша аудармасынан келтірілген сілтеме. Қолжазба
Ташкенттің мемлекеттік консерваториясының кітапханасынан алынған. 45-б.
2
Қара:
Достарыңызбен бөлісу: