401
тарихи себептелген. Көшпелі сарайларды салған жоқ, бірақ ол киіз
үйді ойлап тапты. Ол сәулетімен де, инженерлік құрастырылуы,
тұтынушылық қасиеттері жағынан да әбден жетілген. Өз кезегінде
киіз үйді пайдалану қой жүнінен жасалған сырмақ, алаша сияқты
бұйымдарды дүниеге әкелді. Олар терең эстетикалық сезімдерді
туындатты...
Қазақ адамы отбасымен, румен, тайпамен тығыз байланыста
болды. Бүкіл мейрамдар ортақ болды және барлық адамдардың көз
алдында өтті. Осындай бірлесудің айшықты көріністеріне «Наурыз»,
«Шілдехана», «Той», «Тұсау кесу», «Ас» және т.б. жатады.
«Жалғыздың шаңы шықпас» деген мақалдағыдай, бірліктің
маңыздылығы ерекше аталып өтті. Қазақ эстетикасы қазақ
этикасымен тұтасып келеді.
Қазақ
ауыз
әдебиетіндегі
әлемдік
рәміздер
дәстүрлі
дүниетанымдағы құндылықтарға иек артады. Қазақтың ауызекі
көркем мәдениеті түрлі көркем формаларға және өзінің бай тарихына
ие. О. Сүлейменов осы жөнінде мынадай ойын ұсынады: «Өткен және
болашақ қарсы айна тәрізді бірі-бірінен тәуелді. Тамырсыз ағаш –
оған қатты сөйлегіштер не жарық таратушылар іліп қоюға ғана
болатын, кепкен діңгек пен ондағы жемістер сияқты. Оны отынға кесе
салуға да болады. Ешқандай өкінішсіз, кел келген халықты өткенің
жоқ деп сендіре сал - сосын отынға жібер. Қаншама тамырлары кеуіп
қалған ағаштарды біз өзіміздің сиреуші орманымызда көре аламыз»
1
.
Қазақтың көркем мәдениеті құндылықтары сөз өнерінде
сақталады және өркендейді. Дәстүрлі мәдениеттегі қазақ үшін ең
құндысы – бұл сөз әсемдігі. Сөз мағынасы қашанда қазақтарды баурап
алады, олар оның күшіне сенеді, оның айқын дәлеліне мынадай
мақалдар жатады: «Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді», «Сай сүйегімді
сырқыратып, сөз айттың». Өйткені сөз адам жанының ең тылсым
қабаттарына жетеді, оның барлық пернелерін тербелтеді. «Мен барған
сайын, - дейді О. Сүлейменов, - егер тірі материяда өлмейтін бірдеме
бір болса, онда оның адам сөзі екендігіне сенімді бола беремін. Ол
шаңырақ сияқты түсіп қалмайды және қайта жаңғырмайды. Ал жай
ғана өмір сүреді, қартаяды, ескіленеді, біз әзірше тірі болғанша, мәңгі
өмір сүреді»
2
.
Өмір салты ерекшелігімен сол ауызекі халық поэзиясында
қалыптасқан, қоршаған дүниені қабылдау және түсіндіру дәстүрінде
табиғат құбылыстарын, адамның жай-күйін, өмірлік коллизияларын
суреттеудің айрықша көрсеткіштері әрекет етеді. Бұл – түстің,
дыбыстың, өсімдіктер мен жануарлардың, адамдардың белгілі бір
1
Достарыңызбен бөлісу: