416
элитаны тәрбиелеу қажеттігі айдан анық. Өткенге жармаса беруіміз
жетер. Бүкіл ақыл-ойды, парасат пен білімді келешекке бағыттайық.
Аталмыш топ аз да емес. Халқымыздың 25 пайыздайы ана тілін
нашар біледі не тіпті түсінбейді деген дерек бар. Оның үстіне, әліге
дейін 400 мыңдай мектеп оқушылары өзге тілде оқиды. Жоғары оқу
орындары студенттерінің 50 пайызы ғана қазақша оқиды. Демек, бұл
топтың саяси өмірге ықпалы алдағы уақытта да үлкен болмақ. Өз
мәңгүрттеріміз үшін орыс тілін екінші мемлекеттік тіл қылып,
масқара болып жүрмейік
1
.
Дегенмен, қазақша білмейтін қазақтың бәрі ұлтсызданған деуден
аулақпыз. Олардың негізгі бөлігі саяси жағдайды дұрыс ұғынып, қазақ
мемлекетінің бекуі, нығаюы үшін адал қызмет етуде. Осы бір ұлт
тағдыры үшін өте күрделі мәселенің екінші қырынан қарайықшы.
Қалың көпшіліктің миына кез келген идеологияны сіңіруге болады.
Тарихты
алып
қарасаңыз,
миллиондардың
миына
кезінде
коммунистік,
фашистік,
христиандық,
либерал-демократиялық
идеялар сіңірілді. Миллиондар осы идеяларға кезінде жан-тәнімен
сенді, соған қызмет етті. Ал қазақша білмейтін қазақтардың санасына
біздер қандай ой-пікірлерді құя алдық? Олар қазақша газет оқымайды.
Қазақтың ұлттық идеологиясын білмейді. Қазақ өмірін қараңғы әрі
қауіпті құбылыс, түсініксіз стихия ретінде ғана қабылдайды. Ал
оларға
өзіміздің
ұлттық
мүдде-мақсатымызды,
қазақ
мемлекеттілігінің, тілінің, мәдениетінің маңызын ұқтыру үшін не
істедік?
«Қазақтың
ұлттық
ой-арманын,
мақсат-мүддесін
орыстілділерге жеткізетін газет керек. Қазақ басылымдарындағы
мақалаларды орысша аударып басу керек» деген идеяны бүгінде
Президент Н. Назарбаев та қолдап отыр. Лайым да сол ұсыныс іске
асып, мәңгүрттерімізді қайта тәрбиелейтін, бауырымызға қайта
тартатын, түсінбегендерін түсіндіріп, мәселенің мән-жайына көзін
жеткізетін заман туса дейміз.
Кезінде ақпарат кеңістігін басқару, саяси процестерді бағыттап
отыру туралы қадау-қадау идеялар ұсынылды. Оған құлақ түрген жан
шамалы. Мемлекетті ой-пікір, идея басқарады. Қажетті идея заңға
немесе жарлыққа айналып, миллиондардың тағдырына әсер етеді. Ал
сонда айтылған тың ой-пікір, идеялар босқа қала берсе, біз саяси
процесті басқарып емес, оны стихияның еркіне беріп, соңына ілесіп
қана жүре бермекпіз бе? Және бұл біздің көп ұлтты еліміз үшін
қаншалықты қауіпті
2
.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
1
Достарыңызбен бөлісу: