198
индивидуалдық меншік пайда бола бастаған кезде өз нышанын береді.
Патриархаттың матриархатты ауыстыруы нәтижесінде еркектердің
рөлі бірінші орынға шығады және ру басылар, көсемдер, әскер
басылар, т.т. олардың арасынан таңдалып алынады. Шын мәнісіндегі
әлеуметтік мұралану тек аталық құқықта жүзеге аса алады. Э.
Фроммның пікірін қайталасақ, аналық қоғам қауымшылдықтың тірегі
болса, аталық қоғам тарихтағы индивидуалдандыру үдерісін бастап
берді. Патриархалдық қатынастар геронтократия мен арға текті
әсіреуге сүйенді.
Жоғары келтірілген аңыздардан алғашқы қоғамдастықтарда жеке
билік тек сакральды, дәстүр мен салттық сананың күші арқылы
бекітілетінін көреміз. Әрине, ата-бабалар қиын-қыстауда арқа сүйетін
тірек бола алады. Бірақ, оларға сай құрмет көрсете алмаған жағдайда
арғы тектер кесірлі күштерге де айналып кетуі мүмкін. Сол себепті
ата-бабалар культі жіктеле басталған қауым ынтымақтастығын
сақтайтын басты фактор еді.
Исламды
қабылдағанға
дейінгі
түрік
көшпелілерінде
“басқарушы” топтың әлеуметтік орны арнаулы дәстүр мен салттық
сананың бақылауында болды. Бұл дәстүр көптеген жағдайда хандар
мен бектердің билігін қауым мүдделері тұрғысынан шектеуге
бағытталған. Сол себепті осы әдептік тұтастыққа қатысты автаркия
мен деспотия туралы айту орынсыз. Мысалы, қытай тарихшылары
көшпелі түрік иеліктерінде хан мен бектердің қатардағы
тайпаластарынан артықшылығы аз екенін және соғыс жағдайында
ғана олардың билігінің артатындығын атап өтеді3. Зерттеушілер
көшпелі мемлекеттерде “хан талау” деген дәстүрдің болғанын айтып
өтеді. Бұл бір сипатта Дж. Фрезер мен З. Фрейд еңбектерінде
кездесетін архаикалық “көсемді құрбандыққа шалу” сарынымен ұқсас
келеді. Аталған үрдіс қазақ хандығында да сақталып келген. Мысалы,
Орынбор губернаторы Ваконскийдің мына бір куәлігі бар: “Күшті ру
басылары немесе топтасқан барымташылар ханға бағынбақ түгіл,
оның малын тартып алады”
1
. Тағы бір куәлік: Әбілхайыр хан Ресейге
бодандыққа ену туралы келісімге келгеннен кейін, ел жиыны оны өлім
жазасына бұйырады және сонда бұл үкімді Барақ сұлтан жүзеге
асырады
2
. Ш.Уәлиханов та осы сипатта өз дәлелін келтіреді.
“Қазақтың ешқандай ханы Абылайға дейін шексіз билікке ие болған
жоқ. Ол бірінші болып өз кеңестерімен хан билігін тежеп келген
күшті ру басылары мен сұлтандарды бағындырды, тек халық
1
Достарыңызбен бөлісу: