204
кәдесімен” қоса әлеуметтік әділеттілікті көздеген. Жесір мен жетімнің
ол “бастапқы капиталы” іспеттес болған.
Қазақтың
дәстүрлі
әдеп
мәдениетінде
туысқандық
құрылымдармен қатар, тікелей қандастық байланысы жоқ жеке
адамдарды қауым құрамына қосуға мүмкіндік беретін “анда”,
“тамыр”, дос сияқты статустық ұғымдар болған. Осы жөнінде
тарихшы-этнограф Ж. Артықов былай дейді: “Құрдастық сияқты анда
да бөтен ру, алыс ұлыс, басқа жүздің адамдарын бір-бірімен
жақындастырады. Тіпті кейде бөтен елдің, өзге этностың кірмелері де
қазақ арасынан анда тауып ел қатарына қосылып кетеді. “Құрдас”,
“тамыр”, “дос”, “жолдас”, “андалар” нағыз туыстардан да шынайы
жақын болады. Анда адамдар сенікі-менікі демейді, бір-бірінің бетін
қайырмайды. Анда тәртібі алыс руларды, елдерді бір-бірімен
туыстастырып, қоғамдық құрылымның берік негізіне өз үлесін
қосады. Сонымен қатар қазақ ішінде жан дос, дос, тамыр сияқты
әріптес, замандас адамдардың бір-бірімен тіл табысып, көңіл
жақындастырып, араласуына мүмкіндік беретін дәстүрлі институттар
бар. Жалпы қоғамдық араластық процесінде олардың тигізер ықпалы
зор”
1
.
Қазақтың дәстүрлі әдебіндегі индивидуалдық және қауымдық
факторлардың арақатынасын қарастырғанда, оларды органикалық
тұтастық немесе адамдық ынтымақтасудың көшпелілік тәртібі деп
анықтауға болады. Хандық дәуірде бұл тәртіп қазақ қоғамының
болмыс бітіміне сәйкес болғанымен, кейінгі трансформацияларда
өзінің үйлесімдіруші функцияларынан айырылып қалды. Өйткені
XVIII ғасырдан бастап қазақтың әлеуметтік мәдениеті ішкі
қисындылықтан гөрі сыртқы әсерлер ықпалымен түбегейлі
өзгерістерге ұшырады. Бұл әсерлер (Ресей отаршылдылығы, Қытай
мен
Орта
Азия
мемлекеттерінің
экспансиясы,
жоңғар
шапқыншылығы) қазақтың әлеуметтік мәдениетін шайқалтып жіберді.
Атамекеннің
тарылуы
қазақтың
кісілік
негіздерін
шайқалтатын, жаугершілік пен отаршылық әсерінен өрістеген теріс
қылықтардың
көбеюіне
әкелді.
Біз
бұл
жерде
бодандық
психологиядан тарайтын жасқаншақтық, үрей, жағымпаздық, ұлт
мүддесін сату сияқты құбылыстарды айтып отырмыз. Қауымшыл
кісінің (ынтымақтастық құндылығы мағынасында) орнын “пысық”
пен “масыл” басты. Қазіргі замандағы әдеп пен мәдениеттен тыс
пысықтар (“крутойлар”) мен алыпсатарлық “масыл буржуазиямен”
оларды салыстыруға болады.
1
Достарыңызбен бөлісу: