206
қорғауға бағытталған үдерістер де болды. Тарихшылар атап
көрсеткендей, отарлық езгіге қарсы күрес қазақ мәдениеті өрісінде
бірнеше дараланған кісілік типтердің қалыптасуына себеп болды. А.
Сейдімбек отаршылдарға қарсы 300-ге жуық көтерілістер мен
қақтығыстардың болғанын атап өтеді
1
. Құлдықты көтермейтін
тәкаппар ерлер мен осы тұйыққа тірелген жағдайдан шығу үшін жол
іздеген ел даналарын жаңа мәдени қаһармандар деп қарастыруға
болады. Сондай тұлғалардың бірі – Мұрат Мөңкеұлы еді. Ә. Қодар
атап өткендей, Дулат пен Шортанбай сияқты Мұрат сатқын
қандастарын әшкерелеп, азаттық туын жеке-дара көтеру арқылы
желбіретті. Отарлық езгімен бірге келген орыстандыру саясатының
халықтың адамгершілік қасиеттерін жұрдай еткендігіне налыған ақын
“қоңсыдан туып би болған”, “қара кісі хан болған”, “асылзада
баласының құл болып”, “асылсыз баласының ақшасына сүйеніп пұл
болғанын” батыл сынайды. Оның пікірінше, халықты текті тұқымнан
шыққандар ғана басқаруы тиіс, “құлдан туған төрені, ақсүйектер ұлы
деп”, оған ел тізгінін ұстау “адыра қалғыр заманының белгісіне”
жатады. “Діні басқалардың ел билеуін” бар пәленің бастауы деп
есептеген Мұрат ақын, бекерден-бекер жылай бермей, “кейінгі туған
бала үшін”, кейінгі ұрпақтың “сауабы үшін”, “күндердің күні
болғанда, обалы маған” болмас үшін “дулығалы қара нарларды” атқа
қонуға шақырады
2
. Осындай ерлердің арасында Кенесары хан ерекше
орын алады. Абылайдың немересі Кене хан ұлт азаттығы үшін
күрестің рәміздік тұлғасына айналды. Нысанбай жырау ол туралы
мынадай жолдарын қалдырған:
Қоғамы күшті ер еді,
Киімді бала тудырған.
Ықпалы жүрген ер еді,
Алтынды қылыш будырған,
Абылайлатып ат қойып,
Дұспанды көрсе қудырған –
Көп сарғайтып келместей,
Кене хан, саған не болды?!…
Кенесары кеткен соң,
Иесіз қалды тағымыз.
Бұлбұлдай сайрап жүр едік,
Байланды тіл мен жағымыз.
Азғанымыз емес пе,
Қойшыдан сынды сағымыз.
1
Достарыңызбен бөлісу: