216
Енді тоталитарлық қоғамдағы қазақтың әдеп мәдениетіне тікелей
көшсек, онда мынадай үрдістерге назар аударған жөн:
Кеңес Одағының басқа да халықтарындағы сияқты қазақтың
төлтума мәдениетіндегі дәстүрлі әдептің ғасырлар бойы қалыптасқан
тетіктері шайқалып, аномиялық жағдай мен тұлғасыздандырылу
өрістеді. Қ. Әбішевтің тілімімен айтқанда, қазақтың әдебі
жатболмыста әрекет етті.
Тоталитарлық қоғамдағы дәстүрлі қауымдасу мен даралану
нормаларын өзгерту күш көрсету мен жасанды схемалардың тар
шеңберлері арқылы жүргізілді. Осы жөнінде Елбасының “Тарих
толқынында” атты кітабында мынадай ой айтылады: “Олардың түпкі
негізінде кез келген тоталитарлық доктринаның жан түршіктіретін
табиғи және тарихи кінараты – адамның жеке басы мен адамдар
қауымының кез келген жоспар бойынша оңдауға да жондауға да бола
береді дейтін түсінік жатады. Өзгені былай қойғанда, мыңдаған
жылдар бойы жинақталған қазынаны тас-талқан қылып қиратып,
“жасаймыз жаңа дүние” дейтін тоталитаризмнің ең танымал гимнінің
өзі-ақ осыған айқын дәлел”
1
.
Тоталитаризм дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан қазақ
адамын
“Мен”
дегізерлік
әдептік
қасиеттерінің
тарихи
құндылықтарына (еркіндік, азаттық, қонақжайлылық, мәмілелік,
тәубешілдік, қауымдық ынтымақтастық, үлкенді сыйлау, т.т.) орасан
зор нұқсан келтірді. Әдептік сана әлеуметтік-таптық санамен
ауыстырылды. Халық ғасырлар бойы құрмет тұтып келген хандар,
билер, шонжарлар, батырлар, діни әулиелер, т.т. (Абылай, Кенесары,
Алаша хан, Жәнібек, Қасым, Қазыбек би, Төле би, Айтеке би, Иасауи,
Қорқыт т.б.) нигилистік деструкцияға ұшырады. Елбасы кітабынан
осы туралы тағы бір үзінді келтірейік: “Тоталитаризмнің өзге бір
“тамаша формуласы” - ұлттық сананы әлеуметтік-топтық санамен
алмастыру. Сонда ұлттық сананы тастай қып бекітетін ұйытқыны
қалай ірітпек керек? Мұның бірден-бір тәсілі - ұлттық тұтастықтың
орнына топтасқан тобырды әкеліп қою. Жағдайдың насырға
шапқандығы сондай, осы күнгі баз біреулердің өзі ата-тегін “заңгердің
баласынан” бермен қарай тартатынын еске түсіретін еді. Ұлттық сана-
сезімді талқандаудың қосымша тетіктері ретінде неше түрлі мифтер
мен жағымсыз үлгі өнегелер іске қосылды”
2
.
4. Тоталитаризм уақытында қазақтың тек әдептік қауымдасу
негіздері ғана емес, оған қоса кісілік даралану типтері мен мендік
сана- сезімінде теріс қылықтар көбейіп кетті. Бұл мәселені философ
Ғарифолла Есім өзінің “Сана болмысы: Саясат пен мәдениет туралы
1
Достарыңызбен бөлісу: