224
жоғалтқанымен (мысалы, АҚШ-тың әлемдік қауымдастық пікірін
ескермей, басқа елдердің ішкі істеріне араласуы), көптеген ғасырлар
бойы отар болып келген елдердегі ұлтжандылықтың мәнісі мен
табиғаты мүлдем басқа.
Сонда да Абай бастап берген өз қоғамы мен адамы бойындағы
теріс қасиеттерді объективті тұрғыдан сынау жағымды. Ол жағымсыз
қатынастар мен қылықтардан арылуға себебін тигізе алады. Тек
әмбебапты әділдік принципі бағыт беруші тетік қызметін атқарып
отыруы қажет.
Индустриалдық және бұрмаланған тоталитарлық қоғамдардың
дағдарысыстанған және тұлғасыздандырылған әдептік құрылымдарды
шекті. Оның негізінде өркениеттік дағдарыс жатыр. “Өркениет”
термині бұл жерде адам мен қоғамның барлық деңгейлерін біріктіре
алатын құрылымды білдіріп тұр. Үшінші толқын көпшілікке
арналмаған жоғары сапалы индивидуалдық құндылықтарды көздейді.
Ұлтшылдық ескі индустриалдық қоғамның туындысы. Ақпараттық
өркениетте индивидуалдық құқық нормалары қоғамдық мүдделерден
жоғары қойылады. Ғаламдану ұлттық “шекараларды” бұзып отырады.
Бұл жерде екі бағыттың күресі қазіргі әлемдік өркениеттердің қарым-
қатынастарының мазмұнына айналды. Осы екі бағытқа ғаламдану мен
ұлттық-мемлекеттік төлтумалықты сақтау жатады.
Бұл, әрине, тым “қоюланған” сценарий. Ғаламдану мен
постиндустриалдық өркениеттің теріс жақтары жөнінде жеткілікті
жазылған. Біздің назар аударатын мәселеміз: осы постиндустриалдық
қоғам ондағы тұлға әдебін қалай өзгертті? Басты жауап: Үшінші
толқын мәдениет, құндылықтар мен моральды индивидуалдандырды
1
.
Орталық өзінің көптеген функцияларын шет аймақтарға бере бастады.
Өйткені өзгермелі қоршаған ортада ақпарат орталыққа жеткенше
ескіріп кетуі мүмкін. Тотальдық иерархиялық құрылымдар тиімді
нәтижелерге жете алатын мобильдік топтармен ауыстырыла бастады.
Индивидуалистік мәдениет өндірістік-әлеуметтік қатынастармен бірге
білім беру саласын да қамти бастады. Бұрынғы мектептегі типтік
бағдарламалар бойынша стандартты оқыту мен күнделікті қарадүрсің
тексеру постиндустриалдық өркениет талаптарына сәйкес болмай
шықты. Елдерді сандық өлшемдер бойынша салыстырудың орнына
келген адамдық даму индексінің (білім деңгейі, өмір узақтығы,
тіршілік сапасы) тиімділігі қанша болса, жалпыға бірдей білім берудің
орнына мақсаттық, дара, арнаулы білім беру де сонша тиімді.
Бұқаралық емес мәдениетте азшылықтың рөлі ерекше артады.
Үндемейтін
көпшілік
индустриалдық
немесе
тоталитарлық
қоғамдарға тән. Бір мақсатты көздеген миллиондар шектеусіз
1
Центральное Азия и культура мира. – Бишкек. - № 1-2 (8-9), 2000.
Достарыңызбен бөлісу: