301
шаруашылығынан
алынды.
Егіншілік
ХҮ-ХҮІІІ
ғасырларда
қазақтарда өте нашар дамыған еді. Өндіріс туралы бұл кезеңде
айтудың да реті жоқ. Қазақтарда мол шаруашылық шикізаттары
негізіндегі үй кәсіптері кең таралған болатын. Еңбек құралдарын,
ыдыстарды жасауда негізінен ағаш, темір, былғары пайдаланылған.
Қазақ халқының рухани мәдениеті де экономикалық және
әлеуметтік жағдайларға үйлесіп келді.
Тарих дәлелдеуінше, адамның сұлулыққа деген талпынысы
алғашқы қауымдық дәуірден байқалады. Сондықтан да өнер адам
шығармаларының барлығының ішіндегі ең көнесі болып табылады.
Болмыс пен адамның рухани әлемін көркем образдарда көрсетіп, өнер
маңызды қоғамдық қызмет атқарады. Эмоцияларға әсер етіп, ол
адамдардың бірігуіне ықпал етеді, өнер туындылары махаббат пен
жек көрушілік, қуаныш пен қорқыныш, сәулеттілік пен әсемдік
сезімдерін оятады.
Өнерде, оның мазмұнында сол немесе басқа қоғамдық таптың,
халықтың идеялары, эстетикалық көзқарастары көрініс табады.
Жалпы мәдени дамуда халық артта қалған болса да, оның өнерінің,
қоршаған ортаға эстетикалық қатынасының дамуын жоққа шығаруға
болмайды.
Сондықтан, Қазан социалистік революциясына дейін артта қалған
халықтарда эстетикалық сезімдер, ұғымдар, түсініктер болмаған деп
жорамалдаушылардың пікірлерімен ешбір келісуге болмайды.
Адам табиғатына, ол рухани дамудың қандай төменгі сатысында
тұрса да, сол дамуға сәйкес сезімдік қатынастар қажеттігі тән.
Қазақтардың халық ретінде мәдениеті ХҮ-ХҮІІ ғасырларда
қалыптасты. Сол кезеңнің өзінде дамудың екі тенденциясы анық
көрінді – халықтық және феодалдық. Мысалы, бай мен малай өз
ойлары мен мұң-мұқтажын ешқашан бірдей айта алмаған, олар
қосылып ән сала алмаған.
Қазақ халқының көркем шығармашылығы оның тарихи жолымен,
оның түрлі тарихи кезеңдерде алдында тұрған қажеттіліктермен және
мақсаттармен тығыз байланысты болды.
Көшпенділер, соның ішінде қазақтар да, шешендік өнері мен
сезім тілі – поэзияға ерекше мән берген. Мұхтар Мағауин өзінің
«Қобыз бен Найза» кітабында атап өткендей: «Әрине, бұл қасиет
біздің халқымызға бір әдемі күні аспаннан түскен жоқ. Поээиялық
мәдениеттің мұндай кең таралуы ұзақ уақыт дамудың нәтижесі екені
әбден айқын»
1
.
Қазақ өнері оны жасаушы халықпен бірге біртіндеп қалыптасты
және өзгерді. Қазақтарда ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін өз
1
Достарыңызбен бөлісу: