311
А.Е. Алекторовтың әділ ескертуі бойынша, қазақ өлеңінің сөз
саптауына, ондағы айтылған сезімдер күшіне «жартылай көшпелі
ордалық, әркім, басқа мәдениеттегі халық та» қызыға қарауы мүмкін.
Эпостық шығармалардың бас кейіпкеріне (бойжеткен қыз, әйел)
анағұрлым толықтау сипаттамалар беріледі. «Халықтың эпикалық
поэзиясының туындыларында қазақ әйелінің ең типтік ұлттық
ерекшеліктері деп: сезім тереңдігі, күшті және терең әсерленуге
қабілеттілік, махаббаттағы берілгендік пен тұрақтылық, адамгершілік,
адалдық пен ақыл, өзін-өзі құрбан етуге қабілеттілік қасиеттері атап
көрсетіледі»
1
, – деп жазады З.А. Ахметов.
Эпикалық поэмалардың бас кейіпкерлері Құртқа, Гүлбаршын,
Қарагөз, Қарлыға, Назым, Ақ Жүніс, Қыз Жібек, Баян Сұлу, Айман
мен Шолпан нақ сондай болып біздің көз алдымызға елестейді. Иә,
әрине, олардың әрқайсысы – майдай алды сұлу. Қобландының әйелі –
Құртқа бейнесі былай суреттеледі:
«Сонда сұлу Қыз Құртқа
Қылаң етіп, қылт етіп,
Сылаң етіп, сылт етіп,
Шекеде шоғы бұл етіп,
Саулы інгендей ыңқылдап,
Күшігендей сыңқылдап,
Сүмбіледей жылтылдап,
Буыны түсіп былқылдап,
Алтын қақпақ дулыға
Шекесінде жарқылдап,
Мақпал төсек мамықтан,
Алтын иек, ақ тамақ,
Көтеріп басын сөйледі»
2
.
Қазақ халық ауыз әдебиетінің жарқын эпикалық поэмасы, алып
қазынасы жас Жібек пен Төлегеннің нәзік махаббатының қайғылы
оқиғасы – «Қыз Жібек» поэмасы. Рулық-феодалдық тұрмыстың қатал
салттары Жібекке өз сүйгені – алыс қазақ руының жас жігіті –
Төлегенімен некеде қосылуға рұқсат бермеді. Жастар қайғылы қазаға
ұшырайды, бірақ салтқа көнбейді.
Бұл эпикалық поэмада көптеген әр түрлі әйел порттреттері
беріледі. Бірақ халықтың әсемдік мұратына сай келетін Жібек
портреті ең қанық бояулармен суреттелген.
Бұл поэмадағы Жібек бейнесі былай суреттеледі:
«Қыз Жібектің құрметі,
Жиһаннан асқан сәулеті,
1
Достарыңызбен бөлісу: