ҚазақТҰтынуодағЫ


Клод Анри де Рубруа Сен-Симон (1760-1825 жж)



бет19/94
Дата05.02.2022
өлшемі2,72 Mb.
#1920
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   94
Клод Анри де Рубруа Сен-Симон (1760-1825 жж) – францияның социалист-утописті, социалистік идея үшін, өзінің саяси сенімі негізінде дворяндық атақ пен графтық титулдан бас тартқан, осы бағыттағы экономикалық ойлардың көрнекті авторларының бірі. Оның қаламынан “Женеваны мекендеушілердің замандастарына хаты” (1803) “Өнеркәсіп жүйесі туралы” (1821), “Өнеркәсіп қожаларының катехизисы” сияқты маңызды ғылыми еңбектер туды.
Сен-Симон үшін экономикада еркін бәсекесі бар әлеуметтік жүйе – бұл өтіп бара жатқан феодализмен әлі жетпеген, екі қоғамдар арасындағы өтпелі жәй кезеңдер ғана емес, бұл өнеркәсіптік теңдікке ”төңкеріссіз бейбіт және барынша тез көшу” үшін, «индустриалды тең» “әлеуметтік әділет қоғамы”.
Өзінің талқылауларында ол ескіден жаңа әділ өнеркәсіптік қоғам құруға көшу тарихи шарасыздық деп жариялады, сондықтан басқа социалист-утопистер сынақты ол “антигонистік таптар жойылып, үкімет саяси биліктің орнына экономикалық үкімге ие болады деп болжады.
Утопиялық социализмнің басқа өкілдерінен К.Сен-Симонның айырмашылығы –“меншік пен оны пайдалануды реттейтін заңның” қажет екенін және “тек осы институт қоғамдық мекеменің негізі болып қызмет ететінін” айта келіп, социализмде жеке меншікті жоққа шығармады.
Оның пікірі бойынша болашақ ірі өнеркәсіптік өндіріске және өнеркәсіптік топтарға (кәсіпкерлер, жұмысшылар мен ғалымдар одағына) жатады деді. Ірі өнеркәсіп бір орталықтан, бір жоспармен басқарылады, бәсекені ассоциация алмастырады деді. Қоғамда еңбектенуге бәрі міндетті, ал еңбек “әрқайсысының – икемділігі бойынша, әрқайсысына – оның ісі бойынша” деген қағидамен бағалады. Мұндай әділ қоғамды құру үшін өмірдің тек материалдық шарттарын өзгерту жеткіліксіз, адамдарды рухани қайта тәрбиелеу де.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет