ҚазақТҰтынуодағЫ


Артур Пигу (1877-1959 жж.)



бет86/94
Дата05.02.2022
өлшемі2,72 Mb.
#1920
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   94
Артур Пигу (1877-1959 жж.) – А.Маршаллдың оқушысы.Оның ойы бойынша ұлттық дивидент, бұл «адамдар ақшалай табыстарына сатып алатын байлық», бұл қоғамдық игі жағдайдың көрсеткішісі. Қоғамның игі жағдайының өсуі мүмкін, егер табыстар қоғам мүшелерінің арасында тең бөлінсе. Табыстарды қайта бөлу кемімелі пайдаллылық приципіне сәйкес келеді.Қайта бөлуден қоғам мүшелерінің табыстары, байлардың шығындарынан көбірек болады.
А.Пигу, ойынша қоғамдық игіні нарық қамтамасыздандыра алмайды сондықтан қай жағдайларда бағаны реттеу пайдалы? Аса төмен льготалық бағалар өндірістің кеңеюіне, яғни игі жағдайдың өсуіне жағдай жасайды. Басқа жағдайларда субсидияны, салық салудың прогрессивтік жүйесін қолдануды ұсынды. «Сыртқы эффектіні» өтеу үшін мемлекет бюджеттік механизмді қолдануы керек, яғни «эффекттен» зардап шеккендерге субсидия төлеуі қажет. А.Пигу ұлттық табысты бөлу теориясында негізін салды, жеке меншіктің фирманың, қоғамның экономикалық проблемаларымен санасуды тіледі..
Лозан мектебінің көрнекті өкілдерінің бірі Леон Вальрас (1834-1910 жж.) – швейцарлық экономист – математик. Жалпы экономикалық тепе-теңдік мәселесін дәлелдеген. Оны үш сұраққа жинақтауға болады:

  • Іс жүзінде нарықтық тепе-теңдікке жету мүмкін бе?

  • бұл тепе-теңдік тұрақты болып табылама?

  • тепе-теңдік тұрақтылығының жағдайлары қандай?

Бұл сұрақтарға Вальрастың ойынша, тек-қана математика ғана жауап бере алады деді.
Барлық экономикалық өмірді Вальрас ең үлкен екі топқа бөлді: фирмалар мен үй шаруашылығына. Тауар өндірушілерінің барлық шығындары үй шаруашылығының табыстарына айналады, ал үй шаруашылығының барлық шығындары – өндірушілер табыстарына. Факторлар бағасы өндіріс көлемі, сұраныс, өндіру ігілігі тауарлар бағаларына тәуелді. Негізінде, тауарларға деген бағалар факторлары бағаларға тәуелді.
Жүйенің дұрыс қызметі сұраныс пен ұсыныс (факторлар мен тауарлар) арасындағы сәйкестік пен бекітеді. Фактор бағасы фирманың шығындарына, ал фирма табысы үй шаруашылығының шығындарына сай болуы керек.
Тепе-теңдік жағдайы үш шартты қарастырады:

  • өндіріс факторларының сұранысы мен ұсынысы тең; оларға тұрақты және орнықты баға белгіленеді.

  • тауар және ұсыныс қызметті сұранысқа тең және олар тұрақты баға негізінде жүзеге сатылады.

  • тауарлар бағасы өндіріс шығындарына сәйкес қатысты.

Алғашқы екі шарттар айырбас пропорция теңдігін қарастырады. Үшінші шарт өндіріс сферасындағы тепе-теңдікті білдіреді.
Тепе-теңдік орнықты болып табылады, немесе нарықта ауытқуларды түзейтін және тепе-теңдікті қайта келтіретін күштер бар. Ол еркін бәсекенің даму жағдайы.
Вальрас моделі – тұйық математикалық модель, онда барлық қатысушылар екі топқа бөлінеді: өндіріс факторларының иелері және кәсіпкерлер. Әр қатысушы өзінде бар факторларынан максимум пайданы алуға тырысады.
Вальрас моделінен келесі қортындылар шығады:

  • тек қана тауарлар нарығында ғана емес, басқа да нарықтарда бағалар реттеу инструменттері ретінде өзара байланысы және өзара шарттары бар.

  • барлық нарықтарда тепе-тең бағалардың болу мүмкіндігі математикалы дәлелденген. Бұл тепе-теңдікке нарықтық экономика «талпынады». Бірақ бұл «идеал» тек қана теорияда бар. Толық тепе-теңдік - бұл теориялық абстракция.

  • теориялық жетілген экономикалық «теңдіктен» нарықтық қатынастар жүйесінің шартты тұрақтылығы туралы қортынды шығады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет