2.1 Батыс Европа және шығыс елдеріндегі феодализмнің экономикалық идеяларының ерекшеліктері;
2.2 Меркантилизм – саяси экономияның алғашқы мектебі.
2.3 Меркантилизмнің даму кезеңдері мен ерекшеліктері
2.4 Утопиялық социализмнің жалпы сипаттамасы және оның даму эволюциясы.
Аталмыш тақырыппен танысып Сіз мыналарды білесіз:
феодализм кезеңдегі экономикалық ойлардың құрылуы мен даму ерекшеліктерін;
ортағасырлық Шығыс және феодалдық Европаның экономикалық идеяларына қатысты өзіндік белгілерді;
экономика теориясының алғашқы мектебі-меркантилизмнің пайда болуының алғы шарттарын;
әлемдік экономика теориясы мен практикасының дамуына меркантилистердің қосқан үлесін;
утопиялық социализм теориясын және оның даму эволюциясын.
2.1 Шығыс және Батыс Европа елдеріндегі феодализмнің экономикалық идеяларының ерекшеліктері
Арабтық Шығыстың көрнекті ойшысы Ибн-Хальдун (1332-1406 жж) мемлекет пайдаланатын жердің үлкен қорын қарамағына жинап, оны сақтауын және қазынаны толықтыруға жол беретін салықтардың ежелгі дәстүрлеріне, жаңа діни идеология – исламның негізінде VIII ғасырдың басында дүниеге келген Құранның аяттары да қосылғанын атап көрсетті. Құран Құдай атымен таптарды мәңгілік етті. Құран саудаға көп көңіл бөлді, бірақ артық өсім алушылыққа қарсы шықты.
Ибн-Хальдун тұжырымдамаларында сауданың тиімділігін және ислам жариялағандай еңбекке жоғары көңіл бөлу, сараңдықты көпшілік алдында айыптауда шақырылған.
Оның негізгі жетістіктері қарапайымдылықтан “өркениеттікке” дейінгі қоғам эволюцияларының сараланда сипаттамасы болып табылады.
Ойшылдың пікірі бойынша, экономиканың барлық салаларында табыстың дамуы – жалпыға бірдей әлеуметтік және мүліктік теңдіктің болуына кепілдік бермегенмен, молшылықты әрбір адамның игілік етуіне, халық байлығын бірнеше мәрте көбейтуге жол берді.
Ибн-Хальдун байлыққа тауар ретінде көңіл бөліп, “құн ретіне көрініс беретін еңбек”, ол өнімде өндіріледі деген тезисті ұсынды.
Бұл оған еңбек өнімі “құн бойынша тең айырбас жолымен” алынатыны туралы тұжырым жасауға мүмкіндік берді. Ибн-Хальдун алтын мен күміс “адам өз еңбегімен жасаған барлық құнын іске асуына қызмет етеді” деп оқытты және нарық бағасын құннан ажыратты.
Ибн-Хальдун ақшаның рөлін алла жаратқан екі металл монет – алтын мен күміс атқарсын деп, оны шаруашылық өмірдің маңызды элементі ретінде санады. Ол “еңбек құнын” яғни еңбекақыны сипаттауда бір неше сипаттама берді, оның көлемі біріншіден адамның еңбек мөлшеріне”, екіншіден “оның басқа еңбектер арасындағы орнына” және үшіншіден, “оған адамдардың қажеттілігіне” байланысты деп түсіндірді.
Тауар-ақша қатынасының дамуы туралы қам жесе де, Ибн-Хальдун феодалдық құрылысты сақтауға ұмтылды, әрі “қоғамдық өмірдің гүлденуіне қол жеткізудің” бірден- бір құралы- салықтың көлемін азайту деп білді.
Ежелгі ортағасыр кезеңіндегі Батыс Европа феодализмнің экономикалық идеялары егін шаруашылығымен байланысты болды. Құл иеленушілік және феодализмнің пайда болу кезеңінде сословияға бөліну әлі тумаған еді. Біздің дәуіріміздің І-ІІ ғғ. пайда болған, кейіннен қоғам дамуында басты орын алған христиан діні бұл уақыттарда арнаулы экономикалық теорияларды әлі құрмады. Алайда, ол ұрлық пен байлықты айыптауды, мақсат етті. «Байлық жұмақтан орын алғанша, түйе иненің жүзімен өтіп кетеді», “Егер мейлінше жетілем десең, өз үйіңді сатып алған ақшанды жарлыға таратып бер” деген аңыз қалған. Ертедегі орта ғасыр қоғамының әлеуметтік – экономикалық дамуының ерекшелігін осындай пайымдаулар сипаттайды.
Құл иеленушілік қатынастардың ыдырауына, феодализмнің туындауы тұсындағы жәдігерлік Франктер Корольдігінде құралған «Сали шындығы» (481-511) болып табылады.
Ол деревнялық қуымның және онда тұратын еркін шаруа –қауымының қауымдық меншігін қорғады.Сонымен бірге «Сали шындығы» жеке үй шаруашылықтарында жекелену процесінің тууын көрсете отырып, жеке меншікті қорғауға тырысты.
Ертедегі ортағасыр соңында феодалдық қатынастар бекітілді және феодалдық меншік пен крепостнойлықты қорғайтын «Вилла туралы Капитулярий» ( Жер туралы заң) пайда болды.
Ертедегі ортағасыр кезеңінде экономикалық ойлардың өкілдерінің бірі болып канондықтардың католиктік мектебі шықты.
Канондықтардың экономикалық идеялары сауда кірісі мен өсім қор процентін айырбастың дұрыс емес нәтижесінде және басқаның еңбегін иелену ретінде, яғни осыны күнә ретінде сипаттай отырып, үзілді-кесілді айыптады. Эквиваленттік және пропорционалдық айырбас «әділ бағаны» белгілеу жағдайында ғана мүмкін деп есептеді. «Әділ баға» деп еңбек шығынына тең бағаны айтты. Шіркеу заңдарының авторлары дене еңбегіне қайшы қатынастағы антикалық әлемнің өзіндік идеологтарына, сол сияқты көптеген халықтың шығынына байланысты жеке адамдар байлығының ерекше құқығына қарсы шықты. Ірі саудаға, қарыз операцияларына, күнәhарлық құбылыс ретінде тікелей тыйым салды. Ерте канондық мектептің негізін салушылардың бірі - Августин Блаженный (Әулие Августин) (353-430 жж) болды. IV ғасырдың соңы мен V ғасырдың басында эпископ болып, экономикалық мәселелерге діни-этикалық көзқарастағы сәуегейлік қағидаларын білдірді. Бұл қағидалар V-ХШ ғасырлар бойы берік сақталған. Блаженный Августиннің басты еңбектері – “Құдайдың қаласы туралы” және «Күнәдан арылу» (Исповедь).
Кейінгі орта ғаырдың дәуірлеу кезеңінде (қоғамда сословиялық саралау күшейгенде, қалалардың экономикалық қуаты мен саны өскенде, қолөнер кәсіпшілікпен, сауда өсімі өркендегенде, яғни ақша – тауар қатынастары күшейгенде), кейінгі канондықтар экономикалық мәселелер мен әлеуметтік теңсіздік себептерін “түсіндіретін” дәлелдер шеңберін кеңейтті. Кейінгі канондықтың ірі өкілі 1879 жылғы католик шіркеуіндегі әулиелерлеріне жататын Фома Аквинский (1225-1274 жж) болды. Оның “Теология сумасы” трактатында ортағасырдағы Батыс Европа елдерінде көптеген экономикалық мәселелері көрініс тапты.
Фома Аквинский “дәлелдемелерінде” қоғамның сословиялық бөліну себебтерін “анықтайды”. Сондықтан ол былай деп жазады. “Адамдардың әртүрлі кәсіп бойынша бөлінуі біріншіден, оларды сословия бойынша бөлген Құдайдың құдіретіне;
Екіншіден, әр түрлі адамдардың түрлі кәсіпкерлікке бейімділігіне орай анықтаған табиғи себептер негізі.
Екіжақты және келісу позициясын бұрынғы канондықтармен салыстыруда, Фома Аквинский “Теология суммасы” атты еңбегінде әділ баға, сауда кірісі, өсімқор, процент сияқты әртүрлі экономикалық көрсеткіштерді пайымдау арқылы қарастырады.
Канондықтар іліміне “құн”, “нарықтық баға” санаттарын ауыстыратын “әділ баға” термині ертедегі канондық сияқты, кейінгілерінің де негізгі санаты болып табылады. Алайды, ертедегі канондықтар “әділ бағаны” анықтауда, өндіріс процесіндегі материалдық және еңбек шығындарына сүйенсе, Фома Аквинский “әділ бағаны” тағайындауында, шығындарсыз толық сипаттама жеткіліксіз деп санады. Осыған орай, оның ойларынан, сатуда “затты өз құнынан қымбат сату құқығында” қосымша құн пайда болады дегенді аңғарамыз. Жаңа замандағы экономикалық көзқарастардың негізі ретінде Ж. Кальвиннің (1509-1546 жж) жазбалары болды. Оның айтқандары діни сипатта болғанына қарамастан, олар толығымен нақты экономикалық мазмұнға ие болды. «Әлемді Құдайдың болжамдары басқарады (біреуді Құдай мәңгілік рахатта, ал біреулерді мәңгілік азапта болуын болжаған), алайды әр адам мұны білмей, өзін Алланың таңдаулысымын деп ойлап, оны қызметімен дәлелдеді. Оған куә ретінде ақшалай табысымен қызмет етеді. Адам баласы ұқыпты, есепшіл, қайраткер және адал болу керек, бұл-Құдай алдындағы парыз».
Калвиннің доктринасы (жалпы протестантизм) Голландияда, Англияда, содан соң АҚШ-та тапқырлық және ұқыптылық рухының қалыптасуына көмектесті.
Қарыз проценті қалыпты құбылыс ретінде, ал байлыққа ұмтылыс – адам үшін табиғи болып есептелінді. «Заңдар әрбір адамға өзінің қабілеті мен жағдайын пайдалануды өзі қалай қажетті деп санаса, соған рұқсат беруі керек». Жеке меншік және жеке өмір қасиетіне әлі қол сұғылмағандай.
“Венециандық есеп”, яғни бухгалтерия, барлық кіріс пен шығынды ретімен салыстырып кең таралымға ие болды. Мұның барлығы несие мен банк ісінің дамуына әсер етті.
Орта ғасырдағы экономикалық ойды сипаттай отырып, байлық тұтастай табиғи- заттай қалыпта қарастырылғанын ескеру қажет.
2.2 Меркантилизм – саяси экономияның алғашқы мектебі
Европада ұлттық мемлекеттер мен сауданың даму жетістіктері пайда болған кезде алтын мен күміске сұраныс көтерілді, ақша және оның шаруашылық өмірдегі рөлі туралы көптеген трактаттар пайда болды. Осылайша, ұлы табиғи зерттеуші Николай Коперник “Монетаны соғу тәсілдері туралы”деген еңбегінде мемлекеттің құлдырауының төрт себебін көрсетті: жанжал, өнім, жердің өнімсіздігі және ақшаның құнсыздануы. Ол құнсызданған ақшаның сауданы қысқартатынын және өмірлік құралдардың қымбаттауын ескертті.
Кароль кеңесшілері алтын туралы, импортты ұснудың пайдасы жөнінде және экспортты қолдау туралы еңбектерін жаза бастады. Бірте-бірте меркантилистер мектебі пайда болды, оның құрылуы ең алғашқы жүйеленген экономикалық көзқарастардың пайда болуын білдірді.
“Меркантилизм” ұғымы латын сөзінен mercari (сату)дегеннен шыққан. Оның пайда болуы Ұлы географиялық ашылумен, “алғашқы капитал жинақтау” шарттарын жылдамдату, жаңа типті шаруашылық субъект-кәсіпкерлер мен жалдамалы жұмыскерлердің пайда болумен тығыз байланысты.
Европалық меркантилистер өкілдері негізінен көпестер, өндірушілер, әскерилер, авантюристер болды. Дегенмен олар алғашқы ірі буржуазиялық жағдайдың негізі-сауда, несие және соғыстар арқылы пайдаға ие болу сияқты әдістерін нақты анықтады. Байлықтың абстрактілі формасы-ақша шықты. Сол кезде экономикалық әрекет мақсатын ақшадан, алтыннан, күмістен көре білді. Адамдар “металл үшін құрбан” болды. Сол уақыттың трактаттары мен памфлеттері мемлекетте және жеке қолда ақшаны жинақтау әдістерін іздеуге арналды. Осылайша, меркантилизм, нарықтық қатынастың туу кезеңіндегі экономикалық ойлардың алғашқы мектебі ретінде теориялық-әдістемелік ерекшеліктерінің тұтас қатарын құрады. Меркантилизмнің негізгі жолдары:
үйрену пәні ретінде өндіріс аумағынан қол үзген жағдайда қарым-қатынас айналасындағы мәселелерді қарастыруды ескереді;
экономиканың барлық аясында керексіз жүйелі талдау мүмкіндігін болдырмауды және экономикалық болмыстардың сыртқы көріністерін бейнелеуге әкелетін оқып үйрену әдісі ретінде эмпиризмді қолданды;
ақшаның пайда болуын адамзаттың жасында ойлап шығаруының нәтижесі деп есептейді, ақшаны байлықпен байланыстырады;
құнның шығуын алтын мен күмістің “табиғи жаратылысына” байланысты және олардың әлемдегі мөлшерімен сипаттады;
еңбек ұсынысының көтерілуін еңбекақының жоғары емес төменгі қажетімен, байланыстырды;
экономикалық өсуді елдің ақшалай байлығының көбеюі ретінде, сыртқы сауданың мемлекеттік реттелуі және сыртқы сауданың сальдосына дұрыс қол жеткізу арқылы байланыстыра қарастырды.
Осыған орай, осы және басқа да ұстанымдар экономикалық әдебиеттегі меркантилистік мектептердің дамуының “ертедегі және кейінгі” екі кезеңін дәстүрін сипаттайды
Достарыңызбен бөлісу: |