Байланысты: f23047ca-9f32-11e4-8a1d-f6d299da70eeСТХМиР жана (3)
Анықталу әдістемесі: 3-5 гр майдың өлшемін (навеска) сиымдылығы 150-200 мл 0,01 гр дәлдікпен алынған колбада өлшейді. Майды су моншасында ұсақтайды және оған 50 мл этил спиртінің және этил спиртінің бейтарап қоспасын құяды (қоспаға қосылған фенолфтолейн қатысында ақшыл-қызыл түске дейін қоспаны 0,1 Н негіздік ерітіндісімен бейтараптайды). Оқу сабағында өлшемді 2 гр-ға дейін, ал бетарап қоспаның мөлшерін 30 мл-ге дейін азайтуға болады.
Эфирлі-спирттік қоспаны майдың ерітіндісіне 1-2 тамшы 1 %-ті спирттегі фенолфтолейн ерітіндісін қосады және оны 0,1 Н негіздік ерітіндісімен қызғылт түс байқалғанша тез титрлейді. Ерітіндіні қосу кезінде майдың толық ерітілуі жүрмесе немесе ол титрлеу процесінде қатайса, колбаға 5-10 мл эфирлі-этил қоспасын қосады және лайлануы жоғалғанша араластырады. Қажет кезінде колбаны құрамымен бірге су моншасында ақырын қыздырады.
Қышқылды саны х (мг/гр) мына формуламен анықталады:
X=5,61·УК/М
Мұндағы: 5,61 - 0,1Н күйдіргіш калий ерітіндісінің титрі, мг/мл;
У - 0,1Н негіздік ерітіндісінің титрлеуге кеткен мөлшері, мг;
М - май массасы, гр;
К - негіздік ерітіндісінің коэффициенті.