«Қазіргі қазақ тілі фонетикасы»



бет6/6
Дата31.12.2019
өлшемі190.47 Kb.
1   2   3   4   5   6

Әдебиеттер:

1. Мырзабеков С, Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, Алматы 2006 ж.

2. Аханов К.Тіл білімінің негіздері, А., 2003 ж.

3. Байтұрсынов А. Тіл тағлымы, Алматы. 1992 ж.



Тақырып №11. Қайталама дыбыстар.

Мақсаты: Фонетикалық заңдар туралы ұғым көбінесе белгілі бір тілдің немесе туыстас тілдердің дамуының әр түрлі кезеңдерінде дыбыстарының өзгеруінің бір ізділігін ашып айқындаумен байланыстырылады.

Тілдің тарихын және оның өзгеруі мен дамуын жете түсіну үшін фонетикалық заңдарды білудің айрықша маңызы бар. тарихын, оның даму жолдарын танып білудің кілті.



Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Тілдегі фонетикалық құбылыстар және олардың өзгеруі мен дамуының белгілі бір заңдылықтары.

2. Тілдің тарихи даму барысында біріне –бірі қарама-қарсы екі түрлі дыбыстық өзгерістер болатындығы.Олар конвергенция құбылысы, екіншісі – дивергенция құбылысы.

3.Басқа да фонетикалық өзгерістер.



Әдістемелік нұсқаулар:

Тілдегі фонетикалық құбылыстар және олардың өзгеруі мен дамуының белгілі бір заңдылықтары болады. Белгілі бір тілдің дамуының әр түрлі кезеңдерінде немесе туыс тілдердің арасында дыбыстардың тұрақты сәйкестілігі фонетикалық заңдар деп аталады. Фонетикалық заңдылықтардың тілдің немесе тілдердің тарихына ғана емес, сонымен бірге қазіргі кездегі қалпына да қатысы бар.

Түркі тілдерінде дауысты дыбыстардың не біркелкі жуан, не жіңішке болып келуі – ертеден бері өмір сүріп келе жатқан және әбден қалыптасқан фонетикалық заң. Фонетикалық заңдылықтардың ішінде кейбіреулері туыстас тілдердің барлығына бірдей қатысты болады да, қайсыбіреулері біреуіне немесе бір-біріне өте жақын бірнешеуіне ғана қатысты болады. Мысалы, жоғарыда айтылғандай, дауыстылардың не бір өңкей жуан, не жіңішке болып үндесуі немесе қатар келген дауыссыздардың не біркелкі қатаң, не біркелкі ұяң болып үндесуі – түркі тілдерінің барлығына бірдей қатысты, ортақ заңдылық.

Тілдің фонетикалық жүйесі үшін дыбыстық өзгерістердің ішінде фонемалардың санын өзгерте алатын өзгерістер өте мәнді болып табылады. Тілдің тарихи даму барысында біріне –бірі қарама-қарсы екі түрлі дыбыстық өзгеріс болуы мүмкін. Оның бірі – конвергенция құбылысы, екіншісі – дивергенция құбылысы. Тілдің тарихи даму барысында әр түрлі екі фонеманың бойына сіңісіп, ұласып кетуі конвергенция деп аталады. Көрнекті ғалым В.А.Богородицкий ш дыбысының өзгеріп, с дыбысына айналуын, соның нәтижесінде о бастағы ш мен с дыбыстарының ұласып, бірдейлесіп кетуін қазақ тіліне тән құбылыстардың бірі деп есептейді. Бұл өзгерістерді конвергенция құбылысының нәтижесі деп қарайды.

Фонетикалық заңдар туралы ұғым көбінесе белгілі бір тілдің немесе туыстас тілдердің дамуының әр түрлі кезеңдерінде дыбыстарының өзгеруінің бір ізділігін ашып айқындаумен байланыстырылады.

Тілдің тарихын және оның өзгеруі мен дамуын жете түсіну үшін фонетикалық заңдарды білудің айрықша маңызы бар. Алайда тек мұнымен шектеліп қою жеткіліксіз болады. Тіл тарихын жете білу үшін фонетикалық сәйкестілікпен бірге сөздердің семантикалық жақтан өзгеру, даму заңдылықтарын да есепке алу қажет. Лингвистикалық зерттеулерде фонетикалық заңдар мен семантикалық заңдарды ұштастыра білу – тіл тарихын, оның даму жолдарын танып білудің кілті.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Тілдегі фонетикалық құбылыстар және олардың өзгеруі мен дамуының белгілі бір заңдылықтары.

2. Тілдің тарихи даму барысында біріне –бірі қарама-қарсы екі түрлі дыбыстық өзгерістер болатындығы.Олар конвергенция құбылысы, екіншісі – дивергенция құбылысы.

3.Басқа да фонетикалық өзгерістер.


Әдебиеттер:

1.Аханов К. Tiл білімінің негіздері.А., 1969,1993,2002.

2.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992.

3.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. А., 1973.

4.Досмухамбетұлы X. Қазақ-қырғыз тіліндегі сингормонизм. 1924.

5.Дүйсебаев М. Қазақ әдеби тілі орфографиясының кейбір мәселелері. А., 1973

6.Дүйсебаев М. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі. А., 1981.

Тақырып №12. Фонетикаға қатысты Ж.Аралбаевтың көзқарастарына шолу.

Мақсаты: Фонетикаға қатысты Ж.Аралбаевтың көзқарастарын зерттеу тексеру

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Ж.Аралбаевтың ғылыми еңбектерге шолу

2.Ж.Аралбаевтың фонетикаға қосқан үлесі

Әдістемелік нұсқаулар:

Ғылыми еңбектері: Фонетическая система каракалпакского языка.АКД.,А.,1949; Учебник каракалпакского языка для русской школы(5- 6кл).Нукус, 1954. Алғашқы зерттелулерде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді пікір де, қазақша терминдер де жасалған жоқ. Қазақ тілі дыбыс жүйесінін белгілі бір мәселесі бойынша арнайы зерттеу жүргізілгендіктен орыс түркологтары еңбектерінде фонетика таза практикалық мақсатта болды. Сондықтан олардың зерттеулері қазақ тілі дыбыс жүйесі жөніндегі алғашқы мәлімет деңгейінде ғана еді. оны төмендегі шолуымыздан байқауға толық болады. Демек, нағыз ғылыми зерттеу А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов, І.Кеңесбаев еңбектерінен басталып, Ж.Аралбаевтың ғылыми еңбектерінен әрі қарай жалғасалы деп білеміз.

Қазақ тілі дыбыс құрылысының арнаулы жүйемен жан-жақты зерттелуі — совет дәуірі тұсынан басталды. Мектептерде қазақ тілін оқыту және жазу ережелерін (алфавит, графика, орфография) жетілдіру ісімен байланыс­ты әуелгі кезде қазақ фонетикасы жөнінде біраз шағын ең-бектер— мақалалар жарық көрді.

Қазақ фонетика мәселелерін арнаулы жүйеге салып зерт­теу кезеңі проф. Құдайберген Жұбановтан, І.Кеңесбаевтан басталады. Проф. І.Кеңесбаев қазақ лингвистикасының ірге тасын қалаушылардың бірі болды. Ол қазақ фонетикасының бір топ мәселелері (атап айтқанда — тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, дыбыстардың өзгеру құбылысы, үндестік заң, сөздің буын құрылысы және акцентуация саласы) жөнінде зерттеу жүргізіп, олар туралы белгілі шешімге келеді.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Ж.Аралбаевтың ғылыми еңбектерге шолу

2.Ж.Аралбаевтың фонетикаға қосқан үлесі

Әдебиеттер:

1.Аханов К. Tiл білімінің негіздері.А., 1969,1993,2002.

2.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992.

3.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. А., 1973.

4.Досмухамбетұлы X. Қазақ-қырғыз тіліндегі сингормонизм. 1924.

5.Дүйсебаев М. Қазақ әдеби тілі орфографиясының кейбір мәселелері. А., 1973

6.Дүйсебаев М. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі. А., 1981.
Тақырып №13. Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігімен жұмыс.

Мақсаты: Орфоэпиялық дағдылардың қажеттілігі тек сөйлеумен шектелмейді. Егер тыңдаушының дұрыс қалыптасқан фонетикалық дағдылары болмаса, онда ол тыңдағаны мен естігенін дұрыс түсіне алмайды. Оның себебі, адам басқа біреудің сөзін тыңдағанда, өз санасындағы дыбыс жүйесімен салыстыра отырып, сөз сөйлемнің мәнін, ойын таниды, түсінеді. Демек, фонетикалық дағдылар тек сөйлеу үшін ғана емес, басқаның сөзін тыңдап-түсіну үшін де үлкен рөл атқарады.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. жеке дыбыстарды сөзде, сөйлемде орфоэпиялық қалыпта дұрыс айту;

2. сөздердің, сөз тіркестердің дауыс екпінін дұрыс кою;

3. сөйлемдерді дауыс ырғағын, мәнеріне келтіріп дұрыс айту;

4.мәтін түрлерін функциональдык стиль түрлеріне, жанрға байланысты мәнерлер айтып, оқи білу;



Әдістемелік нұсқаулық: Орфоэпиялық дағдылардың қатысымдық әрекетте алатын орнын, маңызын ескере отырып, тіл дамытуда оқушылардың санасында фонетикалық дағдыларды қалыптастыруға, одан әрі дамыту мен жетілдіруге белгілі талаптар қойылады. Олар:

а) Белгілі бір фонетикалық минимумды іріктеп алу талабы. Мектепте фонетиканы оқытуда оқушылар үндестік заңы арқылы дыбыстардың түбір мен қосымша, біріккен сөз аралығындағы сөздер үндесіп, өзгеріп айтылудағы орфоэпиялық норманы кейде сақтап айта бермейді. Олай болса, окушылардың тілін дамытуда орфоэпиялық сөздіктер беріп, белгілі мөлшерде фонетикалық дағдыларын қалыптастыру үшін оқытуда тіл дамыту үшін фонетикалық тілдік материалдар таңдалып оқытылуы бойынша жүргізіледі.

ә) Орфоэпиялық дағдыларды қалыптастыруға қойылатын келесі талап-сөздердің, сөз тіркестерінің дауыс екпінін дұрыс қоя білуге дағдыландыру. Барлық дыбыстарды дұрыс айтқанымен, сөздердің дауыс екпіні дұрыс қойылмаса, айтылған сөздің мәнін түсінуді қиындатады.

Дыбыстарды дұрыс айтып, жекелеген сөздердің екпінін дұрыс қоя білгенімен, сөйлемде фразалық екпін дұрыс қойылмаса немесе үзіліс (пауза) өз орнында жасалмаса, ондай сөзді, сөйлемді түсіну қиын болар еді. Мысалы: «Екі сиыр қора салып жатыр» деген сөйлемдегі үзіліс екі сөзінен кейін жасалмаса, сөйлемдегі ой күлкілі болар еді. Сондықтан сөйлемдегі синтагмаларға дұрыс бөліп, дауыс ырғағын келтіру ойды дұрыс түсінуге көп себебін тигізеді. Олай болса, дыбыстарды дұрыс айтқызып үйретумен катар, олардың сөйлеуіндегі дауыс екпінін орынды қоюын, сөйлемдегі синтагмаларға дұрыс бөле білуін, дауыс ырғағын орфоэпиялық қалыпта жетілдіру.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Орфоэпиялық дағдыларды қалыптастыруға қойылатын келесі талаптар.

2.Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі

3. Орфография мен орфоэпиянын ара катынасы

Әдебиеттер тізімі:

1. Рахметова С. Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ұстарту (для русских школ), Алматы: Рауан, 1997, -142 б.

2. Құрманова Н. Сөз тіркесін оқыту барысында оқушылардың логикалық ойлау мәдениетін қалыптастыру әдістері мен тәсілдері. –Алматы: 1998

3. Шонанұлы Т. Тіл дамыту // Жаңа мектеп, 1936, №1, 11-17-бет.

4. Ысқақов А. Ана тілін оқытудың міндеттері. Қазақ тілі мұғалімдерінің іс-тәжірибесінен. Алматы: Мектеп, 1972, -148 б.

5. Бегалиев Ғ. Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері. –Алматы: 1950

6. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер, Алматы: Ғылым, 1966, -360 б.

7. Жұмабаев М. Педагогика, “Жұлдыз”, 1992, №4

8. Тәжібайұлы Т. Бастауыш мектеп оқушысының ауызекі сөзі мен жазба сөзінің салыстырмалы анализі, “Халық мұғалімі”, 1939, №8, 18-б.

Тақырып №14. Пунктуация ережелері
Тақырып № 15. Фонетикалық талдау. (Транскрипция жасау)

Мақсаты: Қазақ тілінің дыбыстық құрамына, әр дыбыстың жасалу жолына, жасалу тәсіліне, үннің және салдырдың ішкі сапасына талдау жасау

табиғатын дұрыс меңгерту.



Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Қазақ тілінің дыбыстық құрамы

2.Әр дыбыстың жасалу жолына, жасалу тәсіліне, үннің және салдырдың ішкі сапасына талдау жасау.

3.Әр дыбысқа қажетті толық мінездеме беру, олардың табиғатын дұрыс меңгерту.

Қазақ тілінің дыбыстық құрамына, әр дыбыстың жасалу жолына, жасалу тәсіліне, үннің және салдырдың ішкі сапасына талдау жасау. Әр дыбысқа қажетті толық мінездеме беру, олардың табиғатын дұрыс меңгерту.

Әдістемелік нұсқаулық: Тілдің барлығында да тіл дыбыстарды екі топқа бөледі.Дауыстылар мен дауыссыздар.Негізгі ортақ белгісі олардың буын құрау қызметі. Дыбыстарды дауыстылар мен дауыссыздар деп топтастырғанда олардың акустикалық жақтары мен физиалогиалық жақтары да еске алынады.Акустикалық тұрғыдан қарағанда дауыстылар мен дауыссыздарды бір-бірінен ажырату музыкальді үн (тон)және салдырға негізделеді.Дауыстыларда үн басым болады.Дауыссыздарда салдыр басым .Осыған орай ұяң немесе санор дыбыстарды дауыстылардың немесе дауыссыздардың қатарына тікелей теліп қою өте қиын.Физиологиалық тұрғыдан алып қарағанда дауыстыларды айту үстінде шыққан ауа бірінші, кедергіге ұшырамай еркін шығады; екінші, дыбысталу мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары болады; үшінші, ауа баяу шығады (а,о,у). Ал, дауыссыздарды айтқанда фонациялық ауа бірінші, кедіргіге ұшырап, тосқауылмен айтылады; екінші, тосқауылдан өту кезінде дыбысталу мүшелеріне күш түселеді; үшінші, ауаның шығу қарқыны күштірек болады. Дыбыстардың классификациялық 2 түрі бар. Оның 1-физиологиялық классификация; 2-акустикалық классификация. Физиологиялық классификация акустикалық классификацияға қарағанда әлдеқайда қолайлы. Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі үш түрінің қатысымы мен қалпына қарап, атап айтқанда 1- тілдің қалпына; 2- еріннің қалпына; 3- жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады.Тілдің артқы таңдайға қарай жиырылып, бүктеліңкіреп айтылуынан жуан дауыстылар жасалады (а,о,ұ,ы т.б.), ал тілдің таңдайдың алдыңғы жағына жақындап айтылуынан жіңішке дауыстылар жасалады (ә,е,й,і,ү т.б.).Еріннің қатысуына қарай еріндік және езулік болып бөлінеді (о,ө,ұ,ү,у - еріндік).Жақтың ашылу қалпына қарай дауыстылар ашық және қысаң болып бөлінеді.Қысаң (ұ,ү,ы,і).Тілде келте, қысқа, созылыңқы дауыстылар да болады.

Әдебиеттер:


  1. Жүнісбеков Ә. Проблемы тюркской словесной просодии и сингормонизм казахского слова. А., Дисс. д. ф. и. 1988, 329 б.

  2. Кеңесбаев I., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика). А., 1962, 1993.

  3. Қазак тілінің орфографиялық сөздігі. А., 1963,1978, 1982 ж.ж.

  4. Қалиев Б. Қазақ тілінің дауысты дыбыстардың редукциясы

(эксперименталды фонетикалық зерттеу). А., 1984.

  1. Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. А., 1986,1986,1993.

  2. Ниеталиев К. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі. А., 1977.

  3. Оралбаева Н.О. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. А.,1968.

  4. Радлов В.В. Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы. 1982.

  5. Райымбекова М. Дауыссыз фонемалардың тіркесуі // Білім және еңбек. А., 1967, №2,28.

Тексеруге арналған тапсырмалар

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары



  1. Тіл дыбыстарының жасалуы.

  2. Тіл дыбыстарын жасаудағы қозғалтқыш күш, оның ырғағы, ауаның жолы, қарқыны, күші, созылыңқылығы.

  3. Фонеманың өзіндік қасиеті, фонеманың түрлері (аллофондары), аллофондардың вариант, вариациялық ерекшеліктері.

  4. Әріп, алфавит.

  5. Әріптің нақтылы фонемаларды таңбалау кезінде негізделетін принциптері

  6. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары.

  7. Дыбыс жасауға қатысатын сөйлеу мүшелері, олардың актив, пассив түрлері және атқаратын қызметтері.

  8. Дауысты дыбыстар.

  9. Дауысты фонемалардың құрамы.

  10. Дауысты дыбыстардың жасалуы.

  11. Дауыссыз дыбыстар.

  12. Дауыссыз фонемалардың құрамы.

  13. Дауыссыз дыбыстардың жасалуы. дауыссыздардың әр түрлі тұрғыда топтастырылуы.

  14. Буын (силлабизм). Оның дауысты дыбыстың буын ішінде алып тұрған орнына қарай бөлінетін және буын құрайтын дауыстының акустикасына қарай бөлінуі

  15. Дауыс ырғағы (интонация) және кідіріс (пауза) туралы жалпы түсінік

  16. Екпін (акцентуация). Оның басты түрлері: ой екпіні және инверсия, көңіл-күй екпіні, сөз екпіні және олардың бір-бірінен айырмашылығы

  17. Дыбыстардың өзгерісі.

  18. дыбыс өзгерісінің басты түрлері: игерулі, шектік, игерусіз

  19. Шектік (позициялық) өзгерістер, олардың игерулы өзгерістреден айырмасы.

  20. Игерусіз өзгерістер.

  21. Игерусіз өзгерістердің дыбыстрадың өзіндік ерекшеліктері (олардың игерулі өзгерістерден айырмасы, тарихи дәстүрмен байланысы.

  22. Графика және орфография.

  23. Қазіргі кездегі қазақ орфографиясының негізгі (морфологиялық, фонетикалық, тарихи, дәстүрлі) принциптері

  24. Орфоэпия. Орфоэпия тураолы қысқаша мәлімет.

  25. Орфоэпия мен орфография мәселелерінің ара қатысы.


«Қазақ тілінің фонетикасы» пәні бойынша тест тапсырмалары:

І – нұсқа

1. Жуан дауысты дыбыстардың тобын анықтаңыз:

A) а, о, ы, ұ

B) ә, ө, ү, і

C) а, ұ, ө, е

D) б, в, г, д, ғ, ж, з

E) м, н, ң, р, й, у, л

2. Тек салдырдан тұратын қандай дыбыстар?

A) дауысты

B) қатаң


C) үнді

D) ұяң


E) діріл

3. Қысаң дауысты дыбыстардың тобын анықтаңыз

A) а, ә, о, ө, е

B) ү, ұ, ы, і, и, у

C) ү, ұ, е, ы, і, ә

D) м, н, ң, р, л, й, у

E) к, қ, п, с, т, ч, ц, ф, х, ш, щ

4. Езулік дауысты дыбыстардан тұратын сөзді табыңыз

A) қабыл

B) нөсер


C) тау гүл

D) өнер

E) дұрыс жауабы жоқ

5. Орыс тілінен енген дауыссыздарды белгілеңіз

A) ю, я, в, ф, х

B) в, ф, х, ц, ч

C) в, ф, х, ц, ч, й, д

D) ю, е, я, ь, ъ, э

E) дұрыс жауабы жоқ

6. Үнді дауыссыздарды көрсетіңіз

A) м, н, ң, п, р, л

B) б, в, г, ғ, д, ж, з

C) м, н, ң, р, л, й, у

D) к, қ, п, с, т, ч, ц, ш, щ, х, һ, ф,

E) а, ә, ы, і, ұ, ү, о, ө, е

7. Ашық буынды сөзді табыңыз:

A) қайың

B) Терезе

C) ақпан

D) буын


E) ақыл

8. Тұйық буынды сөзді табыңыз

A) ант

B) қант


C) ұзақ

D) талап


E) еңбек

9. Екпін түспейтін қосымшасы бар сөзді анықтаңыз:

A) бармаймын

B) бармақ

C) барсам

D) барды


E) барған

10. Ілгерінді ықпалға бағынған сөзді анықтаңыз:

A) тас жол

B) көк бауыр

C) көк ала

D) жазса


E) колхозшы

11. Кейінді ықпалға бағынған сөз қайсы?

A) көзсіз

B) Есжан


C) Кеңесбек

D) кім келді

E) дұрыс жауабы жоқ

12. Ерін үндестігінде тұрған сөзді табыңыз:

A) құлан

B) құмар


C) құлын

D) қалампыр

E) дұрыс жауабы жоқ

13. Тіл үндестігіне бағынбайтын сөзді белгілеңіз

A) әкемдікі

B) менікі

C) ағамдікі

D) Қазақстан

E) данышпан

14. Кейінгі ықпалға бағынған сөз қайсы?

A) қос жан

B) әкел


C) бес бет

D) көшсе


E) даналық

15. Кейінді ықпалға бағынған сөзді белгілеңіз

A) жанға

B) Есжан


C) ес жоқ

D) жанашыр

E) көре кел

16. Ілгерінді ықпалға бағынған сөзді көрсетіңіз

A) көзсіз

B) жүз шақты

C) жас гүл

D) Досжан

E) адамгершілік

17. Тіл үндестігіне бағынбайтын сөзді белгілеңіз

A) мейірбан

B) құтқару

C) құсағаш

D) дәптермен

E) дұрыс жауабы жоқ

18. Ерін үндестікті сөзді табыңыз

A) басшы

B) өнер


C) ай қабақ

D) парасат

E) келешек

19. Дефис мынадай жерлерде қойылады:

A) қосалқы мүшелі күрделі атаулар

B) күрделі сан есімдер

C) біріккен сөздер

D) оңашаланған айқындауыш

E) дұрыс жауабы жоқ

20. Бас әріптің қолданылуы

A) ру аттары

B) халық, ұлт, тайпа аттары

C) кісі аттары

D) жалпы есімдер

E) дұрыс жауабы жоқ

21. Дефис арқылы жазылатын демеулік шылаулар

A) сұраулық демеуліктер

B) күшейткіш демеуліктер

C) болымсыздық демеуліктер

D) жалғаулықтар

E) септеуліктер

22. Дефис мынадай жерлерде қойылады:

A) қос сөздер

B) біріккен сөздер

C) туынды сөздер

D) кіріккен сөздер

E) күрделі сөздер

23. Орфография бойынша жазылған сөз

A) ухиледі

B) ухіледі

C) уһледі

D) ухыледі

E) уһіледі

24. Орфография бойынша жазылған сөз

A) ахию

B) ақиу


C) ақіиу

D) ақыйу


E) ақию

25. Орфоэпия бойынша жазылған сөз

A) көзбе гөз

B) көзбө гөз

C) кезбө гөз

D) көзбе гез

E) көзбе көз

26. Жіңішке дауысты дыбыстар тобын атаңыз:

A) а,о,ы,ұ

B) ә,ө,ұ,а,е

C) ә,ө,ү,і,е

D) м,н,ң,р,л,й,у

E) ю,я,э,е

27. Дауысты дыбыстардың дұрыс жіктелуін көрсетіңіз

A) жуан-жіңішке; ашық-қысаң; еріндік-езулік

B) қатаң, үнді, ұяң

C) жуан-жіңішке, қатаң

D) ызың-шұғыл-діріл

E) дұрыс жауабы жоқ

28. Ашық дауысты дыбыстардың тобын анықтаңыз

A) о, ө, ұ, ү, у

B) а, ә, ы, і, е, и

C) а, ә, о, ө, е

D) б, в, г, ғ, д, ж, з

E) а-ә, о-ө, ұ-ү, ы-і, е

29. Трифтонг дауысты дыбыс (байырғы сөздердің құрамындA) қайсы?

A) ю

B) я


C) у

D) э


E) е

30. Шұғыл дауыссыз дыбыстарды анықтаңыз

A) п, б, т, д, қ, ғ, х, п

B) п, б, м, н, ң, ч

C) ц, ч, л, й, у

D) а, ә, і, ы, ұ, ү, е, о, ө

E) р,һ

31. Діріл дауыссыз дыбыс қайсысы?



A) р

B) п


C) й

D) ю


E) һ

32. Үн мен салдырдың қатысынан жасалатын дыбыстар қайсы?

A) дауысты дыбыс

B) үнді мен ұяң

C) қатаң мен ұяң

D) дауысты мен үнді

E) шұғыл дауыссыздар

33. Тұйық буынды сөзді анықтаңыз:

A) ер

B) ерлік


C) ерме

D) серіктестік

E) ақылгөй

34. Аралас буынды сөзді табыңыз

A) өндіру

B) өнеге


C) паңдық

D) шағала

E) Сейсенбек

35. Қай жалғауға екпін түспейді

A) жіктік жалғау

B) тәуелдік жалғау

C) септік жалғау

D) көптік жалғау

E) сөз тудырушы жұрнақ

36. Екпіннің қандай түрлері бар?

A) сөз екпіні

B) логикалық екпін

C) фразалық екпін

D) жоғарыда аталған түрлер

E) дұрыс жауабы жоқ

37. Тіл үндестігіне қатысты сөзді белгілеңіз

A) әсемпаз

B) саудагер

C) өзгерген

D) тілмаш

E) арбакеш

38. Ерін үндестігіне бағынбай тұрған сөзді табыңыз

A) орындық

B) ораққа

C) осыны

D) ұғымтал

E) көзбе-көз

39. Тіл үндестігіне бағынбайтын сөзді белгілеңіз

A) қарыздар

B) парақор

C) жәдігөй

D) ділмар

E) асхана

40. Ерін үндестікті сөзді табыңыз

A) отарқа

B) орамал

C) мұрындық

D) мазмұндама

E) дұрыс жауабы жоқ

41. Ілгерінді ықпал түрі қатысқан сөз қайсы?

A) ала қап

B) көк ала

C) Жанпейіс

D) әкел


E) сен келдің

42. Кейінді ықпал түрі қатысқан сөз қайсы?

A) қой қора

B) қара ала

C) таусыз

D) кім келді

E) дұрыс жауабы жоқ

43. Ілгерінді ықпал түрі қатысқан сөз қайсы?

A) бүгінгі

B) шешсін

C) жонғыш

D) апар


E) жүз сом

44. Қай сөзге қосымша жіңішке түрде жалғанады

A) факт

B) клуб


C) кітап

D) дәріхана

E) дұрыс жауабы жоқ

45. Қай қосымша сөзге бұрыс жазылған

A) фестивалі

B) фестивальдан

C) лагерьға

D) банкі


E) дұрыс жауабы жоқ

46. Дұрыс жазылған сөзді табыңыз

A) сепкіл

B) қапқан

C) өрекпі

D) түлкү


E) дұрыс жауабы жоқ

47. Мынадай шылаулар дефиссіз жазылады /-/:

A) -мыс/-міс

B) -ды/-ді,-ты/-ті

C) -ма/-ме,-қой/-ғой

D) –ақ, -ау

E) қос сөздер

48. Аферезистік құбылыс дегеніміз не?

A) сөздің алдынан бір дыбыстың қосылуы

B) қатар келген дауыстының алдыңғысының түсіп қалуы

C) қатар келген дауыстының кейінгісінің түсіп қалуы

D) сөздің соңынан бір дыбыстың қосылуы

E) екі дауыссыздың арасынан дауысты дыбыстың қосылуы

49. Дыбыстың сөздің соңынан қосылуы

A) эпентеза

B) протеза

C) эпитеза

D) элизия

E) редукция

50. Гаплология құбылысы бойынша жазылған сөз қайсы?

A) қарал

B) балдар



C) ылаж

D) қапқан



E) секпіл
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет