Бақылау сұрақтары.
Грамматиканың қандай салалары, түрлері бар?
Грамматикалық единицаларға нелер енеді?
Негізгі әдебиеттер:
Қазақ грамматикасы. – Астана. 2002ж.
Қордабаев Т. Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму жолдары.- А. 1995ж.
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология, -А. 1991ж.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, - 1992ж.
Дәріс 3.
Тақырыбы: Сөздің морфологиялық құрылымы.
Дәрістің мақсаты: Сөздің морфологиялық құрылымы туры түсініктерін қалыптастыру. Сөздердің морфемаларға мүшелену мүмкіндігі жайлы, сөздердің морфологиялық құрылымының өзгеруі жайлы түсіндіру.
Жоспары
Сөздердің морфологиялық құрылымы.
Морфема
Сөздердің морфологиялық құрылымы туралы
1.Сөздің морфологиялық құрылымы туралы мəселе грамматиканың маңызды мəселелерінен есептеледі. Əр түрлі тілдердегі сөздердің морфологиялық құрылымдық элементтердің (морфемалардың) табиғатын, қызметі мен өз ара байланысу жəне тіркесу сипатын зерттеп байланысу жəне тіркесу сипатын зерттеп шешу тілдердің морфологиялық құрылымын, құрылымдық элементтердің (морфемалардың) табиғатын, қызметі мен өзара
байланысу жəне тіркесу сипатын зерттеп шешу тілдердің морфологиялық типтерін айқындау үшін жəне олардың грамматикаларын дұрыс негізде жасау үшін де өте-мөте қажет. Сөздің морфологиялық құрылымына тікелей қатысы бар негізгі морфологиялық ұғымдарды айқындау керек. Бұл ұғымдардың мазмұнына морфема-түбір морфема жəне аффикстік морфема деп аталатын түрлер жайындағы ұғымдар енеді.
2.Морфема дегеніміз тілдің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық единицасы. Сөз құрамындағы морфемалардың əрқайсысының өзіне тəн мағынасы болады. Мысалы, көлшікке деген сөздің құрамындағы үш морфеманың біріншісі (көл) заттық мағынаны білдереді, екіншісі (шік) кішірейткіш мағынаны, соңғысы (-ке) бағыт мағынасын білдіреді.
Құрамына қарай морфемалар үшке бөлінеді: түбір морфема, негіз морфема, аффикстік морфема. Аффикстік морфемалардың түрлері: префикс, постфикстер, инфикс, интерфикс, трансфикс, конфикс.
Сөздің морфологиялық құрылымы туралы мәселе грамматиканың өте-мөте маңызды мәселелерінің бірі болып саналады.Сөздің морфологиялық құрылымына дұрыс талдау жасау үшін, ең алдымен сөздің құрылымына тікелей қатысы бар негізгі морфологиялық ұғымдарды алдын ала айқындап алу өте-мөте қажет. Ондай негізгі морфологиялық ұғымдардың мазмұнына морфема туралы ұғым мен оның түбір морфема (немесе негізгі морфема) және аффикстік морфема (немесе көмекші морфем) деп аталатын түрлері жайындағы ұғымдар енеді.
Достарыңызбен бөлісу: |